құрал-жабдық, сауыт-сайман атауларына, жорыққа мінетін ат
атауларына, ұрыс-соғыста қолға түсетін тұтқындар мен олардың
қамайтын (ұстайтын) орындарға, әр алуан іс-қарекеттер атаулары-
на, киім-кешек атауларына қатысты сөздер мен тұрақты тіркестер
деуге болады. Бұлардан тыс сөздер де ретіне қарай талдана береді.
Отан, ел-жұрт, мемлекет ұғымдарына
қатысты атаулар
«Отан» деп отырғанымыз – қазіргі ұғым атауы. Адамдар қай
кезеңде де, әсіресе, түркі халықтары қоғамдасып өмір сүруге көшкен
ерте, кейінгі орта ғасырларда, айталық, XIII-XVII ғасырларда белгілі
бір этникалық, территориялық тұтастықтарға (бірліктерге) бөлініп
өмір сүрген, оның ірі- ірілерін ғылымда хандық деп атап жүрміз. Ал
ертеректегі ата-бабаларымыз бұл ұғымды отан, мемлекет, хандық
деп атамай, ел, жұрт, байтақ, ел-жұрт, ел-күн деген сөздермен
білдірген. Бұлардың ішінде байтақ, ел-жұрт, ел-күн варианттары
XV ғасырда туған «Едіге» жырынан бастап, XIX ғасырда дүниеге
келген өлең-жырларда жиірек кездеседі.
Байтақ. «Едіге» жырында, сондай-ақ ноғайлы-қазақ цикліндегі
жырлардың барлығында дерлік жыр тақырыбының тірек сөздерінің
бірі –байтақ. Бұл күнде қазақ әдеби тіліндегі байтақ сөзінің негізгі
мағынасы – «ұшы-қиыры жоқ кең» (ҚТТС, 2-т., 41-бет). Он томдық
түсіндірме сөздікте байтақ-тың бір ғана мағынасы көрсетілген,
соңғы кезде түзіліп жатқан 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде»
байтақ сөзі үш омонимдік тұлға ретінде ұсынылған. Байтақ I. парсы
тілінен енген сөз: «1) астана, бас қала; 2) көне мағынасы: мемлекет-
қала, полис, кішігірім хандық; 3) ауыспалы мағынасы «ел-жұрт»
деп түсіндірілген. Қалған екі омонимдік байтақ сөзінің біреуінің
мағынасы географиялық термин – ерекшеленетін жер қабаты, ланд-
шафт, екіншісінің беретін мағынасы «ұшы-қиыры жоқ кең» деп
көрсетілген (ҚӘТС, 2-т., 2006, 604-605-беттер).
240
«Едігеден» бастап, батырлар жырларында, сондай-ақ XV-XIX
ғасырларда жасап өткен бірқатар Бұхар, Махамбет, Шернияз, Мұрат
сияқты сөз зергерлерінде, XVIII-XIX ғасырда Қазақстанның батыс
өлкелерінде жасап өткен бірқатар жыраулардың тілдерінде байтақ
сөзінің негізгі мағынасы – «территориялық-этникалық тұтастық,
елдік құрылым, хандық». Тоқтамыс хан «Едіге» жырының бірқатар
нұсқасында:
Хан Тоқтамыс қарланып,
Байтағым деп зарлайды, яғни иелігімдегі ел-жұртым, хандығым
деп толғайды. «Әй, байтағым, байтағым, Бастатып сені алдырт-
тым» дегенінде, «Қол астымдағы ел-жұртымды, хандығымды, ең
алдымен, жауға бердім» (алдырттым – қарсыласым алып қойды)
дейді. Содан соң байтағының құрамындағы ел-жұртты атайды, олар:
Байтағымның ішінде он сан елім ноғайлы, «он сан ноғай ішінде 360
отау қазақ» болып ауызға ілінеді. Өкпелеп кеткен Едігені қайтаруға
келген «парламентер» Кеңестің ұлы Кенженбай – Тоқтамыс хан саған
(Едігеге):
Байтақ бөліп береді,
Падысалық сүр-сана, – дейді, яғни жеке хандық құратын ел-
жұртты бөліп береді, – деп бітімге шақырады. Бұл жолдарда да байтақ
– хандық, белгілі бір мекендегі белгілі бір құрамды ел, терминдеп
айтсақ, этникалық-территориялық бірлік. Батырлар жырларының
кейбірінде бұл ұғым нақтылана түседі. «Ер Тарғын» жырында да,
сюзерініне (хан иесіне) өкпелеп кеткен Тарғынды да кері қайтара
келген мәмілегер:
Достарыңызбен бөлісу: |