Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»


Сөздік қазынаның молаю уәждері, жаңа қолданыстардың



Pdf көрінісі
бет250/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   284
Сөздік қазынаның молаю уәждері, жаңа қолданыстардың 

пайда болу себептері

Тілдің лексикалық құрамының толығу, молаю процесіне негізінен 

екі түрлі фактор себепкер болады: бірі  сыртқы, яғни тілдің құзы- 

рынан  тыс  факторлар,  мұны  тіл  білімінде  экстралингвистикалық 

деп  атайды.  Тіл  тіршілігіне  өзінің  ішкі  зандылықтарынан  тыс 

әсерін тигізетін жағдайлар  сол тілді қолданып отырған халықтың 

әлеуметтік  өмірі,  осы  өмірдің  белгілі  бір  кезеңдегі  талаптары, 

сұраныстары, мүдделері. Сыртқы фактордың тілге тигізетін ықпалы 

негізінен оның лексика саласында көрінеді. Сонымен қатар белгілі 

бір тілдің функционалдық стильдерінің түрленуіне (сала-салаға та-

рамдалуына)  және  олардың  кейбірінің  қызметінің  жанданып,  енді 

бір  функционалдық  стильдердің  бәсеңдей  бастауына  да  әлеуметтік 

факторлардың «тепкісі» болады.

Қазақ  тілі  лексикалық  құрамының  едәуір  жедел  түрдегі  қозға- 

лысы,  яғни  жаңа  қолданыстардың  көзге  түсерліктей  сипатта  және 

мол  мөлшерде  дүниеге  келген  тұсы    1990  жылдардан  басталды. 

Мұның басты уәжі (себебі) – қазақ тілінің мемлекеттік тіл статусына 

(дәрежесіне, мәртебесіне) ие болуы еді. Бұл мәдени, идеологиялық, 

тіпті саяси үлкен күші бар құбылыс  қазақ тілінің сөздік қазынасында 

өзгеріс-жаңалықтардың  пайда  болуына  ғана  емес,  тілдің  бүкіл 

болмыс-тіршілігінде  де,  әлеуметтік  қызметінде  де  бұрын-соңды 

болмаған жаңалықтардың, соны сипаттардың бел алуына жол ашты.

Қазақ  тілінің  жаңа  статусына  сай  енді  оның  беделін  арттырып, 

әлеуметтік  қызметін  күшейту  қажет  болды.  Тілдің  беделі  ресми 

заңмен,  сол  заңды  желеу  еткен  құр  айқай-ұранмен  көтерілмейтіні 

белгілі.  Алдымен,  мемлекеттік  тіл  ретінде  көрінуі  үшін,  ол  сөздік 

қазынасы бай, әдеби нормалары реттелген, қоғам өмірінің барлық са-

ласында қызмет ететін құрал болмаққа керек. Ең негізгісі – әрі қарай 

дамудағы  тіршілігінде  жай  даму  емес,  іс  жүзінде  жетілу  сияқты 

оң  сипатқа  ие  болуы  қажет.  Бұл  жетілу  процесі  тілдің  әлеуметтік 

қызмет  аясын  кеңейтумен  шектелмейді  (дегенмен  ол    басты  та-

лап), сыртқы экстралингвистикалық та, тілдің ішкі лингвистикалық 

та  зандылықтарын  іске  қосады.  Атап  айтқанда,  жаңа  лексикалық 

бірліктерді  жасау  принциптеріне  өзгеріс  енді:  олардың  қай  көзден 

(«сүйектен»)  және  қандай  тәсілдермен  жасау  амалдарына  жаңаша 

көзқарастар туды.

Ең  алдымен,  XX  ғасырдың  соңғы  60-70  жыл  барысында  молы-

нан  енгізілген  (қолданылып  келген)  орыс  тілі  арқылы  келіп  актив 

қолданылып  жүрген  жай  сөздердің,  терминдік  бірліктердің  уәжді- 

уәжсіз  сәттеріне  сын  көзімен  қайта  қарау  басталды.  Бұрын 

әсіресе  баспасөзде,  ресми  құжаттар  мен  ғылыми  еңбектерде  еркін 



368

қолданылып  келген  устав,  программа,  протокол,  указ,  секретарь, 



председатель,  пенсия,  пенсионер,  ветеран,  рекомендация,  доку-

мент,  тенденция,  командировка,  проводник  сияқты  сөздер  білдіре- 

тін ұғымдарды қазақ тілінің өз мүмкіншілігімен беруге болатынды- 

ғына  назар  аударылды,  нәтижесінде  жарғы,  бағдарлама,  хатта-

ма,  хатшы,  төраға,  зейнеткер,  ардагер,  құжат,  үрдіс/ұстаным, 

іссапар, жолсерік сияқты туынды тұлғалар қолданысқа түсті. 

Бөгде тілдік те, қазақтың өз тілінен де пайда болған неологизмдер- 

дің  терминдік  мәнде  жұмсалатындары  едәуір  мол.  Әсіресе  жаңа 

экономикалық, өндірістік, шаруашылықтық қарым-қатынастарға бай- 

ланысты жүздеген жаңа атаулар пайда болды. Олардың ішінде сам-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет