АЛ ИІНДІК. ХVІ ғасыр жырауы Доспамбеттің:
Жазыда көп-ақ жортқан екенбіз
Арғымақтың талдай мойнын талдырып,
Үйде қалған арудың
Ал иіндігін аудырып, –
деген өлең жолдары бар. Мұндағы бұл күнде қолданылмайтын ал
иіндік тіркесі нені білдіреді? Қазіргі де, бұрынғы да қазақ тіліне
қатысты сөздіктерде тіркелмеген. Ел/ал/ елк/еліг деген сөздің ерте-
де және өзге түркі тілдерінде «қол» деген мағынаны білдіретін сөз
екендігі мәлім. Ел/ал негізінен «қол» мағынасында оғыз тобындағы
тілдерге тән. Иін/иіндік сөздері «иық» деп түсіндіріледі. Сірә, ал
иіндік / ел иіндік тіркесі «иықтан саусаққа дейінгі тұтас қол» деген
жиынтық атау болса керек. Сонда жырау батыр Доспамбет жары-
ның (аруының) құшақтаған қолын аударып тастап жорықта, дала-
да (жазыда) көп жортқан екенбіз деп тұр, бұл тіркес негізінен ХV-
ХVІ ғасырда жасап өткен ноғайлы-қазақ ақын-жыраулары тілінде
кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |