Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет155/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

шым-шытырық,  быт-шыт  дегендердегі  айырып  (курсивпен) 

көрсетілген тұлғалардың жеке тұрғандағы мағынасын ешкім бірден 

тап  басып  айта  алмайды.  Бұлардың  көбі  –  ертеде  түркі  тілдерінде 

орын  алған  сөздер  не  бөгде  тілдік  тұлғалар.  Мысалы,  өлім-жітім 

дегендегі  жітім  сөзінің  түбірі  –  жіт-  деген  етістік,  ол  көне  түркі 

жазба ескерткіштерінің тілінде «жоғалу, жоқ болу» дегенді білдірген, 

бұл  етістік  ертеде  өл-жіт  деп  қосарланып  та  қолданылған.  Жіт- 

(йіт-)  түбірінен  йітік  (жітік)  сияқты  ссім  сөз  де  жасалып,  жоқ 

сөзінің тепе-тең синонимі болып келеді. Демек, жіт – «жоқ болу», 

бұнда етістік – өл- сөзінің синонимі, ал семантикалық ұя біреу: өлу 

де – «жоқ болу», жоқ болу – «өлу». Бұндай кейде тең, кейде сино-

нимдес  сөздердің  қосарлана  қолданылуы  түркі  тілдерінде,  оның 

ішінде қазақ тілінде кеңінен орын алғанын білеміз, мұның уәждері 




230

де түсінікті: мағыналас екі сөз қос сөз құрылымының семантикалық 

қуатын күшейтіп тұрады, анықтай түседі.

Айып-шамы  жоқ  дегендегі  айып  сөзінің  мағынасы  түсінікті,  ол 

жеке де қолданылады, ал шам тұлғасы да көне түркілер тілінде жеке 

тұрып «дау, талас» дегенді білдірген (ДТС, 137). Бұдан чамла – «тала-

су, дауласу» чамлық – «дау-дамай, талас», чамсыз – «талассыз» деген 

сөздер болғанын да көне түркі сөздігі көрсетеді. Бүгінгі қазақ тіліндегі 

шамдану, шамына тию, шамырқану сөздерінің түптөркіні – осы көне 

түркілік  шам  сөзі  болуы  керек.  Ал  көне  түркілік  шам  тұлғасының 

өзі қытай тілінің сөзі болуы мүмкін деген болжам бар. Ол күнде бұл 

сөз чун (хун) – қытай түркі аралас-құраластығы дәуірінен келе жатқан 

сөз болар. Бүгінгі түркі тілдеріне тікелей қытай тілінен ауысқан деп 

кесіп айтуға болмас, өйткені қытай тіліндік кірме бірліктер бұл күнде 

белгілі жүйе түзбейді. Сөйтіп, бүгінгі плеоназмдық, яғни қос сөз құрап 

қатар келтірілген мағыналас екі сөздің біреуі не ұмыт болған өте көне 

сөз болса, оның өзі көбіне-көп бөгде тілдік болып келеді екен. Мы-

салы, некен-саяқ дегендегі алғашқы сөз қазақ үшін түсініксіз, ал саяқ 

«жеке, дара» [жүретін мал, адам] деген мағынада жұмсалады. Некен 

– монғол сөзі, оның да мағынасы – «жеке, дара». Сол сияқты телі-



тентек, қыз-қырқын, телегей-теңіз, жапа-тармағай, келін-кепшік, 

жөн-жосық,  жай-жапсар,  көрші-қолаң,  жарлы-жақыбай,  тарту-

таралғы,  шал-шауқан,  шәлкем-шалыс  сияқты  қос  сөздердің  не 

бірінші, не екінші сыңары – бұл күнде жеке айтылмайтын мағынасы 

күңгірт сөздер. Олар да, жоғарыда айтылғандай, не бөгде тілдің, не 

көне түркілік тұлғаның, не түркілік синонимдердің бірі болып табы-

лады.

Қос сөздер құрамындағы ескі бірліктер көбінесе этимологиялық 



ізденістердің  нысаны  болып  есептеледі.  Мысалы,  ағыл-тегіл

азын-аулақ,  алба-жұлба,  ағайын-ажы,  әуре-сарсаң,  бөлек-салақ

дені-қарны,  дос-жаран,  жүдеп-жадау,  кіші-гірім,  қыз-қырқын, 

қиын-қыстауләм-миманда-санда, сүйек-саяқ, ептеп-септеу, сый-



сияпат,  қуғын-сүргін,  сыбай-салтаң,  жылап-сықтап,  түйе-теге

телегей-теңіз, тоқты-торым, арық-тұрық, ұсақ-түйектым-тырыс

ұшан-теңіз,  үрім-бұтақ,  бала-шаға,  шама-шарық,  жауын-шашын 

деген қос сөздердің курсивпен көрсетілген сыңарлары – бұл күнде 

жеке  қолданылмайтын,  жеке  тұрғандағы  мағыналары  да  түсініксіз 

тұлғалар екендігі көрініп тұр. Осылардың этимологиясымен кезінде 

Ә.Қайдаров,  І.Кеңесбаев,  М.Қарашева,  Б.Сүлейменова,  С.Исаев, 

Ш.Сарыбаев,  А.Махмутов,  Ә.Құрышжанов,  Ж.Болатов  сияқты 

ғалымдар айналысып, жақсы көрсетіп берген болатын (Қазақ тілінің 

қысқаша этимологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1966).



231

Бұл көрсетілгендер сияқты бүгінгі қазақ тілінде дербес мағынаға 

ие  болып,  жеке  қолданылмайтын,  бірақ  түптөркінін  қаузағанда, 

көпшілігі  көне  түркі  сөздері  екендігін,  бүгінгі  күнге  фонетикалық-

морфологиялық бітімдері өзгеріп жеткен сөздер болып танылатынын 

көрсету үшін ғана әңгіме еттік. Ал біздің бұл жұмыста зерттеу нысаны 

болып отырған лексикалық бірліктер – жеке сөз ретінде ертеректегі 

өлең-жырларымызда, мақал-мәтелдерімізде қолданылған тұлғалар.

Кейбір  көне  сөздер  белгілі  бір  тіркесте  ғана  сақталған  болып 

келеді. Мысалы, Шалкиіздің (XVI ғ.) толғауында кездесетін атайы 



ер деген тіркес бар. Сөз түбіріне қарап, оны айтулы, атақты, ата-

улы  сөздерінің  синонимі  шығар  деп  топшылауға  болады,  жоғарғы 

сөздер де ескі өлең-жырларда ер сөзімен тіркесте қолданылған. Бұлар 

мағына  жағынан  осы  күнгі  атақты,  белгілі  деген  сөздерге  жақын. 

Дегенмен Шалкиіз қолданған атайы сөзінде «атақты» дегеннен гөрі 

тұтас тіркес «нағыз батыр» деген мағынада келеді. Шалкиіз:

Атайы ердің тұсында

Тұлпары  тұрар  шарық  ұрып,  –  дейді,  яғни  нағыз  батырдың 

қасында тұлпары дайын тұрар дейтін сияқты. Немесе: 

Атайы ердің баласы,

Атадан жалғыз тудым деп,

Басына қиын іс келсе,

Ісін көпке салар ма? – дегенінде әңгіме етіп отырған жай атақты 

(аты шыққан) ер ғана емес, қас батыр дегенге меңзеп тұрған тәрізді.

Атайы  сөзі  атақты,  айтулы  деген  сөздермен  түбірлес  (ат, 

атақ) болып көрінгенмен, мағынасы жағынан бұлардан бөлек (өзге) 

сөз болуы керек деп те топшылауға болады. «Күшті, мықты» деген 

семантикалық негізі не реңкі бар бұл сөздің атайман, атайтын де-

ген варианттары да бар. Жергілікті сөз ретінде: атайман жігіттер, 



атайман жылқы, атайман түйе дегендерде «күшті, мықты» деген 

мағынада  қолданылады,  ол  Қызылорда,  Сыр  бойында,  Орынбор 

маңында  «өте,  тым,  тіпті»  деген  мағынада  (атайман  алыс  екен,  ет 

атайман  семіз  екен,  күн  атайман  суық  екен),  тіпті  бір  жерлерде 

(Қызылорда,  Қармақшы  аудандарында)  «бұзық,  қырсау»  (атайман 



мал) мағыналарында жұмсалады (ҚТАС, 76-бет).

Сөйтіп, батырлар жырларында атайы ер («мықты, күшті ер, қас 

батыр») деген тіркес атаулы, айтулы ер («атақты, даңқты» ер) деген 

қолданыстарда  мәнмәтінге  қарап  екі  түрлі  мағынадағы  және  біреуі 

(атайы) ескіліктің бірі деп танылған дұрыс.

Сол сияқты қоғалы көлдер, қом сулар деген бейнелі тіркестегі қом 

сөзі  –  көне  сөз,  мағынасы  «толқын»,  демек,  «жағасына  қоға  өскен 

(тыныш  жататын)  көлдер  мен  толқыны  болатын  өзендер»  дегенде 




232

өте ертедегі бабаларымыздың тілінен қалған қом (толқын) сөзі тек су 

сөзімен тіркесте ғана сақталыпты.

Батырлар жырында жиі кездесетін толғамалы деген сөз негізінен 



толғамалы  ақ  найза,  толғамалы  ала  балта,  толғамалы  ақ  сүңгі, 

толғамалы найза деген тіркестерде кездеседі. Бұлардағы толғамалы 

сөзі – «оралған» дегенді білдіретін өте көне сөз, яғни найза, сүңгі, 

ай  балта  (ала  балта)  сияқты  ұрыс-соғыс  құралдарын  ұстағанда 

(жұмсағанда)  саптары  қолдан  сусып,  жылжып  кетпеуі  үшін  оны 

былғары,  қайыс,  жіп  сияқтылармен  орап  тастайтын  болған  неме-

се  олардың  ағаш  саптарын  орама  (спираль)  түрінде  кертіп  қоятын 

болған. Мұндай қарулар толғамалы (саптары оралған, орама түрінде 

кертілген) болып келген. Демек, өте ертедегі бабаларымыз бір нәрсені 

«орау, үйіру, иіру» дегенді толғау деген екен: ol jun tolyadi – он мотал 

шерсть (ДТС, 1969,573-бет).

Міне, лексикалық ескіліктер сақталған көздер – осындай. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет