Бесіншіден, эпостық және өзге де өлең-жырларды тудырушы-
лар өте дарынды және жауапты өнер тұлғалары болған. Олар поэзия
дүниесінің талаптары мен заңдылықтарын жақсы сезінген және сөз
өнерінде дәстүр жалғастығы дегенді мықты сақтаған. Сондықтан
өзіне дейінгі, тіпті ертеден келе жатқан сөз-образдарды – бейнелі
троптарды, теңеулерді, эпитеттерді, метафораларды реті келгенде
еркін пайдаланып отырған. Мысалы, «Қыз Жібек» жыры да соңғы
ғасырлардың туындысы сияқты көрінеді, сондықтан оның тілінде
кеше сөзінің «түн» мағынасында қолданылуы күнделікті тәжірибеден
ығысқан болса керек. Соған қарамастан, мұнда: «Айдың өткен нешесі,
Ай қараңғы кешесі» деген жолдар бар. Сондай-ақ ала сөзінің «жақсы
мықты ат» деген мағынасы да соңғы ғасырларда (күнделікті сөйлеу
тілінде) көп кездеспейтіндігі байқалады. Соған қарамастан, мұнда
220
мінгенде аттың аласын деген өлең жолы бар. Бұлар – өте ертеден
келе жатқан дағдылы көріктеуіш элементтер. Мұндай стереотиптерді
келтіріп отыру – поэтикалық мектептердің берік заңы. Міне, ертедегі
әдеби үлгілерде сақталған, бұл күнде бейтаныстау немесе мағынасы
өзгеріп кеткен сөздердің орын алу себептерінің бірін осы тұстан
іздеуге тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |