Талданатын (зерттелетін) материалдар
Қазақтың өте бай ауыз әдебиеті мұралары: батырлар жырлары-
нан, лиро-эпостардан, ертегілерден, аңыздардан, тұрмыс-салт жыр-
ларынан және ХV-ХІХ ғасырларда жасап өткен ақын-жыраулардың
толғау-жырларынан жиналды. Сондай-ақ тарихи тақырыптарға
жазылған көркем шығармалар тілінен ерте кезеңдерде ата-бабалары-
мыз қолданған қару-жарақтардың, әскери құрылымдардың, сауыт-
саймандардың, күнделікті тіршілікке қатысты заттардың атаула-
ры қамтылды. Мұндай атаулар қазіргі кезде еркін және жиі (актив)
жұмсалмаса да, бүгінгі оқырмандар оқитын әр алуан әдебиеттерде
кездесетіндіктен, олар (көне, ескірген сөздер) қазіргі қазақ тілінің
ескіліктері статусында талданады: мағыналары түсіндіріледі,
генезисі көрсетіледі. Мұндай бірліктер аса көп болмағанмен, жалпы
тарихқа қатысты тақырыптарға жазылған ғылыми және ғылыми-
көпшілік қолды шығармалардан да табылады.
Лексикалық ескіліктердің сақталған тұстарының және бірі
– мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер болғандықтан, сөз
қоймасының бұл түрлеріне де назар аударылды. Бірен-саран ескі эле-
менттер ауызекі сөйлеу тілінде де сақталғандықтан, олар жергілікті
Достарыңызбен бөлісу: |