Жалаири. - Алма-Ата: Наука, 1989).
319
орыс патшалығының әміршісі – Борис Годуновқа арналған «Мадақ
сөзі» мен Қазан, Қырым хандықтары тарихына және Оразмұхаммедке
арналған тарауларын өз білгенінше өз авторлығымен ұсынады.
Бізден бұрынғы зерттеушілердің, әсіресе Шоқан Уәлихановтың
дұрыс танығанындай, Қадырғали өз жылнамасын сол кезеңнің
түркі мәдениеті үшін міндетті түрде қолданылатын жазба дәстүрі
ортаазиялық түркі жазба тілінде, яғни «шағатай тілінде» жазады,
бірақ көп тұстарында автордың қазақ екендігі, кей-кейде қазақтың ше-
шен билерінше бейнелеп көсіліп жазғандығы көрініп тұрады. Демек,
біз зерттей келе, Қадырғали бидің «Жами’ ат тауарихын» (жылнамаға
бұл атты орыс ғалымдары шартты түрде ұсынған болатын, өйткені
оның көп бөлігі Рашид ад-диннің «Жами’ ат-тауарихынан» алынған
еді), қазақтың ескі жазба тілінің үлгісі деп тануға әбден болады деп
таптық. Мұнда қазақ тіліне қатысы бар көптеген лексикалық бірлікті
(жеке сөздер мен сөз тіркестерін), морфологиялық көрсеткіштердің
қолданылғанын көреміз. Оларды біз қазақ тілінің ескіліктері
қатарында талдап, танытуды жөн көріп, бірқатарын осы жұмыста
ұсынып отырмыз. Мысалы, Қадырғали жылнамасы мәтініндегі аға,
ала йұнтлы (алалы жылқы), ару, атабек (регент), атқышыл (мерген),
ат-ұлақ (ұлақ – көлік), аты-чауы (аты шулы), баурчы, бегім (бикеш),
бәндә (пенде, басыбайлы адам), бұлғақ (аласапыран кезең), ел (ру, тай-
па одағы), жұда болу (айрылу), жүз ұру (бет алу), күш беру (жақтасу),
қарачу (ханның кеңесшісі),
құма (әміршінің жеңілген елдерден ол-
жалап алған әйелі), қыз атау (құда түсу), сақыну (сақтану), сауқат
(олжа), сындыру (жеңу), тоңу (ұрыс, соғыс), тон (киім), тоңу (мұз
қату), туар қара (жылқы), оғул/ұғыл (бала), ұлус, орда, йұрт (жұрт,
ұлыс), шора (хан күзетшісі), чығай (кедей) т.т. Дыбыстық құрылымы
жағынан сәл өзгешелеу қалыптағы бұл сөздердің бірқатары –қазіргі
қазақ тілінде ескілік болып сақталған тұлғалар. Бүгінгі оқырман
қауым бұл мәліметтерді (фактілерді) де біле жүргенін дұрыс көріп,
оларды әліпби тәртібімен ұсынып отырмыз. Мысалға келтірілген
иллюстративтік сөйлемдер осы ескерткіштің 1991 жылғы мәтінінен
– Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның
жылнамалар жинағы (Алматы: Қазақ университеті, 1991) атты басы-
лымнан алынды. Мысал етіп берілген сөйлемдердің ішіндегі кейбір
түсініксіз деген сөздердің қазіргі баламасы көрсетілді. Олар мына-
лар: туғмыш ерді – туған еді, аймас – айтпас, айғай – айтады, алып
турур ерді – алып жүретін еді, туар қара – жылқы малы, өлтүргей
деб – өлтірер деп, атлығ ерді – атты еді, ма’лум тұрур – мағлұм еді,
бисйар – көп, таба – қарай, күн туғуш таба – күн шығысқа қарай,
тоқуш қылды – соғысты, барғаһ – ту, әммә – барлық, пәкиза – пәк,
320
таза, бағайат – өте, асқан, суқуған – өрнектеген, туснақ – тұтқын,
бөләк – сыйлық
, сандуқ – табыт
, мәй – шарап
, йүз ұрмақ – бет алу
,
үкүш – көп
, сындурды – бағындырды
, отчигин – қара шаңырақтың
иесі, хуб – аса, өте.
Қазақ жазба әдеби тілінің ең алғашқы үлгілерінің бірі болып
табылатын бұл ескерткіштің тілі, стилі, сөздік казынасы, графика-
орфографиялық бітімі туралы кеңірек танысқысы келген оқырман
1989 жылы орыс тілінде жарық көрген мына еңбекті оқуларына бо-
лады: Сыздыкова Р. Язык «Жами’ ат-тауарих» Жалаири. - Алма-Ата:
Наука, 1989.
Достарыңызбен бөлісу: