Мəдениет жəне өнер факультеті «Театрлік – хореографиялық өнер жəне кітапханатану» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет35/85
Дата27.11.2023
өлшемі0,77 Mb.
#130354
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85
Пəндік каталогтарда
жүйелік каталог секілді сипаттамалар орналасадыда 
кітапханалық мазмұны ескеріледі. Бірақ топтасқанда білім жүйелері 
бөлімшелері бойынша емес құжатта қаралған пəндердің алфавиті бойынша 
қойылады. Пəндік каталогта тараудың аты пəндерді ғана көрсетіп қоймайды. 
Сонымен бірге əр түрлі білім салаларын медицина, астрономия, философия, 
елдердің, қала мен өзендердің аттарын Манғолия, Москва, Алматы, Орал т.б., 
əр түрлі жұмыс процестерін (құю, пісіру, балқыту, егін ору т.б.), малдар мен 
өсімдіктің аттарын, шығармашылыққа арналған адамдардың фамилиясын 
т.б.көрсетуі мүмкін. Пəндік каталогты ұйымдастыру кітапханаға келіп түскен 
құжаттарды мазмұны бойынша талдап оларға өздеріне лайықты пəнді 
көрсетуге пəндеуге сүйенеді. 
Пəндік каталог үшін пəндік айдарды таңдау олардың аттары мен көлемі 
кітапхана қорының мазмұны мен көлеміне оқырманның талабына 
байланысты болады. Пəндік каталогті анықтамалық мақсатта пайдаланады. 
Ол арқылы белгілі сұрақ бойынша кітапхана қандай кітаптар бар екенін тез 
білуге болады. Бірақ белгілі бір проблеманы білім саласын жүйелі түрде 
оқып үйренуге қолайсыз. Ғылыми мақсатқа пайдалануға келмейді. Ол көбіне 
тар профильдегі мамандарға қызмет көрсетуге көмектеседі. Кітапхана қорын 
құжаттық түрлері бойынша бөлу белгілі түрдегі басылымдарға каталогтарды 
ұйымдастырады талап етеді. Мыс: кітапханада мерзімді баспасөздер 
каталогы. 
Каталогтардың 
каталогы, 
картатекалардың, 
стандарттың 
каталогтары, патенттердің каталогтары, қолжазбалардың каталогтары 
ұйымдастырылады. 
Кітапхана қоры кітапхананың бөлімшелері бойынша бөлінуін, сол 
бөлімшелердің қорына каталог ұйымдастыруды талап етеді. Мыс: 
орталықтандырылған кітапхана қорының каталогы, көшпелі кітапхана 
қорының каталогы, балалар бөлімшесінің каталогы, айырбас қорының 
каталогы, қу залының каталогы т.б. Қордағы əдебиеттер əр түрлі тілдерде 
болады. Ондағы қазақ тіліндегі құжаттарға өз алдына, басқа шет тілдердегі 
құжаттарға өз алдына ұйымдастырады. 
Кітапханада арнаулы мақсаттардан да каталогтар ұйымдастырады. Мыс: 
өлкетану каталогтары, жергілікті басшылық каталогтар, есептеу каталогтары, 
көркем əдебиеттердің аттарының алфавитіне байланысты каталог. Қорды 
қамту ауқымына байланысты каталогтарды басты каталог (генералды), 
кітапхана қорын толық қамтитын жинақты (сводный), бірнеше жеке 
кітапханалық қорын көрсететін орталық (центральный), ОКЖ-ң көп қорын 
толық көрсетеді жəне кітап қорының каталогтары деп бөлінеді. 
Арналуына байланысты каталогтарды: 1)қызмет бабына арнап 
2)оқырманға арнап 
3)балаларға арналған деп бөледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет