Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет204/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

Өтіл. Өтілу«Едіге» жырының қара сөз бөлігінде өтілу етістігі 

бар:


Төртеуі бір-біріне өтілді,

Едігеге сөйле деп...

Асылдан саба толтырып.

Тең құрдасқа қосылып,



Өтіліп қымыз іше алмай.

Тіркестің мағынасы «сұрады, өтінді» дегенге саяды. Осыған қарап 



өтілу сөзі бүгінгі түсінікті өтіну сөзімен түбірлес деуге болады. «Қазақ 

тілінің  аймақтық  сөздігіне»  (2005  ж.)  үңілсек,  Түрікменстанның 

Красноводск,  Ашхабад,  Жемен  өлкелеріндегі  қазақтардың  тілінде 

өтіл деген зат есім «өтініш» дегенді білдіреді екен, ал Қызылорда, 

Қармақшы тұрғындары өтіл дегенді «бедел, абырой» деген мағынада 

қолданылатындығы  да  осы  сөздікте  көрсетілген.  Сірә,  «Едіге» 

жырындағы өтіл сөзінің мағынасы «өкініштен» гөрі «ақыл, кеңес» 

дегенге жақындайды, өйткені көне түркі тілдерінде өт, өтлүк «совет, 

назидание» деген мағынаны берген (ДТС, 1969, 512-бет). Бұл тіркес 

өзге жырларда да бар:

Сол анасы жылады,

Ұлынан өтіл сұрады («Ер Сайын»).

Төрде отырған билерден

Бозмұнай өтіл сұрады («Бозмұнай»). 

Өтіл,  өтіл  сұрау  «ақыл,  кеңес,  ақыл  сұрау»  мағыналарында 

жұмсалған ескіліктердің бірі деп таныған жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет