224
Тілдік ескіліктердің келесі бір тобын парсы тілінен іздеуі керек
болады. ХІ-ХІІ ғасырларда Орта Азияның солтүстік батыс аймағын,
Сырдарияның орта, төменгі ағысын мекендеген түркі тайпаларының
мәдени-рухани дүниесінде парсы тілі араб тілін ығыстырып, үстемдік
еткені, оның түркі поэзиясының тіліне үлкен әсер етіп, із қалдырғаны
мәлім. Сол кездерде түркі поэзиясында, оқу-ағарту саласында ак-
тив қолданылған кейбір парсы сөздерінің белгілі бір мағыналары
сақталған варианттары қазақтың ескі өлең- жырларында кездесіп
қалады. Мысалы, жырларда айтылатын астана жұрт деген тіркестегі
астана сөзі осы қолданыста ескілік болып саналады:
астан, аста-
на – «табалдырық, есік» дегеннен метафораланып, «билеушінің
(ханның) қоластындағы («табалдырығындағы») ел-жұрт» дегенді
білдірген. Ал бұл сөздің «белгілі бір мемлекеттің, хандықтың, елдің
орталық қаласы» деген осы күнгі мағынасы да парсы тіліндегі «са-
рай» деген тағы бір семантикалық вариантынан өрбіген. Алдыңғыда
(астана жұрт дегенде) астана – ескі сөз (семантикалық архаизм),
соңғы қолданыста («Англияның астанасы – Лондон» дегенде) аста-
на – біршама жаңалау, яғни қазіргі қазақтарға оның «орталық қала,
үкімет орналасқан жер» деген ұғымы түсінікті.
Мағынасы баршаға түсініксіз, бейтаныс сөздердің барлығы –
көне, жаңа не ескірген сөздер емес. Олардың басым көпшілігі –
жергілікті (аймақтық) сөздер, енді бірқатары әдеби қолданысқа жиі
түсіп қалыптаспаған бірліктер, яғни әдеби нормадағы сөздердің
синонимдік қатарлары болуы ықтимал. Ондай сөздердің мағынасын
мәнмәтінге қарап аңғаруға болады. Олар тұрпаты жағынан тілдік
жүйеге жат емес болып келеді. Мысалы, Мұхтар Әуезов шығармалары
тілінде кездесетін жошын («Осы, ана Ысқақ бір жошын! Пысық та,
сергек неме! – деді» (М.Әуезов, IVтом, 1968 ж., 19-бет), құж («...құж
десеңщі. Мынадан ба, мынадан шығады!» – Сонда, 21-бет), қозғақ
(«...кейде жер шұқып қап, қымыңдап қозғақ қағады» – Сонда, 110-
бет), нор («...ауылдарының үсті қалың нөмір, қара нор еді» – Сон-
да, 183-бет) деген сөздер, Әбіш Кекілбаев қолданған жылмаңтөс
(«Қашан көрсең де, асығыңды алдап ұтып алғысы келіп жүретін
жылмаңтөс балалардай» Ә.Кекілбаев Елең-алаң. - Алматы, 1984.
- 11-бет), әрқайын дүние, кемталай халық, шажырқай боп туған
Шыңғыс әулеті, мәмілехана, сүмірейме (самала сөзінің антонимі),
бесік (батыл сөзінің антонимі) сияқты сөздердің жеке тұрғандағы
мағыналары бейтаныс, сирек кездесетін тұлғалар, бірақ оларды жа-
зушы стильдік мақсатпен әдейі қолданған. Бұлардың ішінде бірен-
сараны ғана жазушы өзі жасаған авторлық жаңалықтар да (жолығыс –
хан, патшалардың ресми қабылдауы – аудиенция, мәмілехана (әмірші
225
сарайына келген шетжұрттық елшіні ресми түрде қабылдайтын жай,
зал), жошын, құж, нор сияқты ұмыт болған сөздер де бар.
Бұл тәрізді нормативтік сөздіктерге тіркелмеген сөздерді көркем
әдебиет үлгілерінің біразынан табуға болады. Оларды көне, не ескірген
тұлғалар немесе таза диалектизмдер, я болмаса бір қолданар окказио-
нализмдер деп танығаннан гөрі стильдік мақсатпен келген авторлық
Достарыңызбен бөлісу: