салалары КБЖ кестесінің бөлімшелері бойынша емес білім жүйелерінің
алфавиті бойынша қойылады.
Өзін – өзі тексеретін сұрақтар:
Каталогтың түрлерін ата.
Аралас
каталогтарды ата.
Əдебиеттер тізімін қара
Дəріс №5
Тақырыбы:
Каталогтың формалары.
Дəрістің мақсаты:
Каталогтың формаларының
жеке əдістемесін анықтау
Дəрістің мазмұны: :
Каталог пен карточкакалы каталогтың кемшіліктері.
халықаралық «МАRS» стандарты жүйесі. Оқырмандардың кітапхана
құжаттарына сұранымын қанағаттандыру кітапхана қорын каталогтарды
толық жəне жан-жақты бейнелеуге байланысты емес, сонымен бірге олардың
формасына да байланысты. Каталогтар əр түрлі формада жасалады. Керек
құжаттарды каталогтардан оңай жəне жылдам тауып алу олардың түрлеріне
де байланысты. Мыс: каталогтар кітап түрінде, плакат түрінде,
блокнот
түрінде, альбом, карточка тұрінде, машинамен оқылатын түрде, ойыншық
түрде жасалады. Каталогтардың кең тараған түрлері: кітап түріндегі
каталогтар, карточкалы каталогтар, машиналық каталогтар. (ЭВМ). Ерте
уақытта жасалған каталогтардың бір түрі тізім түрінде жасалған, дəптерге
жазылған каталог. Кейінірек каталогтарды типографиялық əдіспен, кітап
каталогтары ретінде шығара бастады.
Каталог пен карточкакалы каталогтың, өзіндік тиімділік кемшіліктері бар.
Кітаптық каталогты ықшамды пайдалануға ыңғайлы жəне сйымды 10 мың
дана қоры бар кітапхананы 500-600 беттен
тұратын кітап каталогта
бейнелеуге болады. Осындай қорды карточкалы каталогта бейнелеу үшін 14-
16 жəшігі бар 1кв.м. көлемі бар каталог шкафы бар қажет. Кітап каталогтары
кезінде музейдің кітапханасы басып шығарып тұрған. Оларға қосымша
ретінде ай сайын жаңа түскен əдебиеттердің тізімін шығарған. 19 ғ.Кітап
каталогтарды Ресейдің көптеген кітапханалары шығарып тұрды. Ұзақ
жылдар бойы дүниежүзінің барлық кітапханада кітап каталогтар
каталогтардың негізгі формасы ретінде жасалып тұрды. Бертін келе кітап
каталогтар көбінесе ірі кітапханалардың қорларын жинақты каталогтарды
басуға қолдады.
ОКЖ–ң оқырмандары орталық кітапхананың ғана қорын емес филиаларының
қоры жөнінде де хабар білгісі келеді. Кітапхана абонементті кеңінен
пайдаланып
басқа
ірі
кітапхананың
құжаттарының
көшірмесін
микрофильменен, микрофишамен алдыру мүмкіндігі де кітап түрінде
шыққан кітапхана қорының болуын талап етеді. Оларды көп данамен басып
кітапханаға кеңінен таратуға болады. Пайдалануға олар ықшамды көрнекті,
көзбен шалып танысуға болады жəне үйге алып пайдалануға да болады. Бірақ
кітап каталогтардың тиімділігіне қарамастан 19 ғ. ІІ
жартысынан бастап
барлық жерлердің кітапханаларында картотекалы каталогтар оларды
ығыстырып кеңінен таралды. Карточкалы каталогтар кітапхана қорын дəл
бейнелейді. Картотекаларды орналасу тəртібін бұзбай оған жаңа түскен
əдебиеттің карточкалары орналасқан, ал қордан шыққан əдебиеттердің
карточкасын алып тастауға болады. Яғни карточкалы каталогтарда кітап
түріндегі каталогтар мен карточкалы каталогтарды қиыстыру əрекеті болады.
Мыс: кейбір шетел жəне кеңес одағының кітапханаларында ерекше кардекс
типтес картотекалар «көрнекті» каталогтар ұйымдастырылған. Онда
карточкалар жайпақ, поднос тəріздес жəшіктерде, көлбеу əдіспен сатылы
түрде орналасады. Карточкалардың төменгі көрініп тұрған жерінде кітап
туралы негізгі мəліметтер жəне шифр көрсетіледі.
Карточкалар жайпақ
жəшіктің шеткі қабырғасына бекітіліп оның ұзындығы бойынша қозғалады
жəне оның орналасу тəртібін бұзбай жаңа əдебиеттердің карточкаларын
орналастырып, шығарылып əдебиеттің карточкаларын алып тастауға болады.
Кейбір кітапханалардың тəжірибеде робот кардекс, деп аталатын
механикалық кардекстерде болады.
Олардың жəшіктері арнаулы кнопка арқылы қозғалады. Жай карточкалы
каталогтар кодексінің тиімділігі олардың көрнектілігі де карточкаларды
қозғамай-ақ көзбен шалып бірнеше құжаттың сипаттамасын көруге болады.
Ақпараттық карточкаларды қолмен ұстамағандықтан
карточкалар тез
тозбайды. Ал негізгі кемшілігі аз сиымдылығы көп орын қажет. Соңғы
жылдары біздің елімізде дəстүрлі картотекалы каталогтарға ұқсас олардың
мақсаттарын орындайтын электронды каталогтарға өтіп қолданылуда.
Электронды каталог шетелде мыс: АҚШ-та кітапханада 50жылдардың
аяғынан бастап енгізіле бастады. Олар кітапханалар арасында компютерлік
байланысты ұйымдастыруға, машинаға жазылған библиографиялық
сипаттамалар əзірлеуде, мемлекеттік орталық құруға жəне олармен
кітапхананың өзара, алмасуына мүмкіндік туғызды.
Сөйтіп біртұтас
кітапхана аралық ақпарат торабын ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Электронды каталогты құрастыру үшін қолданылған программа міндетті
түрде мынандай қызметтерден тұрады:
1.Құжаттқа жасалған библиографиялық сипаттамаға қарсы тексеру жəне
машинаға қосу.
2.библиографиялық сипаттаманың элементтерін машинадан барлық жолдар
бойынша іздестіру
3.Библиографиялық сипаттаманы стандартты каталогты карточка түрінде
дисплейде көрсету (экран) жəне оны сол түрде карточкаға көшірмесін түсіру.
4.Жүйені нақты кітапхананың жағдайына қарай икемдеу. (каталогтың
құрамына, қорды орнықтыру тəсіліне, əр түрлі жіктеулік кестені
пайдалануға)
5.Əр түрлі кітапхананың каталогтары арасында дискеттер бойынша байланыс
қалдыру арқылы ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру.
Библиографиялық сипаттамаларды біртұтас орталықта əзірлеп оларды
кітапханаға беру жəне олармен əр түрлі кітапханалар арасында алмасу
жүргізу үшін сипатталады. Сақтаудың біркелкі стандартын ұстау қажет.
Қазіргі кезде кітапханаларда библиографиялық ақпараттық машинаға жазып
сақтау үшін халықаралық «Марс» стандарты жүиесі кеңінен таралған марс
жүйелерінде əр түрлі құжаттарды,
кітаптарды, мақалаларды, мерзімді
баспасөздерді, аудиовизуалдық материалдарды сипаттау үшін жеткілікті
түрде жолдар тізбегі берілген жəне ол библиографиялық сипатына
құрастырылуының халықаралық стандарттардың бəрімен барлық талаптарды
қамтиды. Библиографиялық сипаттамалық өңдеудің автоматтандыру жүйесін
таңдауда маңызды кезең сол сипаттанудың элементтері экранның арнаулы
жолдарына енгізіледі. Құжат жөнінде барлық жолға ақпарат берілгеннен
кейін компьютер жолдарға мəліметтерді
ажыратып, олардың араларына
тиісті айыру белгілдерін қойып, экранда сипаттамалық бейнесін көрсетеді.
Одан соң компьютердің арнаулы құрылғысы принтерлердің көмегімен
сипаттама каталогтың карточкаларға бастырады. Себебі карточкалы
каталогты электронды каталогқа өтудің алғы кезеңінде картатекалы
каталогтар қатарынан ұйымдастырылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: