Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет140/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   284
көне,  ескі,  жаңа  деп  тануға  болатындарын  табу,  талдау,  таныту  – 

қазіргі ғылыми-практикалық мәні бар ізденістердің бірі болмақ.

Тіл көне, ескі мұраларды сақтаушы, жеткізуші екендігін ертерек-

тен  ауызша  сақталып  келе  жатқан  мақал-мәтелдердегі,  өсиет-ақыл 

сөздеріндегі,  тұрақты  сөз  тіркестеріндегі,  ертеде  жырланып  бүгінгі 

бізге  жеткен  өлең-жырлардағы,  яғни  өте  бай  ауыз  әдебиетіндегі, 

ХV-ХІХ  ғасырларда  жасап  өткен  жыраулар  мен  ақындардың  өлең-

толғауларындағы көне, ескі, бейтаныс сөздерді талдау мәдени мұраны 

іздеуде  көп  материал  береді.  Айталық,  «ел,  жұрт»  мағынасындағы 

күн сөзінің, «май» мағынасындағы жау сөзінің, «орау, йіру, үйіру» 

мағынасындағы толғау сөзінің, «толқын» мағынасындағы қом сөзінің 

ескі жырлар мен қос сөздердің және тұрақты тіркестердің құрамында 

сақталуына қарап, бүгінгі қазақ тілі өте көне замандардағы бабалары-

мыз – көне түркілер тілінің жалғасы екендігін көреміз. «Едіге» сияқты 

жырларда жиі кездесетін су сөзінің «өзен» дегенді білдіретіндігі, мал 

(көбінесе  жылқы  малы)  туар  деп  аталатындығы,  «суға  сүңгу,  суға 

батып кету» дегенді шому деп беру, сөздеу деудің орнына (сөз+де



сөйлеу  деп  жұмсайтынымыз  халқымызды  құраған  ру-тайпалардың 

бір  кездерде  (ХI-ХV  ғасырларда)  өзге  түркі  халықтарын  құраған 

тайпалармен  бірге,  аралас,  көршілес  өмір  сүргендерінен  хабар 

береді. Сол сияқты тек ертеректегі емес, «күні кешегі» – ХVIII-XIX 

ғасырдағы қазақ халқы қолданған кіреуке, қозыжаурын оқ, бүріншік, 

топ (зеңбірек), оң жанақ, сол жанақ, мұнанай (сауда орны – меновая 

торговля),  мәліш  сауда,  ақшомшы  сияқты  сөздер  осы  кезеңдердегі 

ұрыс-соғыс пен сауда-саттық қатынастарынан хабар береді, бұлар да 

– лексикалық мұра элементтері.

Ал тіл дамуының әр кезеңіндегі жаңалықтардың (жаңа сөздердің) 

пайда  болу  негіздерін  (базасын),  жұмсалу  ерекшеліктерін,  «өмір- 

шеңдігінің»  ұзақ-қысқалығын  талдап-таныту  халқымыздың  тек  өте 

ерте кезеңдердегі емес, күні кеше өткен XX ғасырдың бірнеше он-

жылдары ішіндегі тұрмыс-тіршілік жүйесімен, саяси, мәдени, руха-

ни  дүниесімен  таныстырады.  Бүгінде  екінің  бірі,  әсіресе  жас  буын 

бірден  тап  басып  түсіне  бермейтін,  түсінсе  де,  күнделікті  өмірде 

қолданбайтын  аға  сұлтан,  шар  салу,  қызыл  отау,  тап  тартысы, 



тап жауы, белсенділер, ауатком деген жеке сөздер мен тіркестердің 

бір кезеңде «жаңалық» деген танымға ие болып, келесі кезеңдерде 

(бүгінде) ескіліктер тобын құрайтын фактілер де қазақ қоғамы тари-

хын танытатын нақты материал болып шығады. Демек, қазіргі «Қазақ 

тіліндегі лексикалық ескіліктер мен жаңалықтар» деген тақырыпты 

арнайы сөз етіп, оған барлық параметрі жағынан ғылыми-теориялық 




210

талдау  жұмыстарын  ұсыну  қажет  екендігі  күн  тәртібіне  қойылып 

отыр.

Бұл  жұмыс  осы  аталған  тақырыпқа  арналады.  Мұнда  бүгінгі 



қазақ  оқырмандарына  әр  алуан  әдебиеттерде  кездесетін  бірқатар 

сөздердің  жаңалығы  мен  ескілік  сипаты  талданады  және  бұл  екі 

топтағы бірліктерді сөз етуде кезең (уақыт) факторы негізге алына-

ды, яғни лексика-фразеологиялық бірліктердің ескі-жаңалығын тану-

да  олардың  қолданылған  уақытына  қарай  кезеңдерге  бөліп  зерттеу 

– негізгі талап.

Ескіліктер  мен  жаңалықтардың  тақырыптық  топтары,  ескіру  не 

жаңа  болып  танылу  уәждері,  морфологиялық  тұлға-бітімі  сияқты 

тақырыптың  көптеген  жақтары  сөз  болды.  Зерттеу  нысанымыз  тек 

теориялық  танымдар  болмай,  көпшілік  қауымға  да  түсінікті  болу 

үшін  факті  ретінде  келтірілген  жеке  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің 

мағыналары кеңінен түсіндіріліп отырды. Тіпті кей тұстарда оларды 

тез тауып алу үшін сөздік сияқты әліпбимен ұсынуды да жөн көрдік. 

Бірақ  бұл  жұмыс  –  түсіндірме  сөздік  те  емес,  толық  мәндегі  тари-

хи  сөздік  те  емес,  ішінара  осы  сөздіктердің  элементтері  араласқан 

ғылыми монография.

Сырт  қарағанда,  бұл  еңбектің  түсіндірме  бөліктері  –  біздің 

1980  жылы  1-басылымы  жарық  көріп,  1994  жылы  толықтырылып, 

өңделген  2-басылымы,  2004  жылы  одан  әрі  толықтырылып 

ұсынылған  3-басылымы  дүниеге  келген  «Сөздер  сөйлейді»  атты 

жұмысымызға  ұқсас,  соның  бір  жалғасы,  өзге  бір  нұсқасы  сияқты 

болып  көрінуі  мүмкін.  Бірақ  олай  емес:  екеуі  –  екі  түрлі  мақсатта 

жазылған дүниелер: «Сөздер сөйлейді» сөз мағыналарының құбылып 

(өзгеріп,  ескіріп,  жаңарып,  ауысып,  ұмытылып)  отырған  сәттерін 

көрсететін  семасиологиялық  және  этимологиялық  ізденістер  бол-

са,  бұл  ұсынылып  отырған  жұмысымызды  тарихи  лексикология 

саласына  жататын  ғылыми-теориялық  еңбек  деп  таныған  жөн. 

Мұндағы  сөздердің  түсіндірмелері  тақырыпта  жүргізілген  талдау-

лар  мен  ұсынылған  теориялық-танымдық  түйіндерді  дәлелдейтін 

иллюстративтік материалдар (мысалдар) екендігін ескертеміз.

«Сөздер сөйлейді» атты жүмыстағы объект (нысан) етіп алынған 

сөздердің  бірқатары  бұл  күнде  ұмыт  болған  немесе  тұлғасы 

өзгеріп  кеткен  көне,  бөгде  тілдік  я  болмаса  аймақтық  бірліктер 

болғандықтан, олардың да көбі ескіліктер қатарына жатады. Бірқатар 

көне  сөздердің  мағыналары,  семантикалық  қозғалысы,  түптөркіні 

«Сөздер сөйлейдінің» басылымдарында көрсетіліп талданғандықтан, 

осы жұмысқа енгізілмеді. Айталық, аламан, берен, кішілік, қарашы, 

оқу,  сандық  сияқты  сөздердің  ертедегі  мағыналары  бүгінгіден 



211

өзгеше  көне  бірліктер  екендігін  «Сөздер  сөйлейді»  деген  кітапта 

талданғандықтан, ұсынылып отырған еңбекте қайталанбады. Соңғы 

жұмыста мұндай сөздер жеке талданбағанмен, ескіліктер баяндалған 

тарауда қажет тұсында сөз болып отырды.

Тіл – жанды құбылыс. Оның лексикалық қабаты әрбір 5-10, 20-

30 және одан да ілгері кезеңдерде толығып, жаңа сөздер пайда бо-

лып,  сұрыпталып,  кейбір  бірліктер  қолданыстан  ығысып  ескіріп 

жататындықтан, оларды тіркеп, талдап отыру – тіл білімінің әрдайым 

қолға алып отыратын қарекеті. Біздің ұсынып отырған жұмысымыз 

осындай ізденістерге жол ашар болса, еңбегіміздің жанғаны дейміз.

Қазақтың  өте  бай  фольклорлық  үлгілері  –  батырлар  жырлары  

мен  ғашықтық  жырларын,  XV-XIX  ғасырларда  жасап  өткен  ақын- 

жыраулардың  өлең-толғауларын  мектептен  бастап  оқып  қызықтай- 

тын,  сондай-ақ  орайы  келген  тұстарда  мақал-мәтелдерді  қолданып 

отыруға тырысатын, ертеректе өткен шешендердің сөздерін сүйсініп 

жаттап алатын бүгінгі және ертеңгі оқырмандар бұларда кездесетін 

көне және ескірген сөздердің қыр-сырын жақсы біліп, әрқайсысының 

мағынасын,  түптөркінін,  сыртқы  тұрпатын  тани  түсіп,  түсініп, 

түйсініп, тұшынып оқитын болады. Бейтаныс көне, ескі сөздерді реті 

келгенде кәдеге асырып дұрыс қолданатын болады.

Лексикалық  жаңалықтарды  танып,  біліп  отырудың  да  қажеттігі 

мен пайдасы орасан екендігін ескертудің өзі артық. Жаңа сөздер мен 

соны  тіркестер  –  тек  лексикалық  байлық  қана  емес,  бүгінгі  өмірі- 

міздің  нақты  көрінісі,  «бұлтартпайтын  құжаты»  десек  болар.  Ал 

«құжат»  дегенді  жоғалтпай,  бүлдірмей  (қолдан  түзетпей)  орынды 

жерінде ғана көрсету керек қой. Бүгінгі тіл де сондай: оның әрбір сөзі 

әрі айқын (түсінікті), әрі дәл (өз мағынасында, өз жерінде – өз жан-

рында,  өз  стилінде)  қолданылуға  тиіс.  Мұндай  айқындық  пен  дәл- 

дікті  көрсететін,  түсіндіретін,  дәлелдейтін,  нұсқайтын  әр  алуан 

еңбектер  керек.  Олар  ғылыми-теориялық  та,  қолданбалы-практи- 

калық та сипатта ұсынылуға тиіс. Ұсыныла беруге тиіс. Тереңірек, 

яғни  бұрынғы  сыннан  өткен,  тірек  етіп  келген  әдістермен  қоса, 

ғылыми-танымның жаңа бағыттарымен жазылған еңбектерді бүгінгі 

қоғамның  мәдени-рухани  болмысы  талап  етеді.  Осы  еңбегіміз  бұл 

айтылған  талаптар  мен  сұраныстарға  бір  мысқал  болса  да  жауап 

беретіндей  болса,  қазақ  тілін  жақсырақ  меңгере  түсуге,  байлығы 

мен  сымбатын  (көркемділігін)  игере  түсуге  пайдасын  тигізсе  деп 

үміттенеміз.



212



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет