Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет38/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

БҰЛТ АЛА, ЖЕР ШОЛА. Бұл фразеологизмдегі соңғы сөз бей-

таныстау, сондықтан оның түсіндірмесі де жаңсақ берілген: «шола – 

біркелкі емес, оймыштанған ала- құла жер» деп анықталыпты (ҚТТС, 

10-том,  247-бет).  Мұндай  түсіндірмеге  берілген  мысалдардағы 

қолданысы  себепкер  болған  тәрізді.  Ақын-жазушылардың  барлығы 

бірдей  пайдаланып  отырған  тілдің  лексикалық  қазынасын  түгел 

жақсы  біледі  деуге  болмайды.  Әсіресе  ақындар  өздеріне  бейтаны-

стау сөздерді де өлеңнің ұйқасына, ырғағына сай келіп тұр деп са-

нап қолдана беретіндері бар. Сол қолданыстарға қарап «Түсіндірме 

сөздіктің»  ақаусыз  жасалмайтындығы  және  белгілі.  Талданып 

отырған  фразеологизмдегі  шола  сөзі  «ала-құла»  деген  емес, 

керісінше, «біртегіс, тұтас, монолит» деген мағынаны білдіреді. Бұл 

сөз о баста түркі- монғол тілдеріне ортақ жүздеген сөздің бірі болуы 

керек. Қазіргі монғол тілінің өзінде цул (шул > шұл > шол >шола

«1) біртегіс, 2) тұтас, монолитті 3) таза, қапасыз, 4) бір түсті (ала-

құласыз)» деген мағыналарда қолданылады (Монг.-русск. сл., 1957, 

614-бет). Ал қазақ тіліндегі бұлт ала, жер шола деген қос тағанды 

(екі бөлікті) фразеологизмнің мағынасы: табиғаттың бұлттар сияқты 

тұрақсыз құбылысы ала (бірде бар, бірде жоқ, бірде қою, бірде сирек 

деген сияқты), ал жер болса, ол тұрақты, мызғымас тұтас деген кон-

трасты ұғымдармен берілген бейнелі тіркес деп табамыз. 

Ал «жетіспеушілік, аздық, кемдік» деген мағынада қолданылатын 



шола  сөзі  алдыңғы  шола  тұлғасының  ауыспалы  мағынасы  емес, 

омонимі болуы керек. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет