251
«өлім әкелетін, өлтіретін, қирататын» сема (мағыналық реңк) бар
екендігін осы сөзбен түбірлес алаулау – соғысу, алашы – жаналғыш
– «палач» (түрік тілінде), аласат – «жаугершілік» (қарақалпақ
тілінде), аласат салу «аласапыран, бүлік, дүрлігу» (қазақ тілінде
Сыр бойы мен Түрікменстан қазақтарында) сияқты туынды сөздер
мен қазақ тіліндегі ала сапыран, ала топалаң, ала қырғын, алағай-
бұлағай сияқты сөз тіркестеріндегі ала компоненті осы тіркестердің
мағынасында «ұрыс-соғыстың салдарынан болатын бүліншілік»
семантикасы бар екенін көрсетеді. Қазақ жырларында кездесетін,
бұл күнде ұмыт болған ала балта, ала берен, мүмкін тіпті, алату
дегендердегі ала да түсті білдірмейді, «ұрыс-соғыста ұстайтын құрал
– балта, киген сауыт – берен, ұстайтын ту» дегендерді білдіреді.
Бұлардың барлығында ала – мағынасы көне сөз. Біздің топшыла-
уымызша, аламан сөзінің түптөркінінде осы ала түбірі жатқан бо-
лар дейміз. Аламан – көптік мағыналы жинақы атау. Аламан деп бір
адамды емес, топ, отрядты атайды, сондықтан қазақ тілінің ертелі-
кеш сөздіктерінде аламан «шапқыншы топ, тонаушы тобыр, талау-
шылар» деп түсіндіріледі (Н.И.Ильминский Материалы к изучению
киргизского наречия с киргизско-русским словарем. - Казань, 1861).
Егер жеке адамға қарата айту, жеке шапқыншы деу керек болса,
соңғы кезеңдерде аламаншы сөзі жасалған. Қазақ тілінде аламан
сөзінің жиі қолданылған кезеңі – XVІІІ-ХІХ ғасырлар болар деп топ-
шылаймыз, өйткені «Едіге» жырының ең әрідегі (XV ғ.) нұсқасында,
сондай-ақ өзге нұсқаларында да кездеспейді деуге болады. «Жорту-
ылшы» мағынасындағы аламан сөзін XVIII ғасырдың ақын-жырауы
Ақтамбердіден табамыз:
Айттырып бермес сұлуын
Аламанға тегін олжа қылар ма екенбіз?
Бұл сөз Қазақстанның батыс өңірінен шыққан XIX ғасыр ақын-
дарында жиі қолданылған.
Көнерген және ескірген бірліктердің қомақты бір тобы – ескі
Достарыңызбен бөлісу: