Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет112/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

ТОРҚАЛЫ ТОЙ, ТОПЫРАҚТЫ ӨЛІМ. Бұл фразеологизмдегі 

торқалы сөзінің түбірі – торқа қазіргі тілімізде де жеке қолданыла 

береді. «Түсіндірме сөздік» оның мағынасын «жібек мата» деп дұрыс 

көрсеткен. Торқа – өте ертеден келе жатқан сөз. Бабаларымыз тілінде 

торқу «жібек» дегенді білдірген (ДС, 578). Бұл жерде торқу жалпы 

«жібек» деген ұғым болу керек, ал жібектен мата да тоқылады, жіп те 

өріледі. Торқалы той тіркесі «сәнді киіммен келетін той, яғни «барын 

киіп, бақанын қолына алып келетін жиын», ал сәнді киімді жібек ма-

тадан тігілген киімдер де құрайды. Бірақ торқалы той, топырақты 

өлім дегенде торқа сөзі нақты мағынасынан алшақтап, «сәнді, қымбат 

киім»  дегенді,  оған  той  сөзі  тіркескенде  «салтанатты,  үлкен  той» 

дегенді білдіретіндігі көрінеді. Демек, бұл қолданысында (торқалы 

той)  дегенде)  торқа  сөзінде  семантикалық  қозғалыс  болғаны 

байқалады, яғни түпкі және көне «жібек» деген мағынасынан «сәнді, 

салтанатты, үлкен» деген ұғымға меңзейді. Мәтелдің екінші бөлігі – 

топырақты өлім деген де «үлкен жиын», көп елдің, алыс-жақынның 

аса  ардақты  адамды  о  дүниеге  аттандыруға  жиналған  үлкен  топ» 

деген бейнелі фразеологизм. Оның әсерлілігі той мен қаза, қуаныш 

пен қайғы сияқты контрастық ұғымдарды астарлап білдіруінде, бұл 

жерде  т  дыбысынан  басталатын  торқа  сөзі  керек  болған,  ол  той, 

топырақ сөздерімен аллитерациялық бітім жасайды.

«Түсіндірме сөздікте» «қымбат бағалы жібек матаның  бір түрі» 

деп  түсіндірілген  торғын  сөзінің  де  түбірі  –  торқа  (торқу/торғу) 

екендігі  айқын.  Сірә,  торқа  мен  торғын  тұлғаларының  қазіргі 

қазақ  тіліндегі  семантикалық  реңктері,  тіркесімдік  таңдаулары, 

қолданыстық  (контекстік)  аясы  бір-бірінен  біршама  ажырағаны 

байқалады. Торқа сөзі көбінесе торқалы той, торқа тон, қара жорға 

мінгені, қара торқа кигені сияқты қалыптасқан тіркестерде, мақал-



170

мәтелдер құрамында, өлең сөзде жиірек келеді де оның жібек деген 

синонимі жібек көйлек, жібек орамал, жібек жіп деген тіркестерде 

қолданылуы  –  норма,  қалыпты,  бейтарап  стильде  торқа  орамал, 



торқа жіп, торқа көйлек деп сөйлеу (жазу) кәнігі емес, ал торғын 

сөзі,  сірә,  жалпы  «жібек  мата»  емес,  оның  қалыңдау  ма,  ширақтау 

ма – әйтеуір, бір түрін (сортын) білдіруге бейім болуы керек, өйткені 

сөздікте берілген мысалдар торғын дастарқанторғын шымылдық 

болып  келген.  Торғын  тұлғасы  әйел  баланың  атына  да  қойылады 

(Торқа  дегеннен  гөрі).  Қысқасы,  «жібек,  жібек  мата»  мағынасын 

беретін көне сөздеріміз торқа мен торғын мағыналық, қолданыстық 

қозғалыстары бар тұлғалар болып танылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет