31
берекет жасалған шабуыл» және бір мағынасы «соғыста түскен олжа
(орысша трофей)» (Юдахин, 45). Мұны қазақ тіліндегі «ұрыс-соғыста
түскен олжа» мағынасындағы (кейін жалпы «олжа, пайда, табыс»)
алапа сөзімен салыстыруға болады.
Қазақтың батырлар жырларында: Аламанға дем берген... Ноғай-
лының аламан, Махамбетте: Аламанға жел беріп... деп келеді. Бұн-
дағы аламан – «көпшілік қауым». Бірақ, сірә, жай көпшілік емес,
атқа мінген (демек, шабуылшы болу мүмкіндігі бар) көпшілік болар.
Қазіргі Атырау, Маңғыстау тұрғындары тілінде аламан – «сарбаз,
шапқыншы қол» (Омарбеков, 99). Осыған қарағанда, аламан сөзінің
о бастағы мағынасы «шапқышпылар» болған болу керек, одан «сар-
баздар, қол, әскер» мағынасына ауысуы оңай.
Және бір қызық жайт, аламан сөзі – жинақтау ұғымы бар сөз.
Аламан – жеке сарбаз, жеке шапқыншы емес, олардың жинақы атауы
(сондықтан да өткен ғасырдағы сөздіктерде аламан «шапқыншылар
тобы, тонаушы, талаушылар, тобыр» деп көрсетілген (Ильминский,
51).
Аламан сөзінің төркінін біраз зерттеушілер түркінің
ал- (алу,
алмақ) етістігінен шығарады:
ал+а+ман. Бұл сөздің этимологиясы
жайында арнайы пікір айтқан А. Махмұтов ал ~ ала тұлғалары чуваш
тілінде «қол» дегенді білдіреді, ал қол сөзінің «әскер» ұғымы қоса
бар, сондықтан аламан сөзі ал ~ ала қол, әскер/+ман (адам) деген екі
түбірден құралған күрделі сөз деп топшылайды (Этимол. сөздік, 29).
Біздіңше, аламан, алаш, алақу (алаулау) сөздерінің төркіні – ал
етістігі де емес, «қол» мағынасындағы ал сөзі де емес, монғол, қалмақ
тілдеріндегі «1) өлтіру, жанын алу, малды сою, 2) өлім әкелетін,
өлтіретін» деген мағыналардағы ала/х/
2
сөзі (Монгольс-русск. сл., 28).
Тегі, бұл – түркі тілдеріне монғол тілдерінен енген кірме сөз емес,
түркі-монғол тілдеріне о бастан ортақ сөз болар. Түркі тілдерінде
оның жеке тұрып «өлтіру» мағынасында қолданылуы жойылған да
туынды, тізбекті сөз түбірінде сақталған болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: