Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет147/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

Төртіншіден,  тілдің  өзінің  даму  заңдылығы  (эволюциясы) 

бойынша  белгілі  бір  сөздердің  бұрынғы  қолданыстағы  мағынасы 

ескіріп, сөздің не жаңа мағынада, не қосымша мағынада жұмсалуы 

орын  алады.  Мысалы,  парсы  тілінен  өте  ертеде  келген  майдан 

сөзінің  сол  тілдегі  «көгал,  көгорай  шалғын»  деген  бір  мағынасы 

көмескіленіп  (қолданыс  жиілігі  мен  орындары  әлсіреп),  екінші  бір 

мағынасы  –  «ұрыс-соғыс  алаңы»  деген  жанданғандықтан,  «Қыз 

Жібек»  жырындағы  Төлегеннің  өліп  бара  жатып,  аспандағы  алты 

қазға:  «Қонар  болсаң,  жануар,  міне  –  майдан,  міне  –  саз»  дегенін 

бүгінгі оқырмандардың, әсіресе жастардың көбі түсінбеуі де мүмкін: 

ұшып жүрген қаздардың ұрыс алаңында не шаруасы бар деп ойлау-

лары ықтимал. Бұл сияқты сөздердің семантикалық қозғалысы, яғни 

мағыналық өзгерістерге түсуі – кәнігі құбылыс. Сондықтан да осы 

жұмыста  талданған  (түсіндірілген)  бірліктердің  бірқатары  осындай 

факторға қатысты болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет