Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет149/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   284
Алтыншыдан,  мақал-мәтелдер  –  халықтың  өмір  тәжірибесінде 

түйген ой-толғамдары, танымдық кредосы, дидактикалық «ұсыныс- 

тары»,  қысқасы,  табиғи  тәжірибелік  философиясы.  Бұлардың  дені 

–  өте  ертеден  келе  жатқан  тілдік-танымдық  дүниелер  (бірліктер). 

Сондықтан  қазақтың  мақал-мәтелдерінде  түсініксіз,  бұл  күнде 

қолданылмайтын,  жеке  сөздер,  сөз  тіркестері,  морфологиялық  бір- 

ліктер  (жұрнақтар,  жалғаулар,  сөз  сегменттері)  кездеседі.  Бүгінгі 

қазақтар  бұл  мақал-мәтелдердің  жалпы  мағынасын  жақсы  біледі, 

сондықтан  оларды  орнымен  қолданады.  Мұндағы  түсініксіз,  бей-

таныс сөзді немесе жұрнақты, сөз бөлшегін мәнмәтінге (контекске) 

қарай өзінше топшылайды. Мысалы, Бүлген елден бүлдіргі алма де-

ген нақыл сөз бар. Мұндағы бүлген – көне сөз, бүгінде қолданылатын 



бүліну етістігімен түбірлес, бірақ мағынасында өзгешелігі бар. Бүліну 

етістігінің  мағыналарын  түсіндірме  сөздік  былайша  түсіндіреді: 

«Бір  нәрсенің  бұзылуы,  жарамсыз  болып  қалуы,  қирау  («соғыс 

әлегімен бүлінген кәсіпорындар»)» (2-том, 1967, 569-570-б.), «ласта-

нып,  былғану»,  («үстім  бүлінеді  деп  жұмыстан  қашты»),  ауыспалы 

мағынада «тәртіп нашарлап бұзылу» («ол ішкілікке салынып, бүлініп 



болды»).  Бүліну  сөзінің  бұл  ауыспалы  мағынасынан  «шықпаған 

егіннен  жер  бүлінеді,  олақ  бастықтан  ел  бүлінеді»  деген  жаңаша 

мәтел де бар деп көрсетеді. Ал бүлу етістігінің денотатив мағынасын 

10  томдық  түсіндірме  сөздікте:  бүліну  етістігінің  көне  тұлғасы  деп 

көрсетеді  де  «осы  айтқаным  болмаса,  ноғайлы  елің  бүледі»  деген 

эпостық жырдан мысал келтіреді. Бүлу сөзі көбінесе ел сөзімен келеді, 

мәнмәтінге қарасақ, бүлу – «бір елдің қарсыласынан жеңіліп, әбден 

ойрандалуы, ыдырауы» дегенді білдіреді. Әрине, бүлу тұлғасында да 

«бүліну, бұзылу» семасы (мағыналық реңкі) бар, бірақ бұл күнде бүлу 

тұлғасы осы мағынада еркін жұмсалмайды. Демек, көнерген тұлға, 

ол көбінесе мақал-мәтелдерде, ХV-ХІХ ғасырлардың жырауларының 

өлең-жырларында кездеседі. Тіпті «күні кешегі» Махамбет ақын да:

Біздің ер Исатай өлген күн,

Он сан байтақ бүлген күн, –

дейді. Бұл жолдарда екі көнелік бар: байтақ – «ел жұрт, қауым», бүлу 

–  «ойрандалу,  жеңілу»  мағыналарын  білдіретін  қолданыстар.  Сірә, 

ертеректе  бүлу  деген  көне  тұлға  жиірек  қолданылған  болу  керек, 



221

бұдан бүлгіндікбүлгіншілік деген абстракт есім атаулары жасалған 

деуге болады.

Екінші бір мысал. «Хан – қазық, қарашы – азық», «Хан қасында 



қарашың болса, қара жерден кемең жүрер», «Ханды Құдай алайын 

десе,  қарашасымен  қас  болар»,  «Ханның  ісі  қарашыға  да  түседі», 

«Ханның жақсы болмағы – қарашаның елдігі» деген мақал-мәтелдер 

бар. Бұларда хан-қарашы жұбы орын алады. Бұл күнде (сірә, ХІХ-

ХХ ғасырлардан бастап) қарашы сөзі «бай ауылдардың, әлділердің 

төңірегіндегі  қара  халық,  кедей-кепшік,  жарлы-жақыбай»  деген 

мағынаны  білдіреді  деп  түсінеміз  (ҚТТС;  3-том,  1982,  88-бет).  Ал 

ертеректе, орта ғасырларда, қарашы деп ханға қызмет ететін, бірақ 

экономикалық  жағынан  тәуелсіз,  басы  азат  әлеуметтік  топтың 

уәкілін  атаған.  Ханның  қоластындағы  бағынышты  кез  келген  адам 



қарашы деп аталмаған, ханға тікелей қызмет ететін, тіпті сановник, 

кеңесші сияқты правосы (қызметі) барлар ғана қарашы болған. Олар 

ақсүйектер әулеттерінен болғанын XVI ғасырда қазақ хандығындағы 

қарашы  институты  жақсы  көрсетеді:  жалайыр  руының  белді  биі 

(басқарушысы)  Қадырғали  Қасымұлының  Тәуекел  ханның  неме-

ре  інісі  ханзада  Оразмұхамедтің  қарашысы  болып  қызмет  еткенін 

білеміз.


Міне, қарашы/қараша деген түркі-монғолдық сөз (бұл сөз монғол 

тілінде  қарачу  тұлғасында  о  баста  хан  әулетіне  жақын,  бірақ  оған 

жатпайтын әлеуметтік топ уәкілін атаған, кейін келе монғол тілінде 

де қарачу –«қара халық, бұқара» деген мәнде жұмсалатын болған). 

Бұл  сөз  –  тарих  қойнауына  кеткен  реалийдің  атауы,  яғни  хандық 

пен оның айналасына қатысты институттар тарих төрінен кеткеннен 

кейін бұларға қатысты атаулар да ескірген сөз – историзм деген топ-

тан орын алып отыр.

Мақал-мәтелдердегі  ескіліктердің  бір  алуаны  өзге  тілдік  болып 

келеді, олар көбінесе монғол, араб, парсы тілдерінің сөздері екендігі 

байқалады.  Мысалы,  «әр  ханның  тұсында  бір  сұрқылтай»  деген 

нақыл сөз бар. Мұндағы сұрқылтай сөзін бұл күнде ешкім білмейді 

(әрине, зерттеуші мамандардан басқа). Сондықтан көркем әдебиетте 

әр  жазушы  әртүрлі  мағынада  жұмсап  келеді.  Көбі  жағымсыз 

семантикалық  ұғымда  келтіреді,  кейбірі  бұл  сөзді  адамға  емес, 

өзге  есімдерге  (сұрқылтай  жылқы,  сұрқылтай  заман)  қатысты  да 

жұмсайды.  Бұл  жерде  жазушылар  сұрқылтай  мен  сұрқай  сөздерін 

сыртқы дыбыстық ұқсастығына қарай шатастырып алғанға ұқсайды. 

Мұндай құбылысты ғылымда парономиялық аттракция дейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет