Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет208/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

Ұшан теңіз. П.М.Мелиоранский мұндағы қазақ тілінде түсініксіз 

тұлға  деп  ұшан  сөзін  көрсетеді  де,  оны  Шоқанның  «неперелети-




305

мое,  огромное,  неперелетное»  деп  аударғанын  дұрыс  емес  деп, 

Сейдалиннің үшем (үш теңіз) деген жорамалын қостайды. Біздіңше, 

бұл  екі  түсінік  те  –  дәл  емес.  Сірә,  сөз  түбірі  –  ұш  (бір  нәрсенің 

ұшы,  бастамасы)  сөзі  болар.  Қазақ,  қарақалпақ  тілдерінде  ұшы-

қиыры  [жоқ]  кеңістік  (дала,  теңіз)  деген  тіркес  бар,  бұл  тілдердің 

сөздіктерінде ұшан теңіз тіркесі мен ұшы-қиыры жоқ тіркесі бірдей 

түсіндірілген:  «безграничный,  беспредельный,  безбрежный»,  ал 

қырғыз тілінде ұшан теңіз тіркесі «многочисленный» деп аударыла-

ды да бұл тіркес учан теңиз жұрт «многочисленный народ», учан 

теңиз уят «неслыханный позор» деп мысал келтіріледі (Киргизко-

русский. словарь. - М., 1965. - С. 812). Ал қазақ тілінде де ұшан сөзі 



теңіз сөзімен тіркесте келіп, «үлкен, ұшы-қиыры көрінбейтін теңіз» 

деп ұғылады. Жырда:

Көк ала жорға ат мініп,

Көк дабылпаз байланып,



Ұшан теңіз айланып,

Тұтам бауы сары алтын.

Ақ сұңқар құс береді,

Көк айнала шүй деді, – 

деп келетін жолдардағы ұшан теңіз айлану тіркесі «үлкен кеңістік» 

мағынасында қалыптасқан стереотип қолданыс болса керек, өйткені 

әңгіме бұл жерде теңіз (үш теңіз!) туралы емес, «құс ұшып-қонатын 

көлді айналып жүріп ақ сұңқар құс салып тамашала» деп тұр. Демек, 



ұшан теңіз тұрақты тіркесіндегі ұшан сөзінің үш (ен) теңіз дегенге 

де, «баркас, кеме» дегенге де қатысы жоқ деп білеміз.

Біздіңше,  ұшан  сөзі  «көп,  үлкен»  деген  мағына  беріп,  тек  қана 

теңіз сөзімен емес, өзге сөздермен келген тіркестерін де кездестіре- 

міз: «Қайғысы ұшан анама Сабыр ет деп айтарсың» (Керайдар мен 

Қызылгүл);  «Күркіреп  ұшан  сері  келіп  жетті»  (Қозы  Көрпеш-Баян 

сұлу). Бұл жолдарда 90 жігіт туралы айтылып тұр, демек ұшан сері 

– көп адам. 

Қазіргі қазақ тілі сөздіктерінде ұшан теңіз, ұшан дала тіркестері 

беріліп,  тұтас  тіркестердің  мағыналары  ғана  түсіндірілген.  Жеке 

ұшан  сөзі  сөзтізбеде  жоқ.  Ескі  үлгілерде  бұл  сөз  «көп,  мол,  кең» 

деген  ұғымды  білдіріп,  өзге  сөздермен  тіркесе  бергенге  ұқсайды. 

Дегенмен бұл ескілікті әлде де іздестіре түсу керек. Ол көне түркі 

сөздігінде  де,  монғол  тілі  сөздіктерінде  де  жоқ.  Бұл  сөзге  проф. 

П.М.Мелиоранскийдің де көңіл аударып, мағынасы мен түптөркінін, 

этимологиясын іздестіруі тегін емес. Қазіргі қазақ тілінде көбінесе 



ұшан  теңіз  тіркесінде  ғана  келетін,  сірә,  «үлкен,  шалқыған»  деген 

семантикасы бар сөз деп тани саламыз, бұл қайдан келген сөз әлде 

түркі тілдерінің өз сөзі ме, қалайша ескірген, жаңа эквиваленті қай 

сөз деген сауалдар алдымызда тұр. 




306



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет