Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


Лексикалық бірліктердің көнеру, ескіру уәждері мен кездері



Pdf көрінісі
бет156/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   284
Лексикалық бірліктердің көнеру, ескіру уәждері мен кездері

Жеке сөздердің және сөз тіркестерінің ескіру уәждері (себептері) 

тіл дамуы мен сол тілді пайдаланушы халықтың әлеуметтік-мәдени 

тарихының  әр  кезеңіне  қарай  әртүрлі  болып  келеді,  яғни  тілдік 

бірліктердің ескіруіне себепкер болатын факторлар орын алады. Ал-

дымен, жеке бір халықтың тілі ретінде қалыптасу барысында ертедегі, 

арғы бабалар кезеңіндегі бірқатар қолданыстар ығысып, жаңаларына 

жол  береді.Айталық,  көне  түркілер  деп  аталатын  замандарда  сөз 

(речь) дегенді бабаларымыз саб/сап/сеп/сау деп атаған екен. Уақыт 

өте келе, оның түркілік тұлғасы бүгінгі қазақ тілінде сөз саптау (сөз 



сөйлеу),  сауын  айту  (сөз  айту)  сияқты  тіркестерде  ғана  сақталып 

қалған. Бірқатар сөздердің өте әрідегі бабаларымыздың тілінде, яғни 

көне түркі тілдерінде қолданыста болып, ғасырлар өткенде олардың 

мағынасы, кейде тұлғасы да ұмытылуы – лексикалық ескіліктердің 

пайда болуының бір уәжі. Мысалы, эпостық жырларда және кейбір 

өлең-толғауларда кездесетін алаулау етістігінің мағынасы «соғысу» 

болса, оның себебі ала сөзінің өте ертедегі «өлтіру, қырып-жою» де-

ген семасы (мағыналық реңкі) болғандығына байланысты. Айталық, 



ала балта (ұрыс қаруы), ала қырғын, ала топалаң, ала сапыран (ұрыс-

төбелеске қатысты қолданыстар) сияқты сөздер осыны көрсетеді. Де-

мек, Қобыланды батыр:

Алаулаған қалмақтан,

Кегімізді барып алармын, – дегенінде, Махамбеттің: 

Алты күндей алаулап,



233

Он екі күндей ой ойлап, – дегенінде қолданылған алаулау сөзі – 

«соғысу» мағынасындағы өте көне сөз.

XV-XVI  ғасырлардағы  қазақ  жыраулары  қолданған  қоғалы 



көлдерқом сулар деген тармақтардағы қом сөзі де бұл күнде қазақ 

тілінде  ұмыт  болған,  өте  ертеде  түркі  бабаларымыздың  толқын 

дегенді  осылайша  атаған  екен,  сонда  қом  су  –«толқыны  бар  өзен» 

дегенді білдірген болып шығады. Қом «толқын» – бұл күнде мүлде 

ұмытылған, мағынасы күңгірт тартқан көне сөз (архаизм), сондықтан 

оны жаңылысып құм сулар деп те жазып жүр.

Өте-өте  ертеде,  мүмкін  тіпті  «алтай  теориясы»  бойынша  түркі-

монғол  тіл  бірлестігі  кезеңіне  баратын  сөздердің  көнеру  уәжі  тіпті 

түсінікті.  Олардың  көнергендігі  соншалық  –  тек  бірен-саран  «це-

менттелген» тіркестерде ғана сақталып қалған сияқты. Мысалы, тас 



қараңғы, тас түйін, тас қып байлау, тас табандау деген тіркестер 

бар.  Осылардағы  тас  компонентінің  тау-тас,  тас  көмір  деген 

тіркестердегі тасқа еш қатысы жоқ. Тас деген сөз – монғол тілдерінде 

«мүлдем, әбден, нағыз, тым, өте» деген мағынаны білдіретін сөз екен. 

Алдыңғы тіркестердегі тас-тың семантикалық реңкі монғол тіліндегі 

сөзге  келеді:  тас  жетім  –  нағыз  жетім,  тас  қараңғы  –  мүлдем 

қараңғы т.т. Бұл, сірә, тілдердің генезистік табиғаты жағынан «алтай 

теориясына», яғни түркі мен монғол тілдерінің о баста бір кіндіктен 

тараған деген ғылыми болжамға алып баратын сияқты. Әрине, мұндай 

талдаулар  негізінен  этимологиялық  ізденістерде  болады.  Дегенмен 

қазақтың ертедегі өлең-жырларында, мақал-мәтелдерде, әсіресе қос 

сөздер  құрамында,  тұрақты  тіркестерде  кездесетін  ескіліктердің 

бірқатарының пайда болу уәждерін монғол, парсы, араб, тіпті бірен-

саранын  қытай  халықтарымен  болып  отырған  аралас-құраластық 

факторларынан іздеуге тура келеді.

Қазақ халқын құраған ру-тайпалар өзінің қалыптасу, әрі қарай да-

раланып даму (өмір ауру) тарихында бүгінде өзге түркі халықтары 

болып  кеткен  ру-тайпа  одақтарымен  «күні  кешеге»  дейін,  яғни 

XVI-XVIІ  ғасырларға  дейін  аралас-құралас,  жегжат-жұрағаттас, 

құдандалас, көш-қоныстас болып келгені белгілі. Демек, бүгінде өзге 

түркі  халқына  кіріп  кеткен  туыстардың  тілінен  ауысып  сақталған 

бірліктер де бұл күнде ескілік болып танылатын себебін осы аралас-

құраластықтан іздеуге болады. Бұған ноғайлы цикліндегі эпикалық 

жырларда кездесетін ноғайлық, құмандық (кумандық) т.б. сөздер мен 

тіркестер куә. Мысалы, сақыну (сақтану), төгерек (дөңгелек), сақсыр 

(ішкиім),  шапшақ  (күбі),  су  (өзен),  сұб  аяқты  (ұзын,  арық  аяқты), 



миық (мұрт) сияқты сөздерді қазіргі ноғай тілінен ұшыратамыз. Ал 

бұлар «Едіге», «Ер Сайын» жырларында сақталған.




234

Бірқатар сөздердің ескіруіне олардың мағынасын білдіретін өзге 

бір сөздердің жиі (актив) қолданысы да себепкер болады. Мысалы, 

парсының кедейбайғұс сөздерінің соңғы дәуірлерде жиі қолданысқа 

түсуі көне түркілік шығай деген сөзді ығыстырып, «ескіліктер отря-

дына» қосып жіберген. Сол сияқты күні кешеге дейін, тіпті бүгінгі 

ауызекі сөйлеу тілінде жиі қолданып келген қатын сөзіне қарағанда 

бүгінде  әйел  сөзі  әлдеқайда  активтеніп,  қатын  вариантын  мүлдем 

ығыстырып,  ескілік  статусына  жеткізбегенмен,  тұрпайы  неме-

се  қарапайым  элементке  апарып  отыр.  Демек,  сөздерді  ескіртетін 

фактордың  тағы  біреуі  қолданыс  жиілігінің  біртіндеп  әлсіреу 

құбылысы деуге болады.

Фонетикалық түзілісі жағынан бірнеше вариантты болып келетін 

кейбір  сөздердің,  әсіресе  бөгде  тілдік  элементтердің  кейбірінің 

қолданыстан ығысып, ескіре түсулеріне жазба тілдің ықпалы күшті 

болады.  Мысалы,  XX  ғасырдың  30-40-жылдарына  дейін  даража, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет