«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет22/28
Дата06.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#11120
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28

Жетім қалып жасынан,

Аруақ орнап, бақ қонды,

Жаудың бұзып қамалын.

Сырттан келген жолаушы

Қараүлекке төренің

Айтып жатты хабарын.

Бір жүз он үш жасаған,

Жақ сүйегі босаған,

Ол Мұсаның әйелі

Аббастың көрген заманын.

Енді Телағыстан сөйлейін

Құлақ салып тыңдаңдар,

Азын-аулақ бұл жағын.

Телағыс  пен  Күніке  Орақтың  үйіне  түсіп,  жеңгесі  Қара-

үлектің қолынан алып тұрып, айтқан сөзі:

—Жатырмысың, Қараүлек,

Көпті көрген жан едің,

ұзақ өмір, жұратты.

Сіз келгенде жоқ едік,

Сонан кейін анамсыз

Екеумізді жаратты. 

Біз өсіп адам болғанша,

шайтан кіріп араға

Жан-жақа басты таратты.

ысмайылдай әнжінің

Кім екенін біле алмай,

Кінәлап көштім Орақты.

Таппадым ол қлген соң,

Құйрық пенен қанатты.

Бұл жатқан көшін кеткен соң,

Таққа міп, биледім,

Қондыкер деген елатты.

Бұзбаған бабам Дербентке

7950


7960

7970


352

352


353

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Қарасай қылған талапты.

Дербентті бұзып алған соң,

Елге қарай жүрген соң,

Тұз-дәм айдап ауыр қол

Үстімізден құлапты.

«Аға!» депа маған келген соң,

Иіліп сәлем берген соң,

Өкпенің бәрін жоғалтты!»

Осыны айтып Телағыс,

Қараүлектей қартыңның

Үстіне жапты жанатты.

Телағыстың бұл сөзі

Ноғайлыны жылатты.

Кеуілдің кірін шығарып,

Қараүлекті тыңайтты.

Телағыс әбден болған соң,

«Қарасай менен Қазиды

Алып кел!» деп шақыртты.

Тыңдаңдар салып назарды,

Бұл екеуін көрген соң,

Қатып қалған тас емшек

Омыраудан шығарды.

Қарасай еміп оң жағын,

Қази еміп сол жағын,

Тарқатты кемпір құмарды.

Жасы кетіп қартайып,

Төсекте жатып жантайып,

Көпке шейін бауырлап,

Қайғылы кеулі жұбанды.

Олай-бұла иіскелеп,

Қапаның бәрін шығарды.

Қараүлек сонда сөйледі:

—Қарасай, Қази құлыным,

Жатырмын болып дұғада!

Сендердің қайғың жатсам да

Қабырғамды сығады.

Зарланып үйде жатамын,

«Жеті әулие—жеті пір

Жар бол!» деп жылап Құдаға.

23-310


7980

7990


8000

8010


354

БАТыРлАР  ЖыРы

354

355


ұйықтап жатып түс көрдім,

Қази сынды құлыным

Өгізбенен айқасты.

Күресем деп екеуі,

Бір мезгілдей шайқасты.

Өгіздей болып тумаған

Екі аяқты, бір басты.

Бір уақытта қысылып,

Сағалады ата-аруақты,

Бабалары жар болып,

Жамбасқа алып құлатты.

Мұндағы жатқан анаңа

Белгілі болды бұл жағдай.

Қамалып тұрды ноғайлылар,

Кіруіне жол таппай.

Жетелеп барып Сұркөкті,

Қақпаны бұзды Қарасай.

Аман-сау келіп құлыным

Ақ дидардан көрсетті.

Құдайға Алла ниетті

Бұл анаңның басына

Нелер келіп, не кетті!

Менің айтар тапсырмам—

Әкеңнің жолы сүрдек-ті.

Мәскеуден бері қараған

Үш Еділдің алабын—

Жау алмасын бұл бетті!

Қарасайға  осыны  айтып  болғаннан  кейін,  көп  ұзамай 

Қараүлектің  тілі  күрмеліп  сөйлей  алмай  қалды.  Енді  біраз-

дан  соң  қарт  ана  дүниеден  қайтты.  Балалары  мен  қайнылары 

үлкен  құрметпен  жамбасын  жерге  тигізді.  Қараүлекті 

жайғастырғаннан кейін, ноғайлының билерін шақырып алып, 

Телағыс:—Біз өкпелесіп жүргенде Әнжінің тілімен талай ерлер-

ден, билерден айрылып қалып едік. «Бай бір жұттық, батыр бір 

оқтық»  деген  ғой  Қолда  дәулет  тұрғанда,  Қазиға  ноғайлының 

белгілі  жерінен  қыз  айттырғым  келіп  отыр,—деді.  Сонымен 

ноғайлының  баскөтерер  азаматтары  кеңесіп,  Қазиға  Қалила 

қарттың қызын айттырды.

8020

8030


8040

354

354


355

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Енді  біраз  күнен  соң,  Орақ  пен  Мамайға  ас  беру  жөнінде 

Еділ бойының ноғайлылары келісіп, жан-жаққа хабар жіберді. 

Қази шораға, Қондыкердің билеріне хат жолдады. «Төңірегіңе 

өзің  хабарла»  деп,  Қырымдағы  Жасаралға  да  хат  жазды.  Сол 

хаттың соңында: «Еліңе хабар беріп болғаннан кейін, астан он 

күн бұрын кел, ойласамыз» деді. Сөйтіп, елден бұрын Жасарал 

келді.

Жасарал мен шора келгеннен кейін, асқа үйлер тігілді. Әр 



үйге  қонағасы  даярлап,  екі  адамнан  қызметкер  қойды.  уәделі 

күні  асқа  шақырылғандар  келіп,  қонағасы  берілді.  Ертеңіне 

бәйгеге  екі  жүз  елу  тұлпар  қосылатын  болды.  Алдымен 

шораның Ақшұбары, сонан кейін Жасаралдың Күреңі, үшінші 

лашынның  Аққұсы,  төртінші  Қарасайдың  Сұркөкгі,  бесінші 

болып  Әділханның  Нартайлағы,  алтыншы  Көбеннің  Ақауызы 

келді. Бәрі де бәйгелерін алып тарасты.

Көп ұзамай иесіз қалған елдерден: «Орыстар жау боп келіп, 

шауып кетті» деген хабар жетті. Бұл хабарды естіген Қарасай 

ашуланып:—Асты  өздерің  тарқата  беріңдер!—деп,  Қазимен 

екеуі жанына жасақтарын алып, жауды қуып кетті. Олар тын-

бастан  үш  күн  жүріп,  жауға  жетіп  ұрыс  салды.  Көп  қиындық 

көрсе  де,  жауға  кеткен  адамдарды,  мал  мен  дүние-мүліктерді 

алып  қайтты.  Келе  жатқанда  алдынан  Телағыс  пен  Жасарал 

шығып,  амандығын  біліп,  қуанысып  қалысты.  Елге  келіп, 

қайтарылған олжа иелеріне табыс етілді.



356

357


Баяғыда  Темірхан  деген  хан  болыпты.  Темірхан  Нұрадын 

ханның Сәуле сұлу деген қызын алыпты.

Сәуледен  көпке  дейін  бала  тумайды.  Дүниеден  перзентсіз 

өтемін бе деген қауіппен Темірхан түрікпеннің Қараман деген 

ханының Қарашаш деген қызын елшілікпен кішілікке алады. 

Қарашаштың нағашысы Қоңырбек деген хан бегісі қалмақ екен. 

Қарашаш түскен жылы төсегімен ұл туады. Артынан жалғасы 

бола  ма  екен  деп,  ұлының  атын  Егізбай  қояды.  Егізбай  екіге 

келгенде, Қарашаш тағы ұл табады. Мұның аты Сегізбай бола-

ды. Темірхан Егізбай, Сегізбай мен Қарашашқа арнап салтанат-

ты  сарай  салдырады  да,  өзі  екі  балаға  айналып,  Қарашаштың 

үйінде  болады.  Сәуленің  ордасына  айда,  аптада  бір  келеді. 

Хан  келмегенсін,  Сәуле:  «Қарашаштың  өзі  өзімнен,  тұқымы 

тұқымымнан  артық  емес  еді,  менің  төркінім  хан  Нұрадын  еді 

де,  оның  нағашысы  Қоңырбек  деген  қалмақ  еді.  Менен  хан-

ды  аударып  кеткен  екі  баланың  қызығы-ау»  деп  зарығады  да 

қамығады.

Сөйтіп  жүріп,  қырық  тоғызға  шыққан  жылы  Сәуле  жүкті 

болып, бір ұл, бір қыз—егіз бала тапқан. ұлдың атын Төрехан 

да, қыздың атын Ханбибі қойыпты. Қызық дәуірде жүріп, бір 

күні  Темірхан  ауырады.  Сәуленің  ордасында  жатып  Темірхан 

қайтыс болады. 

Халықтың кәрі-жасы: «Ел тірегі хан еді. Хансыз тұру жөн 

болмас,  —деп,  хан  қою  жөнін  сөйлеседі.  Бұл  кезде  Егізбай 

жиырма үште де, Сегізбай жиырма бірде еді, ал ханның кенжесі 

Төрехан он тоғыз жаста болатын. Әкесі өлген кезде, Егізбай мен 

Сегізбай  дауға  барса  дауды  алған,  жауға  барса,  жауды  алған 

белгілі  ер  азамат  еді.  Төрехан  еркелікпен  ештеңеге  араласпа-

ушы еді. Хандық жайын сөйлескенде, әрі жасы аға, әрі ісі аға, 

Төрехан батыр



(Н.Байғанин нұсқасы)

356

357


ТӨРЕХАН  БАТыР

кемдігі жоқ, ер еш міні жоқ шешен Егізбайды таққа отырғызуды 

жастар қолдаған екен де, қариялар хан болу Егізбайға жол емес, 

оның түп нағашысы қалмақ еді, Төреханның түп нағашысы хан 

Нұрадын текті еді, хан тағы Төреханға лайық еді» депті.

Қариялар жастардың тілін алмай, хан тағын Төреханға ар-

найды.  Төрехан  алтын  таққа  отырады.  Айтқандары  болмаған 

соң, жастар шамданып, ортасынан зерексінген біреуін Егізбай, 

Сегізбайға хабар салуға жібереді.

Сөзге шебер сұңғыла,

Елден шыққан бір залым

Астына мінді сұр құла.

Егізбаймен замандас

Жасы қатар құрбы да.

Сұр құламенен желеді,

Егізбай мен Сегізді

Азғыруға келеді.

Сөзге шебер неме еді,

Келе сөйлей береді:

—Егіз бен Сегіз, сен,—деді,

Бұзылған халық ел,—деді,

Хабарға келдім мен,—деді.

Туғаннан туға таласқан

Патша болды Төрехан,

Мұнда жатқан нең?—деді.

Халықтың үлкен, кәрісі

Жастарға билік бермеді,

Сендерге хабар келмеді.

Егізбай менен Сегіздің

Түп нағашысы қалмақтан,

Бір нәсібі кем,—деді.

Егізбай елге хан болса,

ыңғайында болмасақ,

Еріксіз елді жер,—деді.

Төрехандай төренің

Нағашысы ер Нәсіп,

Екі жағы тең,—деді.

Төрехандай төрені

Хан қою болар жөн,—деді.

10

20



30

358

БАТыРлАР  ЖыРы

358

359


Тақ берді халық балаға,

Екеуің қалдың далада.

Өзің ойла, Егізбай,

Аға тұрып інісі

Төрден орын ала ма?!

Жас қорланар іс болды,

Туғаным деп аяма!

«Артымнан өскен інім» деп,

Дұшпан болған шіркінді

Туысқанға балама.

Ағаға ерік салмаған

Жаман іні оңа ма?!

Аға тұрып інісі

Халыққа тұлға бола ма?!

Арқызыл мен Сарқызыл

Қос тұлпарға мін,—деді.

Адырналы бек сауыт

Екі батыр, ки,—деді.

Көк сүңгіні қолға алып,

Беліңе алмас іл,—деді.

Туғаным деп аямай,

Сәуленің алтын ордаға

Жаушылықпенен ти,—деді.

Айбаттанып шамданды,

Жаушылықпен баруға

Қаһарланып қамданды.

Қатты жедел ойға алды,

Ашу қысып долданды.

Жылқыдағы Сегізге

Ер Егізбай жолданды.

Жедел қуды батырды,

Тентек ісі өзіне 

Егізбай ердің мақұл-ды.

Жылқыдағы Сегізді

«Бермен кел» деп шақырды.

Ажары кетіп қуарған,

Екі көзі қызарған,

Ашуын сыртқа шығарған.

—Туған інім сен едің,

40

50



60

358

358


359

ТӨРЕХАН  БАТыР

Сенің ағаң мен едім.

Суық сөз естіп құлағым,

Ашу қысып келемін.

Ашуланған себебім:

Темірхан атам өлгесін,

Темірхан жиған халықты,

Өз аузына қаратып.

Атадан қалған алтын тақ

Параменен алыпты.

Бізге хабар берген жоқ,

Біреуді мақұл көрген жоқ.

«Бірге туған ағам» деп,

Туыстыққа сенген жоқ.

Біз жүріппіз бекерге,

Туғаннан туға таласқан,

Қорлығы естен кетер ме?

Мұның берген зәбірі

Көкіректен өшер ме?!

Арқызыл мен Сарқызыл

Тұлпарға мініп алалық.

Бірге тума десек те,

Төрехан еткен алалық,

Көкірегі қаралық.

Туысқан емес бұ да жау,

Дұшпан болып шабалық.

Басын кесіп арамның

Қанын ішіп қаналық.

Атадан қалған алтын тақ

Жалғыздан тартып алалық.

Сегізбай да долданды,

Солқылдақ құрық қолға алды.

Ағасының жауабын

Теріс демей жолға алды.

Арқызыл мен Сарқызыл

Тұлпарды ұстап алады.

Қарашаштың ордаға

Екі батыр барады.

Жау көргенде мінетін

Атқа ерді салады.

70

80



90

100


360

БАТыРлАР  ЖыРы

360

361


Береңгелі бек сауыт,

шығыршықты көк сауыт

Беркіне киіп алады.

Алтын балдақ ақ алмас

Кәрленіп шапса, жан қалмас

Белге орай салады.

Жабылыңқы қабағы,

Төреханды өлтіру—

Екі залым талабы.

Алды-артына қарамай,

Қарулары жарқылдап,

Қос тұлпары аңқылдап,

Екеуі кетіп барады.

Қарашашқа бармады,

Сыр айтып, ақыл салмады.

Сапарынан қалмады,

Жеделінен танбады.

Білігі артық Қарашаш

Екеуінің жүрісін

Ақылмен байқап аңдады.

Қарашаш  сонда ойлайды:

«Екі балам есер деп,

Отырмаймын бекер деп.

Түрі жаман бұлардың,

Ашу қысқан секілді.

Төрехандай төрені

Екеуі жазым етер деп,

Өзімнен туған бала-ды,

Өтінейін жалынып.

Білігі болса, ашуын

Анам деп маған кешер» деп.

Егізбай мен Сегізбай

Қос тұлпармен жөнеді.

Кигені сауыт береңгі,

Рауан жолға кенелді.

Қырыққа келген Қарашаш

Артынан қуды сол енді.

—Егізбай,—деп ақырды,

Сегізбайжан,—деп шақырды.

110


120

130


140

360

360


361

ТӨРЕХАН  БАТыР

шақырды екі батырды,

«Балам» деп айқай салады.

Егіз, Сегіз ерлердің

Құлағына барады.

Айқайына тоқтамай,

Егіз бенен Сегізі

Қос тұлпарын сабады.

Қарашаш жылап еңірейді:

—Екі балам, сен,—дейді

Маған ақыл салмаған,

шешеден ұлықсат алмаған

Екеуіңнің нең?—дейді.

Перзенттерім, шырағым,

Бір қайрылып кел,—дейді.

Қай сапарға барасың,

Жөніңді айтып бер,—дейді.

Сонда Егізбай сөйлейді:

—Ал, Сегізбай бауырым,

Артыңнан қуды анаң-ай.

«Қос балам» деп шақырған,

Дауысы құлақ жарады-ай,

Қайрылмай кетсек, жаман-ай.

Қарғыс берер Қарашаш,

Қайта айналып баралы-ай.

Төрехандай ініге

Қорған бола барам,—деп,

Алдап кетіп қалалы-ай.

Егізбай менен Сегізбай

Қарашашқа келеді,

Келіп сәлем береді.

Дүзі жанбай анадан,

Өтірік дәлел тереді:

—Темірхан атам өлгесін,

Қалмақ деген көп халық

Ел шабуға келіпті,

Еңсеге дұшпан төніпті.

150

160


170

180


362

БАТыРлАР  ЖыРы

362

363


Ел қысылып көп жаудан,

Егіз бен Сегіз келсін,—деп,

Бізге хабар беріпті.

Әрі батыр, әрі данамын,

Әрі елге ағамын.

Қуырам жаудың заманын,

Тоқтатып дұшпан табанын.

Ел қорғаны батырмын,

Бірге туған бауырым

Төрехандай ініме

Қорған бола барамын.

—Ей, Егізбай, Сегізбай,

Өтірік айтып алдама,

Анаңды, шіркін, арбама.

Туған шешеңді алдайсың,

Мақшарға не деп барасың

Жаратқан Жаббар Аллаңа?

шайтан кірді кеудеңе,

Жеделіңнен танбайсың.

Жаратпаймын түріңді

Екеуіңде он қару,

Төреханға арнайсың.

шамаң келсе жалғыздың

Қанын ұрттап жалмайсың.

Өтірік айтпа анаңа,

Емізген ақ сүт мамаңа.

Темірхан атаң өлгесін,

Хан болған шығар Төрехен,

Байтақ елге жана да.

Кәрге мінген ажарың,

Не жүріске жүргенің

Танып тұр көңілім назарың.

Суытуға барасың

Сәуленің қызық базарын.

Қайыруға барасың

Жас тілектің қажырын.

Айтқан шығар бір залым 

«Төрехан бала хан болған», 

190

200


210

220


362

362


363

ТӨРЕХАН  БАТыР

Азғырумен хабарын.

Тілімді алсаң, сындырма

Бауырыңның назарын.

Екі балам, сындырма

шын тілегін сағымды,

Өшірдің бастан бағымды.

Ашуланып арлансаң,

Ініңнен алып берейін

Таласқан, балам, тағыңды.

Төреханжанға барайын,

Барып тілеп қарайын.

Арланғаның тақ болса,

Төреден сұрап алайын.

—Ей, Қарашаш, алжыған,

Жасы жетіп қажыған,

Сөзіңе құлақ салмаймын.

Қолымдағы көк алмас

Төреханға арнаймын.

Ол жалғыз да, біз екеу,

Қу бастың басын жалмаймын.

Айналдырма, Қарашаш,

Сапарымнан қалмаймын.

Жау жақыннан табылды,

Ажалды соған арнаймын.

Бұл қорлыққа көнгендей,

Қарашаш шешем, қандаймын?!

Көзімнің жасын көр, балам,

шын тілегім бер, балам.

Жығыла тілек тіледім,

Бермеген тілек нең, балам?

Ақ сүт берген мен едім,

Ішімнен шыққан сен едің.

Екі шырақ керегім

Төрехан бөтен кісі емес,

Мен үшін таста жеделің.

Екеуің үйде жата бер,

230

240


250

364

БАТыРлАР  ЖыРы

364

365


Төрехан мінген алтын тақ

Ініңнен алып келемін.

—Қалдырып жолдан былшылдап,

Сындыра берме сағымды.

Байлаймын деме бағымды,

Жеделге мінген шағымды.

Суығасын көңілім,

Елдікпен алман тағымды.

шын қаһарға мінгесін,

Келтірмей қайтпан жазымды.

—Жығыла тілек тіледім,

Тілегімді бермейсің,

Көзімнің жасын көрмейсің,

Қисық істі жөн дейсің.

Нағашысы Төрехан—

Хан сұлтан еді Нұрадын,

Айтулының өзі еді.

Төрехан жалғыз беренім

Соның нәсіл көзі еді.

Төрехан бала хан болса,

Жаман менен жақсының

Бәрін бірдей көреді.

Қара қылды қақ жарып,

Әділ төре береді.

Пақыр менен міскінге

Төренің тиер себебі.

Егізбай егер хан болса,

Қазіргі сиқы мынау ғой,

Елді басып жер еді.

Тілек тілеп зарладым,

Тілекке құлақ салмадың,

Сөзімді қабыл алмадың.

Көзімнің жасын көрмесең,

Қолымды теріс жаяйын,

Теріс бата қағайын.

Пиғылың арам болған соң,

Балам деп неге аяйын?

260


270

280


290

364

364


365

ТӨРЕХАН  БАТыР

Жеделің қабыл болмағыр,

Бұл дүниеде оңбағыр.

Төрехандай төрені

Әулиелер қолдағыр,

Бабалары қорғағыр!

Ер ашуы қызады,

Айтқан сөзі Қарашаш

Ерлердің жанын сығады.

Өзінің тапқан шешесін

Екі батыр қуады,

Қамшыменен сабады.

шашынан алып шыңғыртып,

Қос бұрымын жұлады,

Табанда ұрып жығады.

Екі бала қамады,

Қамшылап қуып сабады.

«Батыр болсаң, сондай бол»,—

Ананың басын жарады.

Қарашаш ана басынан

Сорғалап қан ағады.

Қатты таяқ зарпынан

Қарашаш сұлу талады .

ұрып жығып шешесін,

Сәуленің алтын ордаға

Екеуі кетіп барады.

Қарашаш сонда жылады,

Көзінің жасын бұлады.

Көзден аққан ыстық жас

Омырауын жуады:

—Тоғыз ай, он күн көтерген

Еңбекті анаң мен едім.

Өзімнен туған перзентім

Ізгілік етер деп едім.

Қара жүрек арам ит,

Анаға жоқ керегің.

Ақ сүтімнің айы ұрсын,

Хазіреті баба ұрсын,

300


310

320


330

366

БАТыРлАР  ЖыРы

366

367


Еңсеңнен басып тағы ұрсын!

Осыны айтып Қарашаш,

Қос бүйірін сығады,

Көзінің жасын бұлады,

Орнынан талып тұрады.

Ордасына өзінің

Асыға қадам ұрады.

Бір қайнысын тауып ап:

—Астыңа ат мін,—деді, 

Қарыңа қамшы іл,—деді.

Төреханның ордаға

шабарман боп жүр,—деді.

Төреханның ордаға

шабарман боп бара көр,

Айтқан тілім ала көр.

Екі ағасы тақ жаулап,

Өлтіруге барады.

Қапыда төре қалмасын,

Құлағына сала көр!

Жеңгесінің бұ сөзін

Қайнысы мақұл алады,

Атына қамшы салады.

Төбеден жұлдыз ауғанда,

Таң сімері жауғанда,

Төрехан жатқан ақ орда

Ішіне кіріп барады:

—Төрехан, құлдық, алдияр,

Елдің ханы сен,—деді.

Қарашаштай анаңның

Хабаршысы мен,—деді,

Сөзге ұлықсат бер,—деді.

Хан болғаның есітіп,

Егізбай мен Сегізбай

Анаңа билік бермеді.

«Өлтіріп, басын алам» деп,

Жалаңдап сұмдар өрледі.

Келіп қалар ұзамай,

340


350

360


366

366


367

ТӨРЕХАН  БАТыР

Абайсыз жатпай ордада,

Қамданып, ханым, көр,—деді.

Төсегінен Төрехан

шошынып  сонда тұрады.

шешесі жатқан бөлмеге

Төрехан қадам ұрады.

Хабардың түрі тым жаман,

Баланың сағы сынады.

Есіткеннің баршасын

Сәулеге баян қылады:

—Сәуле, анам, сен,—деді,

Жалғыз балаң мен,—деді,

Әже, ақыл бер,—деді.

Хабардың түрі тым жаман,

Жалғыз балаң қысылды.

«Бере ме» деп ойлаймын

Дұшпан залым қысымды.

Жылы жаздың ішінде

Сары аязды қыс қой бұл.

Жаратпаймын пішінін,

Әжептеуір іс қой бұл.

Хабар жалған болмаса,

Қиындық басқа төніп тұр.

Осындай зауал жаман іс

Жалғыз ұлың көріп тұр.

Атадан қалған алтын тақ

Өлтіріп мені алам,—деп,

Егізбай мен Сегізбай

Жаушылықпен келіп тұр.

—Темірхан атаң өлгесін,

Халқың тақты берген соң,

Ел алдынан өргесін,

Сен падиша болғасын,

Басыңа бақыт қонғасын,

Егізбай мен Сегізге

Халқың хабар салмаған.

370

380


390

400


368

БАТыРлАР  ЖыРы

368

369


Екі тума ағаңды

Мәжіліске алмаған.

Хан боларда, қарағым,

Ағаңа хабар бармаған.

Өкпеменен екі ағаң

Тағыңды сенің арлаған.

Егізбай мен Сегізбай—

Бұлар да ердің данасы.

Азғыруға халқыңнан

Арам ниет бір залым

Айтқан шығар шамасы.

«Түбі бірге түтпек жоқ,

Жат болмайды деген сөз

Бір кісінің баласы».

Баланың қорған панасы—

Ата менен анасы.

Інінің қорған панасы—

Алдында өскен ағасы.

Бауырына шыдай ма

Бір кісінің баласы?

Араз болып адассаң,

Дұшпанның қанар табасы.

Туысқанға жаттық жоқ,

Өзің ойлап қарашы.

Егіз бен Сегіз екі ағаң

Көңілі сенен қалмасын,

Көңіліне қайғы алмасын.

Көзімнің ақ пен қарасы,

Тілімді алсаң, шырағым,

Екі ағаңа сене көр.

Аға—басшы, сен—қосшы,

Айтқанына көне бер.

Арланғаны тақ болса,

Өз қолыңнан бере көр!

—Ана, айтқан сөзіңе,

Мақұл деп жауап берейін.

Егізбай мен Сегізбай—

Бірге туған екі ағам

410

420


430

440


368

368


369

ТӨРЕХАН  БАТыР

Сірә де бөтен демейін.

Елшілікпен келсе егер,

Атамнан қалған алтын тақ

ықтиярыммен берейін.

Дұшпандықпен келсе егер,

Қорлыққа қалай көнейін?!

Сауыттан тон жамылған,

Қуарып беті қабынған.

Арамдық залым ниетке

Жүректері малынған.

Бес қаруын сайланған,

Алмас өткір қайралған,

Белге қылыш байланған.

Қолына жебе, найза алған,

шымырқанған, шамданған,

Қаны қайнап арланған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет