Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет64/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   284
КЕЛЕЛІ: КЕЛЕЛІ ҚАРА БҰЛТ. Махамбет өлеңдерінің бірінде:

Мен келелі қара бұлтпын

Келе жаумай ашылман, – 

деген  жолдар  бар.  Мұндағы  келелі  сөзі  бүгінгі  қазақ  тілінде  тек 

«күрделі, маңызды» деген мағынада келелі кеңес, келелі мәселе деген 



96

сияқты тіркестерде қолданылады, Түсіндірме сөздіктерде оның бұлт 

сияқты нақты зат атауымен келуі көрсетілмейді.

Махамбет  ақын  –  образды  сөздерді  шебер  қолданған  суреткер. 

Сондықтан ол келелі бұлт деп топталған қою (қара) бұлтты атап, оны 

айбарлы күштің, алған бетінен қайтпайтын қайсарлықтың символы 

етіп ұсынып отыр. Сөз түбірі парсы тіліндегі гәллә «үйір, топ» деген 

сөз болу керек. Бұл сөз келе түрінде қырғыз тілінде сиырдың табы-

нын білдірсе, қазақ тілінде түйенің тобын білдіреді, яғни жылқының 

үйірі, сиырдың табыны деген сияқты, түйенің келесі болады. Келелі 



мәселе дегенде де «шоғырымен келіп күрделенген, мән алған мәселе» 

деген ұғымды түсінеміз. Махамбет ақынның «келе жаумай ашылмай-

тын бұлты» шоғырланған, топталған, яғни қою бұлт, мұндай бұлтты 

әдетте  қара  бұлт  деп  атайды.  Келелі  бұлттың  да  қара  бұлт  екенін 

ақын екі сөзді қатар келтіріп, мағынасын айқындап тұр.

КЕН. Қазіргі кезде кен сөзін «жер астынан қазып алынатын көмір, 

темір, мыс, алтын сияқты қазбалы заттардың орны, рудник, қазба» деп 

ұғамыз, оны ауыспалы мәнде «мол қазына, байлық» дегеннің орайын-

да қолданамыз. Түсіндірме сөздіктер де, қазақ тіліндегі араб-парсы 

сөздерінің сөздіктері де кен сөзінің мағынасын осылайша түсіндіреді. 

Бұл – кірме сөз, парсы сөзі. Парсы тілінде бұл сөздің «кеніш (орыс-

ша  рудник,  копь)»  және  «қазба  байлық»  деген  мағыналары  бар. 

Қазақ  тілінде  де  бұл  сөз  «бір  нәрсенің  жиналған  жері,  көзі»  деген 

ұғымда қолданылып келгені байқалады. Мысалы, «Қыз Жібек» жы-

рында Шеге ақын туралы «сөйлер сөзге кен еді» десе, мұнда да кен 

сөзі қазба байлықтар сияқты, тілге шеберліктің көзі, соның қоймасы 

сияқты болған адам жөнінде айтылып тұр.

Қазақ тілінде кен сөзінің жоғарғы көрсетілген мағынаға қатысы 

жоқ және бір ұғымы болған. Ол жөнінде Шоқан еңбектерінен білеміз. 

Оның  айтуынша:  «Аруақтар  мен  әулиелердің  көзі  түскен  жер  – 

тұзды көлдерді де кен деп атаған (Валиханов, I, 113). Ғалымның осы 

айтқанын «Алпамыс» жырындағы:

Әзіреті Қаратау



Әулиенің кені еді, – 

деген жолдар әбден дәлелдейді. Мұндағы кен – Әзіреті әулиенің көзі 

түскен Қаратау (не сондағы ащы көлдердің бірі) деген мәндегі сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет