61
ру, піштіру» деген сөзімен қатысты болуы да мүмкін. Қазіргі қазақ
тілі сөздіктерінде ақта- етістігінің бұл көне түркілік мағынасы
көрсетілмеген.
«Азбан, яғни ақтатылған, піштірілген жылқы малы» деген мағы-
надағы ақта атауы қазақ тілінде жұмсалмағанын ертедегі өлең-
жырлар тілінде, ХV-ХVІ ғасыр ақын-жырауларының тілінде кездес-
пейтіндігі дәлелдейді. Бірақ жорыққа, ұзақ сапарға мінетін мықты
атты қазақтар да жақсы білген, ол бедеу ат деп аталған. Демек,
бедеу ат сөзі де, ақта ат сөзі де құлындамайтын бие мен үйірге
түспейтін айғырды, яғни ұрпақ бермейтін ұрғашы да, еркек те малды
(бұл жерде жылқы малын) атаған болып шығады. Ақта ат пен бе-
деу ат – бір-біріне синоним тіркестер. Қазақ тілінде соңғы варианты
қалыптасқан. Ақта ат жазба тілде, оның өзінде де парсы тіліндегі
әдебиеттің ықпалы болған үлгілерде, мысалы, Қадырғали бидің жаз-
басында қолданылған деп топшылауға болады.
БЕРЕН. Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктері бұл сөздің көп мағы-
налы екенін дұрыс танытып келеді. Бірақ мағыналарының көпшілігі
бұл күнде ұмыт бола бастаған. Мысалы, көп томдық түсіндірме
сөздік берен сөзінің бір мәні «қымбат, асыл мата» десе, екі томдық
түсіндірме сөздік «гүл салып тоқылған масаты, жібек мата» дейді. Ал
өткен ғасырда сөздік құрастырған Н.И.Ильминский берен сөзінің екі
мағынасын көрсетеді: бірі – «ең жақсы барқыт», екіншісі − «ең мықты
болат» (Ильминский, 88). Біздіңше, Ильминскийдің түсіндірмесі
нақты. Қазақтар берен деп жалпы жақсы матаны емес, ең жақсы
(құлпырған) барқытты атаған. Мақта матаны көбінесе мата деп,
барқытты барқыт, мақпал деп, жібекті шұға, шәйі, атлас, масаты
деп атағаны белгілі. Сондықтан өлең-жырларда кездесетін берен
сөзінің бір мағынасын «ең жақсы барқыт» деп түсінген жөн сияқты.
Мысалы, «Қобыландыда»:
Байдың қызы жамылар
Масаты мен беренді.
Бұл сөздің Ильминский көрсеткен екінші мағынасынан ауысып,
берік металл шығыршықтардан жасалған сауытты да (көбе, сауыт,
кіреуке сөздерін қараңыз), асыл болаттан жасалған семсер немесе
қылышты да (кейде тіпті кездік, пышақтарды да) берен деп атағаны
көбінесе ескі өлең-жырларда жиі ұшырасады:
Қынабынан суырып,
Қолына алды беренді...
Керегеде ақ берен
Мұны да белге шалады.
62
Берен сөзінің «болаттай мықты, күшті адам, асыл адам» деген
үшінші ауыспалы мағынасы өткенде де, қазірде де жиі қолданылады.
Мысалы:
Бөкенбайдай жас берен
Жылқыны іздеп барғасын...
Сансызбай атты жас берен
Толғана мойнын бұрады...
Тал бойына бір берен
Таба алмайды жарасар.
Соңғы мысалдағы берен сөзін осы жырды бастырушылар «ақыл-
ды» деп түсіндіреді, дұрысында бұл да – жоғарғы мысалдардағыдай
«батыр, мықты адам» деген мағынада жұмсалған сөз. Бұл сияқты әр
кітапта әртүрлі (бір-біріне жуық болғанмен) түсіндірілуі берен сөзінің
өткендегі қолданысының (мағынасының) көмескілене түскендігінен.
Сондықтан батырлар жырлары мен лиро-эпостарда Махамбет, Дулат
сияқты ақындарда жиі кездесетін берен сөзін контекске қарай бес
түрлі мағынада түсіну керек: «1) ең мықты болат, берік металл, 2) сол
болаттан, металдан жасалған қылыш, семсер, кездік, қанжар, пышақ
т.б. 3) сауыт, көбе, 4) батыр, күшті, мықты адам, асыл адам, 5) ең
жақсы барқыт».
БҮЛУ. Батырлар жырларында да, қазақ ақын-жырауларының
тілінде де бүлу етістігі кездеседі:
Он сан ноғай бүлгенде,
Ормамбет хан өлгенде...
Осы айтқаным болмаса
Ноғайлы елің бүледі...
Кіші қара қалмақ бүлерде...
Еңсесі биік кең сарай
Мортық болар бүлген соң.
«XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары»
атты кітапта (Алматы, 1962) соңғы жолдағы соңғы сөздер бөлген соң
болып жазылған, алдыңғы жолдағы бүлерде деген сөзге «бүлінерде»
деп түсінік берілген. Әрине, екеуі де қате және бұлар – бүлу сөзінің
бұл күнде мағынасы көмескі тартқандығынан туған қателер.
Бұл сөзді Махамбет ақын да қолданады:
Біздің Ер Исатай өлген күн,
Он сан байтақ бүлген күн.
Бұл мысалдардың барлығында да бүлу етістігі «белгілі бір
халықтық ойрандалуы, ыдырауы, тозуы» мағыналарын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: