Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет109/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   284
ТЕЛІ-ТЕНТЕК.  Қазіргі  кезде  бұл  сөздің  бірінші  сыңары  екін- 

шісіне қарағанда жеке-дара өте сирек қолданылады. Ол жеке (қос сөз 

құрамынан тыс) келгенде де көбінесе тентек сөзімен іргелес, яғни 

екеуі  екі  бөлек,  бірақ  бір  сөйлем  ішінде  келеді.  Ал  көбінесе  телі-



тентек деген қос сөз болып жұмсалуы басым. Мысалы: Абайда: 

Қарсылық күнде қылған телі-тентек

Жаза тартып ешбірі сұралмай жүр.

Телі сөзінің тентек сөзіне «жабыса» келуінің екі түрлі уәжі бар 

сияқты:  екеуі  де  негізінен  «тәртіп  бұзғыш,  бұзақы,  сотқар»  деген 

мағынаға ие. Өткен ғасырлар сөздіктері тентек сөзінің лексикалық 

мағынасы «ақымақ» деп көрсетеді. Сонымен қатар ХІХ ғасыр мате-

риалын жинаған сөздікшілер бұл сөздің «қылмыскер» (преступник) 

деген  де  мағынасы  бар  деп  береді.  Мысалы,  Л.Будагов  сөздігінің  І 

томында  тентек  қырғыз  (яғни  қазақ)  тілінде  «ақымақ»  («дурак») 

деп көрсетсе (Будагов, І том 379-бет), қосымша жинаған материал-

дарында тентек «қылмыскер» («преступник») деп береді (Будагов, 

ІІ  том,  398-бет).  Ал  қазақ  қоғамындағы  заң-сот  істерін  зерттеуші 

заңгер ғалымдар тентек сөзі мен телі сөзіне сәл антонимдік мағына 



164

телиді. Қазақ тіліндегі: «тентек бақан жияды, телі қатын жияды» 

деген мәтелді «отчаянный собирает дубины, глупец набирает жен» 

деп аударады.

Бірақ тентек сөзі әрдайым жағымсыз мағынада жұмсала берме-

ген. Күні кешеге дейін бұл мағынадан өзгешелеу болып жұмсалған 

фактілерін  ауыз  әдебиеті  үлгілері  мен  ХVІІІ-ХІХ  ғасыр  ақын-

жырауларының шығармаларынан табамыз. Бұларда тентек – «белгілі 

бір ортадағы тәртіпке бағынбаған, қарсылық көрсетуші адам» деген 

ұғымда жиірек жұмсалған және жағымды мәнде айтылған. Мысалы, 

Махамбет ақында (ХІХ ғ.):

Қасарысқан қарындасқа 

Қанды көбік жұтқызбай,

Халыққа тентек атанбай,

Үйде жатқан жігітке 

Төбеден тегін атақ болар ма?!

Мұнда  қарындас  деп  отырғаны  –  өмір  сүріп  отырған  орта-

сы,  соның  тәртібі,  яғни  Жәңгір  ханның  саясаты  мен  іс-қарекетіне 

қарсылық көрсетпей («қанды көбік жұтқызбай»), яғни тентек атан-

бай,  үйде  жатып  жақсы  атақ  алмаймыз  дейді.  Кезіндегі  саясатқа 

бағынғысы келмей, Кеңес үкіметі көп қудаланған Аманғали сияқты 

ер азаматтың: «Ел ішінде бір тентек жүрмей ме екен» дегенінде де 



тентек – қылмыскер, бұзақы немесе ақымақ, есерсоқ адам емес, он-

дай адамдарды ел қудаламайды, сондықтан ел ішінде бір-екі тентек 

жүре береді. Атақты Құныскерей де – ұры емес, бұзық, сотқар, бан-

дит емес, Кеңес үкіметі тәртібін қабылдамаған тентектің бірі.



Тентек сөзінің бір кездегі осындай «еркін, ешкімге бағынбаған» 

деген  мағынасы,  сірә,  телі  сөзінде  де  болса  керек.  Мысалы  «Қозы 

Көрпеш-Баян сұлу» жырында :

Телі өскен көңіліңді тентек қылып,

Есіттірген кім еді, еш оңбасын, –

деген жолдар бар. Тағы бір жерінде: 

Телі өскен көңіліңді тентек етіп,

Сен Баянды есіңе сала берме, – 

деп  келеді.  Телі  өскен  тіркесінің  мағынасы  күңгірттеніп,  актив 

қолданыстан ығысқаны сондай, бұл тіркес осы жырдың екінші бір 

нұсқасында:  тілезіген  көңіліңді  болып  жазылған.  Егер  бұл  –  телі 

өскен-нің грамматикалық бір варианты болса, яғни телі деген есім 

сөзден жасалған туынды етістік болса, бұл тұлға телізіген болуы ке-

рек (құлазы-, егегізі- дегендер сияқты). Немесе араб жазуымен келген 

телі өскен деген тіркес дұрыс оқылмай, қате транскрипцияланған бо-



165

луы керек (ескі өлең-жырларды, тіпті ұлы Абайдың мұрасын араб гра-

фикасымен  жазылған  нұсқалардан  латын  және  қазіргі  кириллицаға 

көшірген  (транскрипциялаған)  кезде  орасан  көп  жаңсақтық,  яғни 

қате  жазу  орын  алғаны  мәлім  және  мұның  салқыны  күні  бүгінге 

дейін  тиіп  келе  жатыр.  Сөйтіп,  бұл  жолдардағы  телі  сөзі  «еркін, 

алаңсыз» деген мағынадағы үстеу (кейде сын есім болуы да мүмкін) 

болып танылады. Және бір көңіл аударатын жайт – телі сөзі есім не 

үстеу ретінде «Түсіндірме сөздікте» тіркелмеген, тек малға қатысты 

телу етістігінің түбірі ретінде телі тұлғасы ғана берілген. Демек, бұл 

күнде  телі  сөзінің  үстеу  не  есім  болып  қолданысы  мүлде  ығысып 

кеткен деуге болады.

Сонымен, «телі өскен көңілді тентек ету» деген бейнелі фразео-

логизм – «содыр, есер, есерсоқ» деген мәнде емес, «еркін, алаңсыз 

көңіліңді  бұзып,  елеңдеткен  (тентек  еткен)»  қылық  (жырда  бұл 

–  Қозыға:  «Баян  деген  атастырған  қалыңдығың  бар  еді,  сені  жетім 

деп,  қызын  бермеу  үшін  Қарабай  көшіп  кетті»  дегенді  білдірген 

ситуацияға  қатысты  жырланған  тұстары).  Сөйтіп,  алдымен,  телі 

сөзі де бұрынырақ қазақ тілінде жеке қолданылған үстеу не есім сөз 

болған,  екіншіден,  оның  мағынасы  бұл  күнгідей  «сотқар,  бұзақы, 

ақымақ,  есалаң,  есерсоқ»  дегеннен  гөрі,  «еркін,  алаңсыз»  дегенді 

білдірген. Оның қазіргі мағынасы, тіпті тентек бала дегендегі мүлде 

тарылған  семантикасы  –  соңғы  кезеңдердің  жемісі.  Телі  сөзінің 

ертеректегі  мағынасы  бірте-бірте  ығысып,  келе-келе  «ақымақ», 

тіпті  жай  ақымақ  емес,  «бұзақы,  тәртіпсіз,  есерсоқ,  сотқар»  деген 

семалық реңкі күшейіп, телі сөзі тентек сөзімен қосақталған (қос 

сөз  компоненті  болған)  тұлғада  немесе  мақал-мәтелдерде,  фразео-

логизм құрамында (телі өскен) сақталған деп түйеміз. Бұл – сөздің 

семантикалық қозғалысының жақсы бір мысалы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет