шеңдестіреді.
163
Тілекті Алла берді деп,
Бабаларым келді деп,
Тәу етті барып айналып, –
деп суреттейді. Мұндағы тәу етті тіркесі өзге жырларда да кездеседі.
Мағынасы – «бас иді, тағзым етті». Бұл тіркес о баста ислам дінін
қабылдағанға дейінгі салттық-нанымдық рәсімге байланысты пай-
да болған тәрізді. Шоқан Уәлиханов былай деп жазады: «Халықтың
бірден-бір [күнкөріс] көзі болып саналатын мал атаулыны адамдар әр
түрде қастерлейтін болған: малдың сүйегін басуға болмайды, егер сүт
төгілсе, қазақтар оның кесірі тимесін деп, төгілген жерді әбден тазар-
тып, тәу етеді. Желіден аттағанда да, оның киесі бар деп санап, оған
тәу етеді», ол үшін оң қолын маңдайына, иегіне, оң иығына, одан соң
сол иығына тигізеді» (Валиханов, I, 114).
Демек, тәу ету – о баста малдың киесін сыйлау үшін, яғни оның
кесірінен сақтану үшін жасалатын нақтылы рәсімнің атауы болған.
Тәу ету тіркесі, сірә, малдан өзге де «киелілерге» (мысалы, айға) бас
июді білдірген. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды»
пьесасында екі-үш жерде ай көргендей тәу еткен деген сияқты об-
разды қолданады. Тәу ету нақты бір нәрсеге (малға, айға) бас июде
айтылады. Ал Тәңірі, Құдай (Алла) сияқты абстракт (дерексіз)
ұғымдарға қазақтар тәу етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: