Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет197/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

Баттауық. Бұл күнде баттауық – «өсімдік атауы, ол сулы жер-

лерде,  өзен,  көл  жағалауыларында  өседі»  деп  көрсетіліп  жүр.  Ескі 

жырларда  бұл  сөз  –  балдырғаны  білектей,  баттауығы  жүректей 

деп  көркем  образ  болып  келетін  теңеулі  тіркесте  кездеседі. 

П.М.Мелиоранский  «Едіге»  жырындағы  Шоқан  нұсқасындағы: 

Баттауық  толған  жылқым  жоқ  деген  жолдағы  баттауық  сөзін 

жырдағы  түсініксіз  тұлғалардың  бірі  деп  танып,  оны  «низкое  тон-

кое  место,  прибережье»  деген  мағына  беретін  сөз  болу  керек  деп 

түсіндіреді және оның түбірі башмақ (бату) етістігі болар деп топ-

шылайды (Сказание об Едигее и Тохтамыше, 20-бет).

Ғалым,  сірә,  бұл  түсінікті  мәнмәтінге  қарап  берген  сияқты. 

Мұнда  кейіпкер:  «баттауық  толған  жылқы»  –  баттауығы  көп  жер-



295

де  жайылған  жылқысы  жоқ  деп  тұр.  Біздіңше,  мұндағы  баттауық 

сөзін «батпақ жер» дегеннен гөрі «батпақ жерде өсетін өсімдік ата-

уы» деп таныған дұрыс болар. Ал өсімдік атауы П.М.Мелиоранский 

дұрыс көрсеткендей, бату – батпақ сөздерімен түбірлес болуы әбден 

қисынды.


Баттауық  өсімдігі  барлық  жерде  өспейтіндіктен,  атаудың  өзі 

түсіндірме сөздіктер арқылы белгілі болғанымен, оның баттауығы 



– жүректей немесе «Едіге» жырындағы баттауық толған жылқы 

деген  бейнелі  тіркестер  –  поэтизм  ретінде  сақталған  ескіліктердің 

бірі деп талданып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет