379
көрсетілген болатын. Бірлік сөзінің мағыналық қозғалысы тіпті
қызық: бұл сөздің негізгі мағынасы – нәрсенің біреу екендігін (мы-
салы, Алланың бірлігі, барлығы) атайтын дерексіз ұғымдағы сөз,
екінші мағынасы – «бір мақсатты, бір идеяны көздеушілердің іс-
қарекеті» (ауызбірлік, «бірлік болмай тірлік болмайды» дегенге көңіл
аударыңыз), енді осы екі мағына әрі қарай кеңейіп, «тұтас дүниенің
(нәрсенің, заттың т.т) құрамды бөлігі», мысалы, лексикалық бірлік –
единица – сөз, жылу (физика термині), тозаң (радиациялық тозаң
дегендегі), сұлба (география, геометрия термині), жылыстау (ми-
грация), алап («өңір» мағынасында: Сырдария алабы), нысан (объ-
ект), мұзбасу кезеңі деген сөздердің жаңалығы – мағыналарының
кеңеюінде, бұрынғы мағыналарынан тыс екі-үш тың, көбінесе
терминдік мағынада жұмсалуында.
Тіл дамуының ішкі заңдылықтарының және бірі – ықшамдау,
үйлестіру, үнем немесе үнемдеу заңдары екендігі жоғарыда аталды.
Бұған сөздің тұлғасын ықшамдау, мағынасын тұрақтандыру сияқты
тілдің өз «қарекеттері» жататыны мәлім. Бұның көрінісі алдыңғы екі
құбылысқа қарағанда әлсіздеу. Сірә, сөз тіркесіндегі екі компонентті
біріктіру арқылы жаңа бірлік жасағанда, компоненттердің біреуінің,
кейде екеуінің де семантикалық, синтаксистік қатынастарын таны-
татын жалғау-жұрнақтарды ықшамдау) (алып тастау) тәсілі жиірек
кездеседі. Мысалы, айнамұз («каток» мағынасындағы) неологизмі
о баста «айнадай (жарқыраған, біртегіс, жалтыр) мұз» болса ке-
рек, бұл жерде теңеу жұрнағы қысқарған; әнұран неологизмі –
«әнмен білдіретін ұран» (мақсат, мұрат, идея) деген тіркестің әбден
ықшамдалған варианты; әуежай («әуеде ұшатын ұшақтар орнала-
сатын, қонатын орын-жай»), саяжай (жанға сая беретін жай, орын),
тілашар (бейтаныс тілді үйренуге жол ашар әрекет – үйрету, оқыту,
көрсету т.т.) Біздің ойымызша, соңғы 70-80 жылдың барысында
жаңа сөз жасауда сөздердің семантикалық, грамматикалық құрылым
тұрпатын бұзып, қысқарту амалы актив қолданылып келе жатқан
сияқты.
Тәуелдік жалғаулы сөз бен алдындағы ашық, жасырын тұлғадағы
ілік септіктегі сөздің жалғаулары түсіріліп, екеуі кірігіп (бірге, бір дем-
мен) айтылуы – қазақ тілінде бұрыннан бар табиғи заңдылықтардың
бірі. Мысалы, келсап (келінің сабы), қаламсап (қаламның сабы),
қаламұш (қаламның ұшы), қызойнақ (қыздардың ойыны), жолайырық
(жолдың айырығы), көзкөрген (көздің көргені) дегендердің моделі-
мен бірқатар тәуелділікті тіркестерді (изафеттерді) ықшамдап, яғни
қосымшаларын қысқартып айту және жазу үрдісі бағыт ала бастаған
сияқты. Мұның бір көрінісі жаңадан өңделіп түзіліп жатқан сөздерде
байқалады. Мысалы, 2005 жылы шыққан 9-сыныпқа арналған био-
380
логия оқулығында бұрыннан сутегі, оттегі, көміртегі деп жасалған
химия терминдері сутек, оттек, көміртек деп изафеттік құрылысты
(тәуелдік жалғаулы тіркес тұрпатын) алыпты. Осы сияқты соңғы
жылдарда жиі көріне бастаған: кірепұл (кіренің пұлы), жолсерік
(жолдың серігі), түпбейне (бір нәрсенің түбінің бейнесі – прообраз).
Тілдің өз тәртібімен ілгері жылжу процесінде сөз тудыру-
шы жұрнақтардың кейбіреулерінің активтенуі байқалады. Соңғы
мыңжылдықтарда белгілі іс-әрекеттің субстантивтенген, яғни заттық
(зат есімдік) атауын білдіруде ым/ -ім жұрнағы өте жиі жұмсала ба-
стады. Қазақ тілі үшін спектакльдің қойылымы, сенат мәжілісінде заң
жобасының оқылымы, жинақ кассасындағы салым, сөзжасам, айна-
Достарыңызбен бөлісу: