Еткенім сауда кәсіп бала қамы.
Жасарал Қырымдағы падишамыз,
Ей, мырза, мен де ноғай, біз сол жағы.
«Қарасай қалмақ халыққа аттанады» деп,
Теп-тегіс барды елге шын хабары.
«Сүмбіле ортасында жүреміз» деп,
Ерлердің сол болып жүр ынтазары.
Қырымның қырық батыры әскер жинап,
Ат баптап жатыр еді жұрттың бәрі.
Олардың сүрігіне он бес күн бар,
Бастығы Жасарал мен Әділханы.
Сүріктен үш күн бұрын саған келеді,
Сенгені Едігенің аруағы.
«Қарасай бізге қарап даяр тұр» деп,
Кеміс деп ойында жоқ ат, бұл жағы.
Ат өліп жаяу жүрсің, інім, әлі,
Деуші еді «тұлпар ат та—ердің бағы».
Бар еді жері шалғай, бір тұлпар ат,
Не пайда айтқанменен аттың бары?!
Қазанның ер шора бар қаласында,
Мен шықтым он бес күннің шамасында.
Ақшұбар, алтын құйрық азбарында
Қарагер «Жа» таңбалы және сонда.
Бермейді барғанменен шора саған,
Ат көптік қылмайды оған расында.
Бір тұлпар сен мінерлік біреуде бар,
Қазанның ішінде емес, даласында,
Ер жігіт өзі жеке, жоқ-жұқа адам—
Сұркөк бар сиыр аяқ—лашында.
Ешкімге ойласпайды бере қойса,
Ауылы Тереңөткел жағасында.
Аталас ағайыны Ілияс дейді,
4560
4570
4580
256
256
257
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Үйі бар сол кісінің қорасында.
Бір берсе сол береді саған атын,
Ойласа сол Ілияс ағасына.
Бос қайтпас атты ала алмай, арнап барып,
Дұшпанның қаласың-ау табасына?!
Өзің біл есіткенім көргенім сол,
Қалауын енді өзің қыласың да.
Мен өзім қырымдағы Сапар деген,
Саудакерім, керуен басы,—деді сонда.
Сапар саудагер лашынның сиыр аяқ Сұркөгін айтып: «Жо-
март жоқтан шығар» деген. Берсе атын сол берер» деді.
Қарасай шалға рахмет айтты да, жаман атымен төбенің ба-
сына шауып шықты. Жан-жағына қарап тұрып: «Жәнікенің
атын тартып мінсем не қылады?» деп, атының басын бұрып, бір
сәт ойланып тұрады. Артынан бұл ойынан өзі ыңғайсызданып,
аулына қарай жол тартты. «уақыт оздыра бергенше, ойласай-
ын» деп үйіне келді. Атын байлап тастап үйіне кірсе, шешесі оң
жақ қапталда ұйықтап жатыр екен. Бала қамығып, қарт әжесі
Қараүлекке қарап толғап кетті:
—Жатырмысың ұйықтап,
Басыңды көтер, ей, анам?!
Өліп қалып Қызыл ат,
Көкіректе бар көп жарам.
Астыма мінер атым жоқ,
Жаяу қайда сандалам?!
Берсем атқа жетпейді
Қолымдағы бар қарам.
Тумай тұрып туғаным
Әкемменен жау болған.
Бұл жерде жоқ туғаным,
Кәнеки, ана ақыл айт,
Атты қайдан мен алам?!
Астымда атым жоқ болды
Жауға мініп баратын.
Атсыз болса ер жігіт,
Қырқылғаны қанатың.
Бүгін барып сұрадым
17-310
4590
4600
4610
258
БАТыРлАР ЖыРы
258
259
Жәніке бидің Қара атын.
Бермек түгіл ол маған,
Кеуліме салды санатын.
Нағылайын қайғырып,
Бұл да Алланың ісі да—
Ол тағдырда болатын.
Пенденің бар ма лажы
Құдайға амал қылатын?!
Туысқан-туған жау болып,
Азарды көрген жұрағатың.
Көпті көрген көнесің,
Атадан қалған дос бар ма
Жасырмай мұңым шағатын?!
Немесе кеулі бос бар ма,
Ақылың болса айт, ана,
Мен атын сұрап алатын?!
Есітіп келдім бір атты,
Жоқ еді бұрын хабарым.
Жолы қашық болған соң,
Болып тұр қиын барарым.
Барғанменен неғайбыл
Және де оны аларым.
Тәуекел қылып кетем бе,
Пайғамбар да білген жоқ
Алдында ненің боларын.
Болар еді абырой
Алып қайтсам сол атты,
Итере қойып Құдайым.
Атым өліп астымда,
Ойыма түсті уайым.
Көрсетті азар Жәніке,
Жау екен жаман ағайын.
Ақылың болса айт, ана,
Атқа не амал ойлайын?!
Жазылған іске амал жоқ
лауһідегі ғаламға.
Атым өліп, күн түсті
Өзімнен төмен адамға.
шыға алмадым жарыққа,
4620
4630
4640
4650
258
258
259
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Жолығып қара тұманға.
Ат таба алмай, ей, ана-ай,
Бұл сапардан қалам ба?
Қала қойсам талаптан,
Тумаған артық мұнан да.
Жәнікенің азары
Батып тұр ғой маған да.
Жолы қашық бір ат бар,
Соған, анам, барам ба?!
Жабықтырды жарлылық
Маған болып сыбаға.
Қалай барып келемін
Ит арқасы қиянға?!
Ат таппай, жаяу қалғанша,
Кетемін бе қаңғырып,
Сылтауменен далаға!
Ішіңнен шыққан шерліге
Ақылыңды айт, аяма!
Кәнеки, ана, не дейсің,
Тарыққан мына балаңа?
Мұны айтқанда Қарасай,
Көтерді басын анасы.
Түрегеліп сөйледі,
Азаматтар, тыңдаңдар,
Айтқаны сонда, міне, осы:
—Өліп қалса Қызыл ат,
Садақасы басыңның!
Өлсе жалы кесілсін,
Ешнәрсесі кеткен жоқ
Саған берген досыңның.
Мінесің тағы ат тауып,
Болғаны осы деме, сен,
Елдегі жалғыз асылдың.
Ат өлді деп мұңайма,
Өсіріп кеулін қасыңның!
Жақсылық пен жамандық—
Екеуін талай көресің,
Балам, ұзағын тіле жасыңның!
Болмады ма өзіңе
4660
4670
4680
4690
260
БАТыРлАР ЖыРы
260
261
Ағайынның қоғамы?
Жәніке атын бермесе,
Жаман тұқым ол дағы.
Қысылса күнге жарайды,
Атасы текті жүдәлі.
ықпалың кетсе жөнделіп,
Өзі әкеледі ол әлі.
Саулығын тіле басыңның,
Жеткереді Құдайым,
Ердің болса шыдамы.
Атаңнан жүрсің кем туып,
Сыналған жоқсың сен әлі.
Туымды болсаң көрерсің,
Айтайын саған шаманы.
Атты іздеп табатын—
Ерлердің ісі қашанғы.
Әкең тауып әкелген
Жаяу іздеп Құланы.
Теңізден шығып тап болған
Ер шораның шұбары.
Тіл жалмаған Күреңді
Мүсеке сұратпай беріп Ағысқа,
Тарқаған ердің құмары!
Батыр болсаң жолдасың
Өзіңмен бірге туады.
Ат таппадым деп қайғырма,
Әзелде жақсы жаратса,
Жеткермей қоймас Құдайы!
Жасымай жүріп талап қыл,
Тастамай жүріп Құдайды.
Жамандығың—жасыған,
Тарығасың сен неге?!
Атаң өткен дуалы.
Тәуекел қылсаң бел байлап,
Келмей ме істің орайы.
Жүре бер есіткен атыңа,
Кідіріп енді тоқтама!
«Жүргенге жөргем ілінеді»,
Не іздеп келеді жатқанға!
4700
4710
4720
4730
260
260
261
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Көк бөрідей түн қатып,
Не жолықпайды жорытқанға?!
уәдең қалса таялып,
Түнде жатып ұйықтама!
Қалып жүрме жолыңнан,
«Бермейді» деп біреу айтқанға.
Сөйлесең сөзді ашып айт,
Ішіңде пікір сақтама!
Базынаңды баса түс,
Өтіліңді айтқанда!
Жауабыңа жауап айт,
Бермес деп ат ықтама!
Артық болсаң береді,
Не береді қорыққанға?!
Тілімді алсаң жылдам жүр,
ұқсама бүйтіп ақымаққа!
Анасы мұны айтқан соң,
Баланың кетті кеулі өсіп.
Түрегелді орнынан
Анасына сөйлесіп.
Белдеудегі жабының
шылбырын алды бұл шешіп.
Еш адамға жөн айтпай,
Керуенге тартты із кесіп.
«Ат жүрмеген жер еді,
Кетейін,—деп,—ілесіп».
шаптап тартты жабыны,
Кетер деп ері мойнына.
Анасының айтқаны
Қуат болып бойына.
«Жүрмеген жерде қалсын» деп,
Тұлпардың шықты жолына.
Қамшыменен аямай
Сабап келеді сауырына.
Керуенге келді Қарасай,
Жатыр еді жүгін қоя алмай.
Қалайда болса бармаққа
Тұлпардың шықты жолына-ай.
Көп адамның ішінде
4740
4750
4760
4770
262
БАТыРлАР ЖыРы
262
263
Сапардың келді қасына,
Басқаларға бұрылмай.
Келді де шалдың жанына,
Сөз айтты оған мынадай:
—Сіз сілтеген Сұркөкке
Талап қылдым жүрмекке.
Сіздерден озып кетуге
Жарамайды жаман ат,
Бұға жатқан күндікке.
Жүремін деп ойладым
Сіздермен бірге дүрмекте.
Сәуір алып жүре гөр,
Сапар аға, саудагер.
Түнделетіп жүк қойсаң,
Қысқармай ма ұзақ жер?!
уәдеге қалды он бес күн,
Тезірек жеткер, міндеткер!
«Жүр» деп айтсаң, ей, аға,
Көпке сөзің жел берер.
Себепсізден атты алсам,
Тарқар еді, аға, ішкі шер!
Сапар сонда айтады:
—Бәрекелді, оң болсын,
Қарасай батыр, талабың!
Жарлылығы болмаса,
Ондай туған енді жоқ
Баратұғын адамың.
Атты берсе егерде,
Ашылады таланың.
Жолы тастақ, барғанша
Түйенің қоймайды табанын.
шөккені жолда қалады да,
Құдай біледі, шырағым,
Тап он күнінде апарамын!
Керуенге ілесіп, аты жүрмей түйеге мінгесіп, он күн де-
генде Тереңөткелдегі Ілиястың қорасына жетті. Керуен түнде
лашынның үйінің тұсына келіп, оны сілтеп, өздері жөндеріне
кетті. Түнде Қарасай лашынның үйіне қонды. Ол мұның
4780
4790
4800
262
262
263
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Қарасай екенін білді. Бірақ жұмысын сұраған жоқ. Өзі аңшы
екен. Түнде аңның етін асқызыпты. Бұйымын сұрамаған соң,
«ертеңгісін айтармын» деп Қарасай ұйықтап қалды.
лашынның тірлігі аң аулап күнін көру болатын. Күнде
осы кәсібінен бір айныған емес. Аңның жеткенін ұрып, жет-
кізбегенін атып алады. Өзінде аттан бөтен малы да жоқ. Оның
үстіне жеке жігіт алып келген аңын қазанға салып бір шағын
ауылды асырап отырған жайы бар. Бәрінің қарап отырғаны
осы жалғыз ат.
Аң аулайтын адамның ерте кететін әдеті. Таң білінгенен ла-
шын орнынан тұрып, атын ерттеп болып, кетейін деп тұрды да,
ойланып қалды. «Үйдегі қонағым бір дуалы елдің тұқымы еді.
Бұның бұйымын сұрайын, қош айтысайын» деп, атты жете-
леп келіп есіктен сығалап қараса, Қарасай көзін уқалай жүріп,
асығыс киініп жатыр екен.
лашын оң тізесін басып, есігін иығына жамылып, қамшысын
таянып отырып, Қарасайдың бұйымын сұрады:
—Дастарқаннан дәм таттың
Мейман болып, асылзат.
Тамағың болса үйіңде,
Мейманға берсең кеулің шат.
Аң аулаған—кәсібім,
Даярладым ерлеп ат.
Жайшылық болса жұмысың,
Қызық көріп барып қайт.
Асығыс болса, жол болсын,
Ендеше, мырза жөніңді айт!
Қарасай сонда айтады:
—Әуелі Алла жаратты
Құдіретіменен жер-көкті.
Құрастырып бар-жоқтан,
Үстіне бізді халық етті.
Бұл дүнияға келген жан
Туады бәрі бейнетке.
Жетім қалып жасымнан,
Талай көрдім қияметті.
Қараңғы тұман арылып,
Ашылып жаңа желдетті.
4810
4820
264
БАТыРлАР ЖыРы
264
265
Жетім қалған бұл інің,
Толығып жаңа ержетті.
Өзімнің байтақ елімнен
Таба алмадым ермекті.
Мен бұзайын деп едім
Темір қақпалы Дербентті.
Мінетұғын ат таппай,
Дұшпанға намыс, ар кетті.
Өліп қалып Қызыл ат,
Қорлығы аттың және өтті.
Сыртынан естіп хабарын,
Сұрай келдім, жан-аға-ау,
Сиыр аяқ Сұркөкті.
Не қылсаң өзің білесің,
Алыстан еттім еңбекті.
лашын сонда айтады:
—Бәрекелді, Қарасай,
Алыстан арнап келгенің,
Келгенменен қайтпайды
Бірақ менен еңбегің.
Алдымда өскен аға жоқ,
Ізімде ерген іні жоқ,
Мініп тұрған серігім,
Мал еткенім жалғыз ат—
Астымдағы Сұркөгім.
Не қылғаның ат сұрап,
Өзіңнен төмен көргенің?!
Артығы жоқ деп мен жүрмін
Жаратқан Құдай пенденің.
Атымды беріп астымда,
Атсыз жаяу қалғандай
Ешкімге жоқ қой бермегім!
Бұл сөзді айтып лашын,
Мырзаға атын бермеді.
Төмен қарап Қарасай,
Жер шұқылып терледі.
Ойына келді сол шақта
Анасының сөздері.
«Базынаңды басып айт,
4830
4840
4850
4860
264
264
265
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Айтсаң сөзді ашық айт!»
Анасы солай деп еді.
Айтып отыр лашын
«Көрмеймін,—деп,—артық пендені»,
Пенденің қылған істері
Есіне түсіп мырзаның,
Және екінші сөйледі:
—Жазылған болмай қалмайды,
Әзелде кетсе қаламға.
Сапарлансам қос артпан
Қамшылайтын шабанға!
Бай да болса қол артпан
Қайыры жоқ сараңға!
Үлгілеп шешен сөз айтпас
Түсінбейтін наданға!
Беретұғын малы жоқ
Қарызы үшін жарлының
Жалданған Әли малайға.
Тіл жалмаған Күреңді
Мүсеке беріп Ағысқа,
Жайылды даңқы талайға!
Қипатшаның Қызыл ат
Қырық нарға әперді,
Сұлтанай сұрап маған да.
Осындай артық ісімен
Үлгіріп кетті олар да.
Осы айтқаным, лашын,
Бәрі өзіңдей адам ба?!
Малың болса жалғыз ат,
Жеткерер Құдай саған да!
Артықпын дейсің пендеден,
Артық болсаң, атты бер
Мендей тарығып келген адамға!
Жарлылығы болмаса,
лашын артық пенде еді.
Қарасайға дәлел қайырып,
Кідірмеді, сөйледі.
Тыңдап отыр ағалар,
Жасы кіші балалар.
4870
4880
4890
4900
266
БАТыРлАР ЖыРы
266
267
Сонда аңшы лашынның
Азырақ жауап бергені:
—Ер Әлиді теңгерме,
Ол—Құдайдың шерісі,
Адамзаттың ірісі!
Құдайдың досы пайғамбар—
Төрт шариярдың бірісі.
Ақырзаман бұл уақыт,
Бұл күндегі адаммен
Теңгеруге болмайды,
Олардың ірі жұмысы!
Әй, Қарасай, сен дағы
Олайынша сөйлеме,
Әлиді жанға теңгеріп.
Мүсекеге де жетпейді
Өлшесең адам кем келіп.
Санамадың ағаңды,
Қолындағы дәулеті
Сұлтанаймен тең болып.
Адам не ісі қылады,
Жүрмесе ықпал жөнделіп.
Жаяу ерсе аттыға,
Қара үзім жерге бармай-ақ,
Тұрып қалады сенделіп.
Ауылыңнан шығыпсың,
«Атты алам!» деп желденіп.
Келіп тұрсың сен маған
Атанның басын өңгеріп.
Атымды берсем астымда,
Қалады көкірек шерленіп.
Бермей қалсам осыдан,
Қайтасың елге сен өліп.
Бұза алмасаң қаланы,
Ала алмасаң алмадай
Күнқияштай баланы,
Өз обалың өзіңе
Жіберейін атты мен беріп!
Асығып тұрған батырға
«Бердім» деді атын да.
4910
4920
4930
4940
266
266
267
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Сөз шыққан соң аузынан,
Енді батыр отыра ма?!
шылбырын алып қолына,
Мініп алды Қарасай
лашынның атына.
«Қош!» деді де, «шүһ!» деді,
Сыдырып желіп шоқыды.
«Алла разы болсын, аға!» деп,
Айтып кеткен сөзі жоқ.
«Бердім» деген сөзіне
лашын қатты опынды.
Далаға шықты лашын,
Отыра алмай үйінде.
Берерін беріп қолынан,
Ісіне қылған күйінді.
Ат берді «асыл тұқым» деп,
Еткен ісі лайықты—
Тұқымға емес сиымды.
Кеуілі оның бұзылды
Ізінен қуып бармаққа,
Атын алып қалмаққа.
Біле алмады бірақ та,
Қайсысы дұрыс, тиімді.
«Нұқсан келер өзіме» деп,
Бір азғантай кідірді.
Не қыларын біле алмай,
Қозғалып жүрек тұра алмай,
«Ойласайын бұған» деп,
Ілиясқа жүгірді,
Тұр еді шығып далада-ай.
Бұл келгенде Ілияс
Көзі түсті лашынға,
Жылдам жүреді баладай.
Сәлем берді қуарып,
Келді дағы анадай.
Сәлемнен соң кідірмей,
Айтты сөзді мынадай:
—Сиыр аяқ Сұркөкті
Бағып едім құлыннан.
4950
4960
4970
4980
268
БАТыРлАР ЖыРы
268
269
Ойласпадым не пайда,
Ілияс абзал, бұрыннан?!
Құрықтадым құланды
Қазанның қарсы шыңынан.
Бөкенді ұрдым бөкседен,
Орғытып қашқан орнынан.
Алтайы соқтым бұрғызбай
Дунайдың шоқат құмынан.
Сол сықылды тұлпарды
Кем көрмеуші ем жанымнан.
Жанға өлгенше Сұркөкті
Біреуге бердім қолымнан.
Берерім және де
Ой түсіп тұр соңынан.
Бүгін түнде үйімде
Ер Орақтың баласы
Қарасай мырза ол қонған.
Ат таба алмай келіпті
Еділ менен Қырымнан.
Аттанғалы жүр екен
Темір қақпалы Дербентке
Қорғаны бар шойыннан.
уағдасы бітіпті
Еділ, Қырым ерлерінің
Баруға бірге жиылған,
Жұмысы сондай тығыздан.
Айырылыпты өліп қап,
Қипатша сатқан Қызылдан.
Балқып кетіп мен соған,
«Бердім» дедім атымды—
Сұркөкті түсі құбылған.
Кетер емес ойымнан.
«Жалғыз атын берді» деп,
Қазанның қалың ноғайы
Дер ме екен мені «жарымнан».
Ақылың болса айт, аға,
Не қыларын біле алмай,
Ініңнің жері тарылған.
«Бердім» деген бір жауап
4990
5000
5010
5020
268
268
269
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
шығып еді аузымнан.
Бермегенде атымды
Кім құтылады, ағеке-ау,
Халықтың сыртқы сынынан.
Абырой алып не табам
Атасы басқа рудан.
Ақылыңды жылдам айт,
«Ойласпадың бұрын» деп,
шығар, аға, ойыңнан.
Ақылсыз інің албырт қой,
Сіз білмейтін нәрсе жоқ
Менің ішкі сырымнан.
Не десең де қылайын,
Аусарлықпен бұл інің
Жалғыз аттан айрылған.
Ат деген адам қанаты,
Қанатынан қайрылған!
Ілияс сонда сөйледі,
лашын сөзін қайырып:
«Келген ерге ат үшін
Үйде отырмай қайғырып,
Несіне енді өкінеді
Қалғанына айырылып.
шынжыратай тұқымға
Берсе берді өз атын,
Ал десін қайтып нағылып.
Сырты түкті, іші боқ,
Бір биенің құлыны
Не керек сонша қайғы ғып?!
Баптамай шапса байраққа,
Қалатұғын майырылып.
Жеті атадан дуалы,
Аруақ қонған сыралы,
Ат бергені асылзат
Жүретін дұшпан айбынып.
Берсе берсін тұлпар ат,
Кеткен екен адамы
Беретұғын табылып».
Ақылы кәмбіл жан екен,
5030
5040
5050
5060
270
БАТыРлАР ЖыРы
270
271
Ақылын айтты ол күліп.
«Ал!» десе қуып кететін,
Оны да тұби біліп.
Білдірмеді ішінен
Бұл да атқа қайғырды,
Қалғанына айрылып.
лашынға сөз айтты
Кеулін былай жай қылып:
—Ер емес пе едің, лашын,
Айтқанынан қайтпайтын?!
Нар емес пе едің астау бас,
Бидасын үзіп тартпайтын?!
Ақсұңқар құстай сен едің
Қиғанына шалықтайтын.
Мұқалмайтын алмассың,
Тасқа шапса, тоқтайтын.
Қайратты туған інімсің
Кемістікке жабықпайтын.
Ежелден ерге рәсім—
Ел сөзінен қорықпайтын.
Ат бергенің Қарасай,
Іздесең ешкім таппайтын.
«Дос болам» деп өтініп,
Атыңды алып кетіпті,
Бұл халыққа мағұлым
Жақсыдан жақсы қорықпайтын.
Сенің атың тұлпар-ды,
Тұлпарға бәрі іңкәр-ді,
Жаман атты шаппайтын?!
Таппай келген дейсің бе,
Ат бергенің дуалы—
Арғы атасы Едіге,
Жау дегенде шалықтайтын.
Сиыр аяқ Сұркөкті
Сен емес жалғыз, шырағым,
Қазанның елі мақтайтын.
Жақсы болса әрқайда,
Жақсыға барып тоқтайтын.
Жақсымен қолы жетіседі,
5070
5080
5090
270
270
271
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Алтындай құйған сақтайтын.
Адамын тауып ат бердің,
Кеміс жері көрінбейді
Ойласа келсең, жоқтайтын.
Құдай тағы жеткерер,
Табылмайды көлік деме, сен.
Жастайыңнан келесің
Жарлылыққа көніп сен.
Атың тұлпар мал еді,
Жақсыға жастан жеріксің.
«Алам,—деме,—қайтадан»
Ол аттан да артық асылзат.
Бас кеуіліңді қайтадан
«Аламын!» деп желіксең.
Ойласа келсең сен маған,
Атыңды қума артынан.
Жанға өлшеген Сұркөктің
Иесін тауып беріпсің!
Ер опынар болар ма
Өзінің қылған ісіне,
Ер едің сөзге берік сен.
«Атсыз жаяу қалдым деп,
Ақылсыз аңқау болдым» деп,
Отырсың ба тексізге
Тұлрпарыңды беріп сен?!
Төмен қарап мұңайма,
Тірі болсаң көресің,
Жүре бер, інім, көніп сен!
Бұл сөзбенен лашын
Тоқтап қалды кідіріп.
Ендігі жерде айтайын
Қарасайдан білдіріп.
лашын берген Сұркөкке
Мініп алып Қарасай,
Келе жатыр елге жол жүріп.
Сол күні шапты күнімен,
Және жүрді түнімен,
шаршар емес жануар
шапса да он күн болдырып.
5100
5110
5120
5130
272
БАТыРлАР ЖыРы
272
273
Үстіне мініп алғанда,
Батырдың кетті жүрегі
Бұрынғыдан желденіп.
Қипатша сатқан Қызыл ат
Жіңішке еді инелік.
Ал мынаған мінгенде,
Тақымын кетті тым керіп.
шабысқа шабыс қосады,
Көрген емес бір бұзып.
Ертең сәске болғанда,
Аулына келді Қарасай,
Келе жатқанда күн қызып.
Саудагер Сапар атты білген екен,
лашын ат беретін ерден екен.
Мұны айтып, халық шуласып, келді дулап,
Жамандар «ат таппайды» деп күлген екен.
Еліне сәске уақытта келсе мырза,
Қырымның батырлары келген екен.
Аты өліп Қарасайдың қалғандығын
Елі айтып, келгеннен соң білген екен.
Еділдің байларына қонып-түсіп,
Бұл елде үш күн бұрын жүрген екен.
Тілектес Қарасайдың және жаны,
Күндейді артықтығын бар дұшпаны.
Ағайын бір жерде қас, бір жерде дос,
Құдайға артық амал жоқ қылғаны.
Қуратып «кеміссің» деп бермейтұғын
Ежелден келе жатқан елдің заңы.
«Жақсыны жат сыйлайды, жақын күндейді»,
«шет жерге артық болады ер қадірі».
шуласып Еділ бойы тегіс білді,
Естілді бір сағатта ер хабары.
Үйіне мырза келді дегеннен соң,
Қырымның ерлерінің келді бары.
Ерлердің әскері бар елден аулақ,
От кешкен аруақтысы мұнда қонақ.
Патшасы Жасаралдай бастығы бар,
Достарыңызбен бөлісу: |