173
меген). К.К.Юдахин қырғыз тіліндегі түлей («түлкү жүрбөс түлей
жол») сөзін «саңырау, мылқау» мағынасындағы дүлей сөзімен бір деп
табады да, жоғарғы мысалдағы түлей жол дегенді «глухая дорога»
(жым-жырт жол) деп аударады.
Түлей мен дүлей (дүлей күш, дүлей адам дегендердегі) сөздері
бір тұлғаның − фонетикалық екі варианты ма, жоқ, екі басқа сөздер
ме, оны этимологтердің үлесіне қалдыра тұрып, түлей сөзінің
мағынасына контекске қарай үңілсек, ол «қалың (шөп, бұта, орман,
қамыс т. б.), ну орман» дегеннен гөрі, «жапан түз, жалпақ дала» де-
генге жуық келеді. Мысалы, «Алпамыс батыр» жырында:
Қарсақ жортпас қалыңнан
Қарғып кетіп барады.
Түлкі жортпас түлейден,
Адыр-адыр белдерден
Шапқанда шаңы бұрқырап,
Жұлдыздай болып ағады, –
деген жолдарға қарағанда, түлей сөзі «ну орман» дегеннен гөрі
«жалпақ дала, ұшы-қиырсыз қашықтық» дегенді білдіретін сияқты,
өйткені жұлдыздай ағу үшін ну жынысты орман емес, адыр-адыр
белдері бар ен дала, үлкен кеңістік керек. Әрине, бұл тіркестер об-
раз ретінде қолданылған, сондықтан тіркес компоненттерінің жеке
тұрғандағы мағынасының өзгермей келуі шарт та болмас, дегенмен
образ жасайтын тіркестердің мағынасы шындықтан туатындығын
ескермеске және болмайды. Сол сияқты «Қамбар» жырында:
Түлейден қашқан түлкіңді
Ұстайын қуып ендетіп, –
дейді. Мұндағы ендетіп қуу деген тіркес «көсіліп, түлкі жолын кеу-
леп» деген мағына беретінін ескерсек, түлкі қашатын түлей – орман
емес, ашық жер, жалпақ дала.
Сірә, біздіңше, түлкі жортпас түлей дегеңдегі түлей сөзі осы
соңғы мағынаны білдіреді, «түлкі жүрмейтін жапан түз» деген
ұғымды беретін тәрізді. Жоғарыдағы мысалда да қарсақ жортпас
қалың – «орманды, шөпті дегендей жынысты жер» болса,
түлкі
жортпас түлей – керісінше, «ашық дала», яғни бұл жердегі образ
қарама-қайшы параллельдерге құрылған.
Қырғыз тілінде түлей сөзінің түлей жол тәрізді тіркесте келетіні
де осы мағынаны («жапан түз, ашық дала» дегеннен шыққан «ұшы-
қиырсыз даладағы ұзаққа кеткен жол») білдіретін сияқты, өйткені
жолдың үстінде ну жыныс, орман өспейді ғой. Қазақ жазушыларын-
да қу түлейде жорту деген тіркес те кездеседі, мұнда да тіркес «қу
дала, ен дала, жапан түз» дегенге меңзейді.