«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет7/28
Дата06.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#11120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28

Қызылбасты көндіріп,

Тоқтатты ерлер ұрысты.

Қынабына салады

Қанжар менен қылышты.

Бағынғасын ант беріп,

3900


3910

3920


3930

112

БАТыРлАР  ЖыРы

112

113


Қази сонда толғады:

—Қарасай аға, құлақ сал,

Қызылбас жауы жеңілді

Тұр ғой мұны көз көріп.

Әділ достан хабар жоқ,

Өлі-тірісін сезбедік.

Басымыздан бақ тайып,

Кетті ме заман өзгеріп.

Табылмады ер Әділ,

Алты күндей іздедік.

Әділді тауып алалық

Өлді деп күдер үзбелік.

Қайда барсақ жол ашық,

Батыр, ханын өлтіріп,

Ел басшысын тіздедік.

Әділді тауып алайын,

Қарасай аға, екеуміз

Жауға болар біз бе едік?

Бір күн жатып дем алып,

Батырлар қалды тыңайып.

Іздегенмен неше күн

Таба алмады Әділді.

Батырлар тұрды мұңайып,

Қарасай айтты сол жерде:

—Қарағым, Қази, бері кел,

Тау басына шығайық.

Әділді тауып қайтпасақ,

Құр алақан, бауырым,

Болмас деп тұрмын лайық.

Керемет-ті аталар,

Әділді тауып бізге бер,

Табуға жоғын іздеңдер,

Кел өләруақты сынайық.

Әділ досын таба алмай,

Екі батыр тарықты.

Өлі-тірісін сезе алмай,

Күдерін үзіп жалықты.

Келе жатса қос батыр,

Алыстан көрді жарықты.

3940


3950

3960


112

112


113

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

«Бұл қалай?» деп таң қалып,

Қасына жетіп барыпты.

Сәлем беріп үңілсе,

Отырған жылап бір әйел.

Қорлық көрген дұшпаннан

Жақ сүйегі сорайған, 

Көп азап көрген арық-ты.

Қарасай, Қази ойланды,

Күні кеше халыққа

Тегін олжа бергенде,

Көзге түспей қалыпты.

Жылаған әйел түрегеліп,

Батырға өзін танытты:

—Екі батыр, қарағым,

Он сегіздей жыл болған

Қарасын батыр қызылбас

шауып қайтқан сол кезде

Біздің шәһар халықты.

Екі батыр, ала кет,

Ноғайлы еді тегіміз,

Өтірік емес анық-ты.

Жиырма жыл көрдім азапты,

Ноғайлы болсаң, балдарым,

шам-шырағым жаныпты.

ұмытып кетпей есіңе ал,

Дұшпанды жеңген батырлар,

Біздердей мүшкіл қаріп-ті.

Қарасай, Қази балдарым,

Батырлығың танылды.

Ар жағында он қала,

Бер жағында он қала,

Ортасында бір қала,

Қарауыл қала сол қала

Нән де дұшпан сонда екен.

Көз жіберіп қарасам,

Тас талқан болып жаныпты.

Қарасай сонда сөйледі, 

Сөйлегенде бүй деді:

—Он сегіз жылдан бері қарай

8-310


3970

3980


3990

4000


114

БАТыРлАР  ЖыРы

114

115


Пенде болған дұшпанға

Алдымда тұрған анамыз

Іздегенім ер Әділ—

Қырымның ханы, сұлтаны,

Хабарың бар ма есіткен,

Бізге айтып қарашы?!

Пенде болған мүсәпір,

Ақ сүт берген шешедей

Өлгенше сізді бағамыз.

Бағуыма көнбесең,

Апарайын еліңе,

Болса бала-шағаңыз.

Бізге, ана, шыныңды айт,

Жеті басты жалмауыз

Кездессе де алдымнан

Қылышпенен шабамыз.

Бой бермеспін дұшпанға,

Арғы атам Едіге,

Одан туған Нұрадын,

Сермеген жауға құралын.

Өзімнің әкем хан Орақ

Қиыншылық кездессе,

Қолдаушы еді бабамыз.

Сол уақыттары болғанда,

Қаріп кемпір сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

—Әруақты ердің тұқымы,

Екі балам, таныстың.

Жолың болар бізбенен,

Әділің аман, шырағым.

Сүйіншіңді бере бер,

«Қырымнан әскер келер» деп, 

Күдерін сізден үзбеген.

Алмас зындан ішінде

Адам таппас құпия

Табарсың, балам, досыңды,

Әділің сонда іздеген.

Анау жатқан қара жол

Қорқынышты, мықты бол!

4010


4020

4030


4040

114

114


115

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Табарсың алмас зынданды

Бұрылмай барсаң ізбенен.

Алғыс айтты Қарасай:

—Рахмет, ана,—деп.

Көмектестіңіз тар жерде

Болармыз сізге бала деп.  

Қол ұшын берді тар жерде

Пенде болған анамыз.

Ел сұлтаны болғандай

Ақылға кең дана деп.

Қарасай, Қази қуанып,

Әділ досын тапқанға

Толғана мойын бұрады.

—Батаңды бер, қәріп, деп,

Кемпірден бата сұрады .

—Балдарым, қолың жайың,—деп,

Берер батам дайын,—деп.

Күндіз күнің нұрланар, 

Түнде жарық айың,—деп.

Сол уақыттары батырлар

«Әумин» деп қол жайды,

Көңілі нұрға толады.

Іздегені табылып,

Болмады ердің алаңы.

«Сау бол» деп мойнын бұрғанда,

Көрмеді қәріп ананы.

Ғайып болды көзінен

Қаріп кемпір манағы.

«Сілтеген бағыт осы» деп,

Қарасай, Қази—қос батыр

Қара жолменен шабады.

Табылар,—деп,—ер Әділ,

Қос батырдың ашылды

Қайғылы тұрған қабағы.

Қарасай, Қази қуанды

«Әділің аман тірі» деп

Естілгесін хабары.

Әділдің жатқан зынданын

Көп кешікпей табады.

4050


4060

4070


4080

116

БАТыРлАР  ЖыРы

116

117


Бастырулы қақпағын

Қази батыр сол  жерде

Ашуменен жұлып алады.

Жұлдызы туып оңынан,

Оң болды ердің талабы.

—Тірімісің Әділ?—деп,

Жоқ болғасын дыбысы

Белінде қанжар, қылышы

Қарасай айқай салады.

Ішіне жарық түссе де,

Онда да дыбыс болмады.

ызаланып сол жерде

Қарасай батыр толғады:

—Миллион   дұшпан қырсам да,

Басыма бақыт қонбады.

Бір өзің үшін қан төктім,

Қылыш сермеп, оқ атып,

Тізеден қан кешсем де,

Әділім аман болмады.

Тірі болсаң, жан досым,

Тірлігіңді білдірмей,

Жатырсың, досым, нағылып?

лебізіңді естиін,

Келіп тұрмын сағынып.

Әуелгі келген сапарда

Сені іздеп табам,—деп,

Он жерімнен оқ тиіп,

Қайтып едік шабылып.

Екінші сенен хат алып,

Тірлігіңді білгесін,

шыдап нағып жаталық,

Келіп тұрмыз сабылып.

Қызылбастың елдерін

Күл талқан қылып қираттық.

Алаулаған қызылбас

Пенде болды бағынып.

Іздеп келген досың бар,

Қозғалсайшы орныңнан,

Жатырсың, досым, нағылып?!

4090


4100

4110


4120

116

116


117

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Сонда Әділ сөйледі:

—Қарасай, Қази достарым,

Қолөткіл бар қолымда

шынжыр таққан мойныма,

Көтертпейді бастарым.

шығарыңыз зынданнан,

Мойныма таққан тасты алың.

Бұл зынданда қауіп бар,

шығар жолы қиын-ды.

Үзілмес арқан тауып сал,

Тәуекелге бастадым.

Көзімнің алды іріңдеп,

Көрсетпейді аяқ жол.

Жеті жылдан бері қарай

Қиысқан баста шаштарым.

Тісімменен тістейін,

Иегімменен күштейін,

Қанеки, арқан тастағын.

Аман шықсам зынданнан,

Айтармын сөздің астарын,

Тірлікке ортақ жаным бар.

Қарасай, Қази батырлар,

Астана, халық аман ба,

Ел қамқоры достарым?!

Қарасай, Қази сол кезде

шылбырға шылбыр жалғады.

Қарасай менен Қазидың

Жанына қатты батады

Ел сұлтаны Әділдің

Зынданға түсіп қалғаны.

шығарғанша Әділді,

Тастамады аузынан

«Досым аман болғай» деп,

Бір жаратқан Алланы.

Тастаған шылбыр дәл барды

Ер Әділдің тісіне, 

Бұрылып қауға аумады.

Қайраттанды ер Әділ

Қызылбаспен соғысқан

4130


4140

4150


4160

118

БАТыРлАР  ЖыРы

118

119


Мысалы болып саудағы.

Сол уақыттары ер Әділ

Келген арқан шылбырды

Салды азу тісіне.

—Тартың—деді,—достарым,

Үзілмес деді арқаның.

Қайта түсіп кетпейін

Қараңғы зындан ішіне.

Екі батыр саумалап

Ер Әділді шығарды.

шығармасын нағылып,

Іздеген досын сағынып.

Қарасай менен Қазидың

Жан шыдар ма күшіне.

Зынданнан шығып алғасын,

Қосылысып үш батыр

Амандасты көрісіп.

Пенде болған ер Әділ

Алғыр сұңқар қыраны.

Елі-халқы, байтағын,

Анасы менен Ілияны

Мұңайып Әділ сұрады.

Қолымда бар қолөткіл

Бұзасыңыз қала,—деп,

Талықсып батыр құлады.

Сол уақыттары ер Қази

Әлсіреген досының

Аузына сусын бергенде,

Орнынан Әділ тұрады.

Бұзайын,—деп,—кісенді,

Қылыш салып кеседі.

Қылыштың жүзі қайырылды,

Қандай мықты десе де.

Сол уақыттары Қарасай

«Бұзайын,—деп,—кісенді»,

Қолыменен бұрады.

Әділ сонда қарленді,

«Тоқта,—деді,—достарым»,

«Я, пірім» деп ұмтылды,

4170


4180

4190


4200

118

118


119

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Таусылып ердің шыдамы.

Алмас кісен қолдағы

Быт-шыт болып сынады.

Кісеннен қолы босанып,

Сол уақыттары ер Әділ

Қарасай, Қази досымен

Құшақтасып сүйісті,

Төсіне-төсі тиісті.

Мауқын басып батырлар,

Ойланды елге қайтуды.

Сонда Қази сөйледі:

—Елге жылдам жүрелік, 

Жолымыз шалғай құм,—деді.

Белес-белес белі бар,

Адырлы биік шың,—деді.

Жиырма күнде келем,—деп,

уәде бердік ханымға

Өтірік емес, шын,—деді.

Екеумізге бір тұлпар

Әділ досым, қанеки,

Кел артыма мін,—деді.

Сонда Әділ сөйледі

Сөйлегенде бүй деді:

—Ат артына мінгендей

Сатып алған құл емен.

Ашуланып ер Әділ

Тұлпарына мінбеді.

Ат артына мінгендей

Мені, досым, кім дедің?

Батыр болсаң, ер Қази,

Жеті қабат қорғанда

Байлауы тұрған атым бар,

Әкеліп соны бер,—деді.

Соңына еріп жүргендей

Мен қорлыққа көнер ер ме едім?

Досынан Қази сөз естіп,

ұялып батыр қысылды.

Астындағы шұбарды

Жеті қабат қорғанға 

4210


4220

4230


4240

120

БАТыРлАР  ЖыРы

«шүу» деп батыр ұшырды.

Кездессе дұшпан қорғанда

Көк найзаны зулатып,

Талайға салды қысымды.

Қызыл атты бермеуге

Кездесті қырық күзетші.

Қанша дұшпан келсе де,

Қылыш сермеп, оқ атып,

Талайын аттан құлатып,

Мазақ қылып ер Қази,

шала жансар тастады

шырқыратып, жылатып,

Біреуін көзге ілмеді.

Тұлпарды алып қорғаннан,

Жетелеп батыр келеді.

Қазидың келіп тұрғанын

Қарасай, Әділ білмеді.

Қырымның ханы, жан досым,

Тұлпарың—мынау, мін,—деді.

Сонда Әділ қараса,

Ер-тұрманы сары алтын

Сулығын шайнап Қызыл ат,

Бес қаруы ілулі,

Тұла бойы бәрі алтын.

Риза болып Қазиға,

Сонда Әділ күледі.

«Бағымды, Алла, ашқай»,—деп,

Тұлпарға Әділ мінеді.

4250

4260


4270

120

уа, жыр сүйер жамағат!

Орақ батыр Азау қаласын жалғыз барып, жаулап,  аман-сау 

олжалы оралған соң, Мамай да, әкесі Мұса ханның көзін көрген 

қариялар мен жан аямас достары да, тіпті, бүкіл ноғайлының 

хан тұқымын қадірлейтіндері де зор қуанышқа бөленді.

Мамайдың  айтуымен,  тарап  кеткен  ноғайлы  халқына  ха-

баршы  жіберіліп,  бір  ай  өткен  соң  Бозтөбенің  белінде  ұлан-

асыр  той  болып,  ағайын  қайта  табысты.  Орақ  пен  Мамайдың 

қайтадан  беделі  артып,  еліне  иелік  етті.  Бұлардың  көзінде 

қалмақтар тұрмақ, орыс мемлекетінің князьдері де бата алма-

ды. Тіпті, ноғайлылардың бірнеше дүркін шапқыншылығынан 

кейін  Русь  бұларға  алым-салық  төлеп  тұруға  мәжбүр  болды. 

Бұл кезең ноғайлы елінің дәуірлеген кезі еді.

  Алайда  бұл  тегеурінді  елдің  ішінде  бүлік  түсті.  «Дән 

ұшықсыз, ел бұзықсыз болмайды» дегендей, бүлік тудырған 

Мұса  ханның  тоқалынан  туған  ысмайыл  болатын.  Баяғы 

әкесін  бүкіл  ноғайлы  халқы  ақ  жауып  арулап  жерлеп 

жатқанда,  еншісіне  өзі  сұрап  алған  Сарала  атты  қуалап 

жүріп, жердің жарығына атпен бірге түсіп кеткен ысмайыл 

аман қалған-ды.

Сол  кездің  өзінде-ақ  әкесі  Мұсаның  бүкіл  артында  қалған 

дүние-мал  мен  хан  тағы  өзіме  тиіс  еді  деп,  өзегін  өрт  шалған 

ысмайыл  зұлымдығынан  қайтпады.  Ағайынның  арасына 

сұрқиялық пен залымдық отын жағып, бірін-біріне айдап сала 

берген соң, халық оны «Әнжі ысмайыл» деп атайтын. Бұрыннан 

да «Тобаяқ» деген лақап аты бар-тын. Бір қыстың қарлы бора-

нында жылқымен бірге ығып кетіп, бірнеше күн далада қалған 

оның екі аяғының бастарын үсік шалып, башпайлары ағып кет-

Қарасай—Қази



(Нұртуған Кенжеғұлұлы  нұсқасы)

122

БАТыРлАР  ЖыРы

122

123


кен еді. Содан кейін-ақ онсыз да жексұрын көрінетін оны жұрт 

тобаяқ атандырған.

Бұл  жылдары  Мұсадан  қалған  балалардың  арасында  Орақ 

пен Мамай және Жаңбыршының екі баласы Телағыс пен Күніке 

зор беделге ие болған. «Едіге тұқымында бұл төртеуіне тең ке-

лер  ешкім  жоқ»  дейтін  ноғайлы  халқы.  Бұлардың  тұсында 

қалмақ жерінде Әйеуке деген әрі хан, әрі батыр адам болып еді. 

Бұл  төртеуі  осы  Әйеукенің  қаласын  шаппаққа  бел  байлаған. 

Бес  қаруын  сайланып,  қажетінше  қол  алып  аттанған  бұларға 

ысмайыл  атқосшы  болып  барды.  Жауға  мінер  жарамды  аты 

болмай,  ол  елдегі  жирен  сақал  Қарағұл  дегеннің  Теңбілкөгін 

«майын беремін» деп сұрап мінген.

Сол  сапар  Орақ,  Мамай,  Телағыс,  Күніке  Әйеукенің  қама-

лын  талқандап,  өзін  өлтіріп,  ауыр  олжамен  оралған  болатын. 

Әнжі ысмайыл Әйеукенің Қадаубас қара деген атын «сарқыт» 

деп  сұрап  алып  еді.  Жорықтан  келген  соң,  Қарағұлдың  атын 

етінен  арылтып  қайтып  берген.  Жирен  сақал:—Сенде  қала 

берсін, екеуміз дос болайық. Сол достығымыздың арасында бір 

ат жүрмей ме?!—деген. Бірақ Әнжі:—Қажеті жоқ,—деп алмай 

қойды.  Қадаубас    қара  тақымына  тиген  соң,  арық  атты  алып 

кейін  Қарағұлдың  өтілін  өткізгісі  келмеді.  ысмайылдың  өз 

есебі бар-тын. «Хан тағына таласып жүріп, қайдағы бір құлға 

қарыздар болып қайтемін» деп ойлады.

Әнжі әнжілігін жасап, бір жағынан дәулетін шашып халық-

ты  үгіттеуін,  екінші  жағынан  бәйбішеден  туылған  Орақ  пен 

Мамайды  Мұсаның  ағасы  Жаңбыршының  балалары  Телағыс 

пен Күнікеге айдап салуын тоқтатпады. Араларында қанды кек 

болатындай  жағдайға  апарды.  Телағыс  пен  Күнікедей  қос  нар 

Орақ пен Мамайға өкпелеп, енді көрместей болып, Қондыкердің 

еліне көшіп кетті.

Көп  ұзамай,  Әнжі  амалын  тауып  Орақ  пен  Мамайдың 

ажалына  жетіп  тынады.  Баяғы  «дүние-малымды  шашсам 

да,  әкемнің  орнына  хан  болмай  қоймаймын»  деген  арманы-

на  да  жетті.  Мұсаның  Орақ,  Мамайдан  басқа  балаларының 

ішінде  хан  тағына  лайық  ешқайсысы  жоқ  еді.  Сондықтан 

ноғайлының бір арысы лемерлердің қолдауымен Әнжі таққа 

отырды. Бірақ оның хандық дәуірі ұзаққа бармады. Дегенмен 

өзі ел билеген 111 күн ішінде халықты да, Едіге тұқымын да 

дүрліктіріп бітті.


122

122


123

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Хан  болған  күннен  бастап,  Әнжіні  құрметпен  қонаққа 

шақырушылар  көп  болды.  Өзі  де  елді  аралап,  үстемдік  орна-

та  бастады.  Әйеукенің  Қадаубас  қара  атынан  басқа  ұнамды 

көлік болмады. Ол ұдайы мініске жарамды. Баяғы жирен сақал 

Қарағұлдың  аты  көңіліне  қайта  орала  берді.  Сымбатты  да, 

жүрісі жайлы тұлпарды өзі шаршатқаны  болмаса, таққа мін-

ген адамның тақымына лайық еді жануар.

Енді Әнжі «сол атты берсін» деп Жирен сақалға бір жасауыл 

жіберді.  Ол  жасауылға:—Ханға  айта  бар,  кезінде  ал  дегенім-

де  менсінген  жоқ  еді.  Енді  оның  неменесіне  қызыға  қалды?!  

Жалғыз атымды бере алмаймын. Дос болудан қашқан өзі» деп, 

оны бос қайтарды. Әнжі ашуға мінді.

Өзі  хан  болған  соң,  Әнжі  жасауылдарға  басшы  етіп  баяғы  

әкесі Мұса «өз балам» деп асырап алған Мәтрөшкі деген құлдың 

баласын тағайындаған-ды.  Оның аты Жаббас еді. Сол Жаббас-

ты  жұмсады.  Оған:—Жирен  сақалға  айт,  Теңбілкөкті  берсін. 

Егер  қолымен  бермесе,  еріксіз  аламын    да,  өзіне  аяусыз  жаза 

қолданамын! Мені ашуландырмасын!—деп қатаң тапсырды.

Тегі  құл  болғанымен,  өзін  Мұса  ханның  немересімін  деп 

есептейтін  Жаббас  Қарағұлдың  үйінің  сыртына  келіп,  атынан 

түспей, сес көрсете айқайлап, «шықшы, шық!» деп тұр:

—Хабарлас деймін, бермен шық!

Жирен сақал үйде ме?!

 ысмайыл хан жіберді,

Қардар емес ол дүниеге.

Ханға керек Теңбілкөк,

Дәлел айтып сөйлеме!

Беремін деп басында

Айтып едің сен неге?!

Хан болып еді, енді бермейсің,

Айт, мұныңның жөні не?!

Жалған сөйлеп, Қарағұл,

Кімді алдайсың сен неме?!

Жүрсе де, егер, хан болмай,

Бабасы оның Едіге!

Көнбесең, қазір көресің,

Жеңіл тисе көңіліңе.

Хан екенін білдіріп,

10


124

БАТыРлАР  ЖыРы

124

125


Көрсетер халық көзіне!

Танисың ба, Қарағұл,

Жасауыл болған Жаббасты?!

Мен адам емеспін әншейін,

Дұрыстап қара, албасты!

Хан сайлады ашсын деп

Елдегі жалған-расты.

«Берем» дегенсің атыңды

Мен білемін уағдаңды.

Атты ала алмай жасауыл,

Сарайға қайтып бос барды.

Сонан соң хан жіберді

Мен сықылды қошқарды!

Алмай атты кетпеймін,

Бұл мен әкімнің қосқаны!

Екі сөйлеп ұялмай,

Сен болдың ханның қысқаны.

Сен бүйткенде, не қылмайды

Сыртта жүрген дұшпаны?!

Тек сенімен болады,

Қоя тұрып басқаны.

Ала ғой,—деп,—атыңды,

Төре кезінде жалындың.

Хан болған соң бермейсің,

уәдеңнен жаңылдың.

Айтқаныңды ұмытып,

Түлен түртіп қағындың!

Көп кідірме, Қарағұл,

Атыңды алып жүресің!

Осы тұрғанда ізімнен

Қалмай бірге ересің!

Малың менен жаныңның

Еркін ханға бересің!

шығармайсың үніңді,

Ашпайсың аузың, тіл тартып!

Атыңды алып жүресің,

Жасырмайсың жалтартып!

 Қалдырмаймын өзімнен,

Келмеймін екі мен қайтып!

20

30



40

50


124

124


125

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Ау, тыңдамайсың сөзімді,

Жатқызбаймын шалқайтып!

Дәлел айтып сөйлеме,

Қылмысыңды зорайтып!

Кешке дейін тұрам ба

Мен сөзімді құр айтып!

Сонда  жасауыл  Жаббас  құлдың  сөзіне  шыдамай,  Жирен 

сақал Қарағұл далаға атып шығып, сөйлей жөнеледі:

—Мәтрөшкі қара құл,

Баламысың, Жаббасым?!

Бермеймін ханға атымды,

Қалай қылып аласың?!

«Қарға шақырар өз атын»

«Құл» дегенің өз басың.

Құл да болсам мықтымын,

Сыйлап жүрген қожасын!

Азар беріп жіберсем,

шағынып кімге барасың?!

Сәлем де ханға, ат түгіл,

ұстасын ондап жығасын!

Аманат жаным сау тұрса,

Жыртқызармын жағасын!

Төгермін шайқап кешікпей,

Әлі толмай жатқан сабасын!

Орақ, Мамай халқынан

Әлі-ақ алар «сыбағасын!»

Тайсалдырмай айтып бар

Сөздің осы расын!

Дұрысын егер айтпасаң,

Жасауыл қалай боласың?!

Рас, бермек болғанмын

Теңбілкөкті ханға да.

Менсінбей мені жіберген,

шын ниетпен барғанда.

шындықтың жүгі ауыр-ды,

«Құл» деген сөзге арланба.

Сенімен жалғыз мен емес,

60

70



80

90


126

БАТыРлАР  ЖыРы

126

127


Бәрі құл адам жалғанда!

Жаулы өскен шығар құлағың

Мұсаға құл болғанға.

Сөйтіп, жүріп текті құл,

Құлдығыңа қорланба!

Кешегі анау күндерде,

Жүретін едің сен малда.

Іс басына құл тұрып,

Келе алмас енді бұл маңға!

Мен айтайын, сен тыңда,

Неге ат берем дедім мен ханға?!

Түгел еді Едіге,

Төрт ағам түгел жүргенде.

Сол бабама арнағам

Мен «ат берем» дегенде.

Қайран басым, қайтейін,

Зұлымдығын білдім бе?!

Төбеден жайды түсіру 

Қашаннан-ақ жүр екен

ысмайылдың кеулінде.

Төртеуге қолым жете алмай,

Інісі ғой,—деп,—ысмайыл,

Көшпек болғам жөніне.

Інісімен дос болсам,

Таныр деп ем асылзат

Бұл төртеуі мені де.

Олардың бәрін жоқ қылып,

Келді ме менің теңіме?!

Өзіммен бірдей адамға

Ат бермеймін бұл күнде.

ысмайылға айта бар,

Хандығын қылсын жөніне!

Едігені алдың ауызға,

Садаға болсын сұмырай

Әруақтардың тегіне!

Туғанын күндеп айырып,

Тең болған ханның менімен!

Жолдасы ылғи құл-құтан

Жау ала ма сенімен?!

100


110

120


126

126


127

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Екі асыл ақсұңқар

Қондыкерге хан болды,

Өкпелеп көшкен жөнімен.

Немере жерден қан төкті

Сонда да Әнжі сөзімен.

Телағыс, Күніке айтқаным,

Елден кетті екеуі

Осы иттің бүлігінен.

Артық туған Мамайға

Нақақтан ант ішкізді,

Болған жоқ оның өзінен.

Абайсыз өлді ер Орақ

Анасының сөзін тыңдамай,

«Жақын ғой» деген кеуілмен.

Енді айбынарлық адам жоқ,

Ел билейді қандай пейілімен?!

Хан екен деп қайбыртып,

Айрылман Теңбілкөгімнен.

Бағана бермей қалған соң,

Жіберіпті сені де.

Аямасын айтыпты,

Қолынан келсе мені де.

ысмайыл ханға айта бар,

Ер саламын көгіме!

«Мал-жанның еркін бер!» деген,

Ерегісіп сөзіне.

«Хан тұтынып барма!» деп,

Хабар берем Еділдің 

Төмені менен өріне.

Жасырмаймын сырымды

Дұшпандық еттім көріне!

Толғанбайдың күйеуімін,

Жиен едім Мүсілімге.

Сау тұрғанда Мүсекем,

ысмайыл келмес шеніме!

Келе қойса шеніме,

шашар мұның хандығын!

«Жасауылмын, таны!» деп,

Құлдың да қара паңдығын!

130


140

150


160



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет