Ойлығу. Сылығу. «Едіге» жырында:
Он жеті дос ұйлықты,
Ұйлыққанның белгісі – бір-біріне сылықты,
Еш амалын таппады, –
деген жолдардағы ұйлықты, сылықты сөздері қазақтар үшін бей-
таныс болар деп проф. Мелиоранский түсініктеме жасайды. Бұл
жердегі ұйлықты етістігін ғалым ойлықты деп оқыған болу керек,
оның мағынасын Ж.Сейдалиннен сұрайды. Қазақ комментатор мұны
ойлану сөзінің варианты болар деп түсіндіреді. Ал сөз ойлықты емес,
ұйлықты болса керек. Бұл тұлға қазақ тілінде жергілікті қолданыс
ретінде сақталған. Қазақ жерінің Ақмола, Атбасар өңірлерінде
ұйлығу «дағдару, қысылу» дегенді білдіреді (ҚТАС, 2005, 697-бет).
Сылығу етістігі де диалектизм ретінде батыс өңірлерінде сақталған,
ол «сығылысу» деген мәндегі қолданыс» деп көрсетілген (сонда,
625-бет). Контекске Едіге 17 досына, яғни 17 кедайына түсін жо-
рытады. Алғашқыда олар қысылады, жори алмай дағдарады, оның
белгісі – бұлар бір-біріне сылығады, сығылысып, топтанады деп
түсінген дұрыс болар. Екі сөз де қазірде қолданыста жоқ. Бұлар ерте
кезеңдердің сөздері болар әлде ноғай тілінің көрінісі ме? Әлде де
іздестіре түсу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |