Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет225/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

бұлт қоршайды деп жазылуы көрсетілген сөздердің сыртқы тұлға- 

сын  ғана  емес,  мағынасын  өзгертіп  тұр:  бүлү  мен  бүліну,  бөліну 

дегендердің  үшеуі  –  үш  түрлі  мағынадағы  бірліктер,  сол  сияқты 

қоршау мен құрсау сөздерінің түбірлері бір болуы мүмкін: құр – «бел, 

қоршауда,  құрсауда  «орап  алу»,  яғни  «бүркеу»,  бірақ  біреуі  –  көне 

тұлға (құр), екіншісі – оның өзгерген түрі (қор).

6. Өлең-жырлардағы ескіліктердің көбі белгілі бір тіркесте келеді 

де көбінесе заттың, құбылыстың бір белгісін білдіретін тұрақты эпи-

тет болып табылады: ауыр жұрт, ауыр қол, ауыр әскер, ереуіл ат, қом 

су,  толғамалы  ақ  сүңгі,  толғамалы  ала  балта  дегендегі  курсивпен 

көрсетілген көне, ескі тұлғалар көбінесе образ жасайтын бейнелі сөз 

болуға  бейім  тұрады.  Сондықтан  көбінесе  олар  стереотип  (кәнігі, 

қалыпты) қолданыстар тобын құрайды (буырқанып-бұрсанып, мұздай 



темір  құрсанып,  қу  толағай  бастану,  қағанағы  қарық,  сағанағы 

сарық).


332

7. Қос сөз құрамында келетін ескі сөз, яғни қос сөздің бір сыңары 

не бөгде тілдік сөз не көне түркі сөзі болады (некен-саяқ, бала-шаға, 

шал-шауқын,  қыз-қырқын).  Қос  сөз  құрамының  бір  сыңарының  не 

көне, не бөгде тілдік тұлға екенін бүгінгі қазақтар сезе де бермейді, 

ол сөздің жеке тұрғандағы мағынасы қандай деп іздеп те жатпайды, 

өйткені  айтушы  ол  сөзді  бір  мағынадағы  бір  сөз  деп  қабылдайды, 

сондықтан әрбіреуінің жеке-жеке мағынасын іздемейді, өйткені қос 

сөздің жалпы мағынасы түсінікті.

8.  Ескіліктердің бір алуаны өзге тілдік болып келеді, бірақ оның 

жырлардағы, мақал-мәтелдердегі мағынасы бүгінгісінен өзгеше бо-

лады.  Мысалы,  парсы  тілінен  ертеректе  енген  майдан  сөзінің  осы 

тілдегі «көкмайса», «көк орай шалғын» деген бір мағынасы жырлар-

да жиі қолданылған (қонар болсаң, жануар, міне – майдан, міне – саз

бұндағы майдан парсыша «көкмайса алаң», саз да – осы мағынадағы 

түркі сөзі); сұм, сұмырай сөздері қазақ жырларында «бақытсыз, сор-

лы» деген мағынада келеді.

9.  Ескілік  деген  танымда  сыртқы  тұрпаты  өзгеше  келген  тұлға- 

ның  айтылып-жазылуы  бүгінгіше  келгенмен,  мағынасы  өзгеше 

семантикалық ескіліктер болатынын білу керек.

10.  Көне,  ескі  сөздерден  басқа  бүгінгі  қолданыста  ара-тұра 

кездесетін, бірақ дәл мағынасы ұмытыла бастаған бірліктер типі де 

бар, олар – «күні кеше»: өткен ғасырда, не бұдан 20-30, 30-40, 40-

50,  80-90  жыл  бұрынғы  реалийлердің  (заттардың,  ұғымдардың) 

атаулары  (мәліш  сауда,  ақшомшы,  шар  салу;  майыр,  қағаздату, 



қарақағаз, социалистік жарыс, екпінді бригада, мыңшылар, станов-

шы т.б.). Мұндай сөздер – көне сөздерге қарағанда, әлдеқайда жиірек 

ұшырасады және мағыналары да біршама түсінікті не тез табуға бола-

тын тұлғалар. Сірә, оларды бөлек атағаннан гөрі ескірген (историзм) 

сөздердің бертінгі тобы деп те айтуға болар. Келесі 40-50 жылда бұл 

сөздер де таза историзмге, кейбірі тіпті архаизмге де айналып кетуі 

сөзсіз.


11.  Бұл  жұмыста  лексика-фразеологиялық  ескіліктер  түгел  жи-

налып,  талданып  отыр  деуге  мүлде  болмайды.  Бұл  –  сірә,  керек 

материалдардың  және  жүргізілетін  талдаудың,  олардан  шығаратын 

тұжырым-түйіндердің  бестен  бірі,  тіпті  оннан  бірі  (одан  да  аз 

бөлігі)  болар.  Жоғарыда  дәлелдеп  айтылды,  бұл  жұмыс  –  бірнеше 

зерттеушінің,  аса  көп  жарық  көріп  келген,  жарық  көріп  жатқан 

жазба  дүниелерден  мұқият  материал  жиналатын,  оларды  әр  қыры- 

нан,  көптеген  түркі  тілдерінің  және  көне  түркі  тілдерінің,  орта 

ғасырлардағы  түркі  ескерткіштерінің  материалдарын  салысты-

ра,  салғастыра,  іздестіре,  жұптастыра  отырып  орындайтын  жұмыс. 

Бұл  жұмысты  әрі  қарай  шәкірттеріміз,  шәкірттеріміздің  шәкірттері 

жалғастырады деп назарларына салып отырған талап-тілегіміз.




333



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет