Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет66/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

КӨБЕ,  КІРЕУКЕ.  САУЫТ.  Бұлар  –  мағыналары  бір-біріне 

жуық сөздер. Олар адам денесін оқ, қылыш, найза тәрізді қарулардан 

қорғану  үшін  киетін,  көне  замандардан  бар  жауынгер  киімдерінің 

атаулары.  Қазақ  энциклопедиясының  түсіндіруіне  құлақ  ассақ, 



көбе – батырлар киетін сауыт, оның екі түрі болады: бірі – жүректің 

тұсын,  білекті,  тізені,  иықты  садақтың  оғынан,  қылыштан  қорғау 

үшін жалпақ темірден жасалған сауыт, екіншісі − бүкіл денені қорғау 

үшін тырнақ көбесіне ұқсас қола не мысты қатпарлап тізіп немесе 

металл шынжырларды (шығыршықтарды) біріктіріп, көйлек тәріздес 

етіп жасалған түрі. Кейінірек көбенің жеңіл көкірекше түрі шыққан. 

Батырлар мінетін аттың да арқасы мен жонын, қабырғасы мен мой-

нын түгелдей жабатын көбелер де жасалған (ҚСЭ, V, 642-643).

Ал  сауыт  –  садақ,  қылыш,  найза  сияқты  қару-жарақтардан 

қорғануға арналған киім. Ол ұсақ темір шығыршықтарды бір-бірінен 

өткізіп  тоқылған  тордан  қысқа  жеңді  жейде  түрінде  жасалады. 

Сауыттың дулығасы, мойынды жабатын далбағай сауыт, қол сауыт, 



аяқ сауыт жеке тоқылады (ҚСЭ, X, 63). Бұған қарағанда, сауыт − 

көбенің екінші түрін атайтын сөздің бірі, яғни көбе сөзінің синонимі.



Кіреуке – ерте замандардағы соғысқа киетін сауыт. Оның басқа са-

уыттардан айырмасы – кеудесінде, арқасында, білек үстінде темірден 

немесе  көзеден  істелген  шарайнасы  болған  (ҚСЭ,  VI,  181).  Бұл 

түсіндірмелер, біздіңше, дұрыс. Ал XV-XIX ғасырлардағы қазақ по-

эзиясы мен эпостарында бұлардың қолданысы жайында мыналарды 

айтуға болады: бұл үш сөз қатар, бірінің орнына бірі қолданыла бер-

ген. Мысалы, Доспамбет жырауда:

Кілең бұздай кілшейтіп, 



Көбелер киген өкінбес. 

Шалкиіз бен Махамбетте:

Көн садақтың ішінде 

Көбе бұзар жебе бар. 

Батырлар жырларында:

Бадана көзді берік сауыт

Баса үстіне киеді («Қамбар батыр»),




102

Бадана көзді кіреуке

Мұны саған береді,

Баса келіп кисейші («Ер Тарғын»).

Шығыршықты көк сауыт

Бекіте киіп алады («Төрехан»).

Зырқырай оғы кетеді,

Көкірек қысқан көбеден

Қалмады қапыл жебеден («Ер Тарғын»).

Бұлардағы бадана көз, шығыршықты деп отырғаны – шығыршық- 

тардың тізбесі, оны кейде шөже көз деп те атайды. Мысалы, «Қыз 

Жібекте»:

Алтынды сауыт шөже көз 

Түймеден кетті дегейсің.

Демек, келтірілген үзіктердегі кіреуке де, сауыт та, көбе де – шы- 

ғыршықтардан тізіліп жасалған қорғаныш сауыттар. Бұлар тепе-тең 

бір-бірінің  баламасы  (эквиваленттері)  ретінде  бірінің  орнына  бірі 

қолданыла  беретіндігімен  қатар,  кейде  тіпті  қатарынан  қосақталып 

та жүреді:

Үстіңе баса киіп ал

Алтынды сауыт көбені («Қыз Жібек»).

Үстімдегі ақ сауыт,



Ақ кіреуке бек сауыт («Ер Қосай»).

Сауыт  сөзі  кей-кейде  көбенің  үстінен  салатын  шарайна  мағы- 

насында да қолданылған. Шарайна – парсы тілінен енген сөз, мағы- 

насы «сауытқа қабаттаған, төрт бөліктен тұратын металл көкірекше» 

(Будагов, II, 455). Шарайнаны, яғни оқ өткізбес металл пластинканы 

қабаттап салатын болған. Мысалы, «Ер Тарғын» жырында:

Бадана көзді кіреуке

Шарайнасы бес қабат, – 

деп  суреттейді.  Қазақ  халық  поэзиясы  тілінде  шарайна  қабатын 

көбінесе тоғызға апарады. Мысалы, Төлеген інісі Сансызбайға:

Бадана көзді кіреуке 

Тоғыз қабат көк сауыт 

Саған арнап соқтырып, 

Будырып кеттім кілемге, – 

дейді. Бұл мысалдардағы сауыт сөзі – «шарайна» мағынасында. Осы 

мәнде кейде торғауыт сөзі де ұшырайды:

Тоғыз қабат торғауыт 

Сегізінен өтеді («Ер Тарғын»).

Сауыттың бір түрі жалаңқат аталған:




103

Мінуге керек қазанат,

Беліне керек шарболат,

Денеге керек жалаңқат («Қобыланды»).

Мұны «Батырлар жырын» бастырып шығарушылар «киім, жеңіл 

шапан» деп түсіндіреді (Батырлар жыры, 1963, I, 44). Әрине, бұл – 

қате. Жалаңқатты Ә. Қайдаров «сауыттың астынан киетін шарайна» 

деп табады (Қайдаров, 28). Шындығында, жалаңқат та – сауыт. Оның 

сауыт екендігі контекстен де көрініп тұр. Мысалы, «Қобыланды ба-

тыр» жырында:

Денеге оқты дарытпас 

Дәуіт соққан жалаңқат, – 

деп  келеді.  Сірә,  жалаңқат  шарайнасы,  яғни  металл  пластинкасы 

жалаң қабат кіреуке болу керек. Жалаңқат сөзінің компоненттерінің 

өзі осы мағынаға меңзейді: жалаң сөзі түсінікті («дара, жалғыз»), ал 

қат сөзі – «қабат» мағынасындағы сөз.

Көбе  –  көне  сөз.  Махмұт  Қашқари  сөздігінде  күбе  йарық 

түрінде хатқа түскен, мағынасы «металл сауыт» (ДС, 322). Бұл сөз 

орта  ғасырлардағы  түркі  сөздіктерінен  де  табылады,  мағынасы 

қазақ  тіліндегідей  (Құрышжанов,  150).  Сөздің  көнелігі  мен  сирек 

кездесетіндігінен  кейде  ол  қате  түсіндіріліп,  кейде  тіпті  өзгертіліп 

жазылып та жүр. Мысалы, бұл сөздің кебе деп жазылғаны кездеседі. 

Осыған  қарап,  Ә.Қайдаров  кебені  де  «шарайна,  сауыт»  деп 

көрсетеді. Бірақ кебе мен кебенеккебенекебентай сөздеріне негіз 

болған көбе сөздерін екеуін екі бөлек түбір деп таниды (Қайдаров, 

31).  Шындығында,  «сауыт»  мағынасындағы  деп  көрсеткен  кебе 

тұлғасының дұрысы – көбе болса керек.

Қазақтың ауыз әдебиеті мен солармен дәстүрлес ақын-жыраулар 

тілінің  көркемдеу  қазынасында  белгілі  бір  ұғымды  бейнелеп,  өзге 

сөзбен атау жиі кездесетіні мәлім. Бұл тәсілден сауыт-сайман атау-

лары да құр емес. Мысалы, берік сауытты (көбені, кіреукені) берен, 

шарболат  деп  атаушылық  бар.  Бұрынырық  айтылды,  берен  –  көп 

мағыналы  сөз,  оның  бір  мағынасы  –  «асыл  болат,  берік  металл». 

Осы  мағынасынан  ауыстырып,  денеге  қару  дарытпас,  мықты  ме-

талдан жасалған сауытты да берен немесе шарболат деп атағанын 

жырлардың тілінен байқаймыз:

Жеңсіз берен киінді,

Лашын құстай шүйілді («Ер Тарғын»).

Белгілі батыр бұл болар

Айғайлап жауға тиетін,

Шарболатты киетін («Қарабек батыр»),



104

Сол  сияқты  кіреуке  деген  сауытты  «қымбат  бағалы,  әсем  тон» 

мағынасында  ауыстырып  жұмсау  да  бар.  Мысалы,  хандар  киген 

кіреуке дегенде немесе Алпамыс батыр Құлтай ағасына:

Жігітіңде жүруші ең 



Кіреуке тонды жамылып, – 

дегенінде,  кіреуке  сөзі  сауыттан  гөрі  «қымбат  киім  тон»  дегенді 

аңғартады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет