Еділ-Жайық «Едіге» жырынан бастап, бірқатар ноғайлы кезеңнің
жырларында және XV-XVI ғасыр ақын-жырауларының тілінде қос
сөз ретінде келтірілген. Еділ- Жайық және Еділ, Жайық түрінде
қатар жұмсалған. Үлкен өзен аттары жырлар мен толғауларда нақты
жалқы есім қызметінде келмеген. Еділ-Жайық, Еділ мен Жайық
түрінде ел, хандық атауы ретінде этнонимдік қызметте жұмсалған.
Атап айтсақ, Еділ-Жайық – «Алтын Орда», кейінірек «Ноғай орда-
сы» деген әкімшілік-территориялық тұтастықтың (бірліктің) атауы
болып тұр. Бұл танымды кезінде Шоқан айтқан болатын. Тоқтамыс
ханның елімен қоштасқан толғауында Еділ мен Жайығым деп
тәуелдік жалғауымен меншіктей айтқанда, өзендер туралы емес, «ор-
дам, хандығым, елім-жұртым» дегенді ауызға алып тұр. Туып-өскен
мекенінен, ел-жұртынан (хандығынан) айрылып, кетіп бара жатқан
Қазтуған жырау (XVI ғ.): Сөйткен менің Еділім, сен салмадың, мен
салдым дегеніндегі екі сөз – «ескі» деген маркасы бар тұлғалар:
Еділім – туған жерінің, хандығының атауы. Қазтуған бұл жерде
өзен-сумен қоштасып тұрған жоқ, ел-жұртымен – Алтын Орда ме-
кендеген ел-жұртымен – қоштасып тұр. Мұнда да Еділім – тәуелдік
жалғаулы «меншіктелген» сөз. Ал осы жолдардағы салдым, салмадың
етістіктері де – «қалдыру, тастау» деген көне мағыналарын қазіргі
қазақ тілінде әбден жоғалтқан ескі сөздер.
Сөйтіп, ноғайлы-қазақ дәуіріндегі жырларда кездесетін Еділ мен
Жайық немесе Еділ-Жайық сөздері жай ғана топонимдер – өзен ат-
тары емес, әңгіме – өзендер туралы емес, ел-жұрт мекені туралы.
Сондықтан бұл тіркесті Шоқанның Алтын Орда дегеннің екінші
атауы деп тануына ден қоямыз. Оның тәуелдік жалғауын жалғап
246
қолданылуы (Жайығым, Еділім) бұл жалқы есімді (өзен атауларын),
яғни өзеннің өзін «меншіктеу» мүмкін еместігін, Еділім десе, «ота-
ным, елдігім, атажұртым» дегенді айтып тұрғандығы көрінеді.
Алтын Орда – белгілі бір одақтың, мемлекеттік тұтастықтың
ресми атауы болса, Еділ-Жайық – осы атаудың екінші бір көрікті,
поэтикалық атауы деп ұғыну керек.
«Батырлар жыры» деп аталатын эпикалық шығармалардың өзекті
тақырыбы елін, жерін, отбасын, туған-туыстарын, қасындағы ру-
ластарын, тайпаларын қорғау немесе жау қолынан азат ету, кей-
де қызға, малға, жерге таласты күшпен шешу сияқты ұрыс-шабыс,
талас-тартыс болғандықтан, соларға қатысатын адамдардың атау-
ларында да көнерген, ескірген сөздер бар. Алдымен ұрыс-соғысқа
қатысушылардың аталуы азамат, жолдас, жігіт, шора, кедей болып
келетінін атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |