Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет193/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   284
Арап  пен  сарап.  Шоқан  нұсқасындағы  «Едіге»  жырының  мәті- 

нінде бірнеше рет кездесетін арап пенен сарап сөздерінің мағынасын 

мәнмәтінге (контекске) қарап оңай айыруға болады:

Арап пенен сарапқа 

Сонда жаман тойған жұрт;

Жалғызыма алғыс тисін деп,

Арап пенен сарапқа

Сонда бір жұртты тойдыртты.

Бұл – арақ-шарап дегеннің фонетикалық варианты сияқты. Хатқа 

түскен  жыр  мәтінінде  ш-с  дыбыс  алмасуы  жиі  кездеседі.  Мысалы, 



төс(і) аршынды [ару] тіркесі осы жырдың екінші бір жерінде төс 

арсынды деп жазылған. Сол сияқты шербет сөзі сербет вариантын-

да да кездеседі. Бұл алмасулар ш-с таңбаларының араб жазуындағы 

әріптердің  асты-үстілеріндегі  нүктелердің  түсіп  қалуында  не 

сақталуында  болмас  (өйткені  с  дыбысы  көбінесе  екі  түрлі  әріп 

таңбасымен  келеді).  Ерте  кездерде  түркі  тілдерінде  с-ш  алмасуы 

жиірек орын алып келгені байқалады (мысалы, қазақша бойшаң де-

ген сөз қазіргі ноғай тілінде бойсаң деп айтылады).

Арап-сарап  тұлғасы  Атырау  өңірінде  күні  бүгінге  дейін  сақта- 

лыпты (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі, 2005, 67-б.), сірә, ертеректе 




291

ноғайлылықтармен жақын жүріп-тұрған батыс өңірі тұрғындарының 

тілінде сақталған болса керек. Ал арақ сөзіндегі қ дыбысының п-мен 

алмасуы –табиғи фонетикалық құбылыс емес, қосарлана айтылатын 

екінші  сөз  шарап  дегеннің  ұйқасына  қарай  болған  ауызекі  тілінің 

құбылысы (әрекеті) болар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет