Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет215/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   284
бір  кезеңдердегі  дамуы  сөз  болады,  сондықтан  тарихи  зерттеу 

жұмыстарының бұл түрі диахрондық тіл таным немесе динамикалық 

тіл  таным,  тіпті  эволюциялық  танымдар  саласы  деп  атауға  бола-

ды.  Демек,  лексика-фразеологиялық  ескіліктер,  тарихи  тұрғыдан 

қарағанда, бұл тарихты көнеден, ертеректегі кезеңдерден бастап, күні 

кеше өткен кезеңдерге қарай жіктеп, фактілер жинадық, ол фактілерді 

(мысалдары,  сөздерді)  жоғарыда  аталған  тілтаным  салаларының 

теориялық  ұстанымдарына  сүйеніп  талдадық.  Нәтижесінде  қазіргі 

кезде  әр  кезеңдегі  үлгілерді,  әсіресе  ертегілер,  батырлар  жырлары, 

ғашықтық жырлар, тұрмыс-салт жырлары, шежірелер мен жылнама-

ларды, XV-ХІХ ғасырларда жасап өткен қазақ ақын-жырауларының 

өлең-толғауларын,  айтыс  үлгілері  мен  өсиет-ақылдарын  оқып, 

тыңдап, жаттап жүрген дүниелерде бүгінгі қалың көпшілікке бейта-

ныстау, өздері еркін қолданбайтын мән-мағыналарын бірден тап ба-

сып айтып  бере алмайтын  жеке сөздер мен сөз бөлшектері (түбірі, 

қос сөздердің сыңары, біріккен сөздердің құрамдасы), сөз тіркестері 

кездеседі.  Әрине,  олардың  барлығының  табиғаты  мен  түптөркіні 

бірдей емес. Бұндай сөздердің бір алуаны қазақ даласының барлық 

өлкесіне  бірдей  тән  емес,  яғни  жергілікті  қолданыстар  болуы 

мүмкін.  Олар  ғылыми  еңбектерде  диалектизмдер  немесе  аймақтық 

ерекшеліктер деп аталатыны белгілі. Таралу (қолдану) аясы шектеулі 

бұндай сөздер көптен бері жақсы жиналып, зерттеліп, тіпті сөздіктері 

де түзіліп, көпшілік қауымға біршама таныс құбылыс болып отыр.

Бейтаныс сөздердің бірқатары кейбір жазушылар (ақындар, жур-

налистер) өздері жасап алған сөздері болуы мүмкін. Әрине, бұлар өте 

аз, көбінесе жалпы қолданысқа түспей кетеді. Сол сияқты бұларды 

ескілік (ескірген не көнерген сөз) дегеннен гөрі бейтаныс сөз, оның 

ішінде авторлық туынды (жасанды) бірлік деп тану керек.

Ескіліктердің  ең  үлкен  тобында  және  нағыз  ескі  бірліктерді 

құрайтындар архаизмдер (көнерген сөздер) мен историзмдер (ескір- 

ген  сөздер)  болып  табылады.  Бұлар  –  осы  жұмыста  жан-жақты 

талданып  отырған  нысандар  (объектілер).  Бұлардың  ішінде  жеке 

қолданылғандар  және  қос  сөз,  біріккен  сөз  құрамында  келетіндер 

деп бөлек қарау керек болды. Сөйлем ішінде немесе тұрақты тіркес 

құрамында  жеке  қолданылатын  бірліктердің  ертедегі,  ертеректегі, 

күнікешегі  қолданыстағы  мағынасы,  түптөркіні,  морфемдік  құбы- 

лысы,  фонетикалық  өзгерісі,  кездесетін  орындары  зерделенеді.  Ал 

қос сөз сыңары болып келетін ескі бірліктер негізінен этимологиялық 

талдаулардың  нысаны  болады.  Бұлардың  біразы  «Қазақ  тілінің 

қысқаша  этимологиялық  сөздігі»  (1966),  Р.Сыздықованың  «Сөздер 

сөйлейді»  (1980,  1994,  2004),  Ә.Нұрмағанбетовтің  «Қос  сөздердің 

құпиясы» (1991) т.б. сияқты еңбектерде жақсы талданып зерттелді.




317

Біздің осы жұмыста жасаған таным-талдауларымыздың мәні мен 

қажеттігі жөнінде мынадай түйін-тұжырымдар айтуға болады:

1. Орта ғасырлардың соңғы жүзжылдыктарында (XV-XVI) және 

одан  кейінгі  XVII-XIX  жүзжылдықтарда  қазақ  тілінде  дүниеге 

келіп, ауызша да, ішінара қолжазба (жазба) түрінде де тарап, біздің 

заманымызға  жеткен  әр  алуан  жанрдағы  өлең-жырларда,  эпостық 

жанрдағы  ерлік  жырлары  («батырлар  жырлары»)  мен  ғашықтық 

жырларындағы, шешендік жанрдағы билер сөздері мен өте ертеден 

келе жатқан мақал-мәтел, афоризм, дидактикалық ақыл сөздеріндегі, 

ертеде  қалыптасып,  жырдан-жырға,  ұрпақтан  ұрпаққа  (ақын-

жырауларға) ұласып жалғастық тауып келген бейнелі метафоралық 

тұрақты сөз тіркестеріндегі ескі (көне және ескірген, ескіре бастаған) 

сөздер едәуір кездеседі. Бірақ олардың қолданысы өлең-жыр жолда-

рын,  мақал-мәтелдерді,  шешендер  монологін  бейнелі  сөз  үлгісінің 

(фразеологизмдік)  жалпы  мазмұнын  біршама  түсінуге  кеселдік 

етпейді,  яғни  көпшілік  оқырман  «бұл  не  деген  сөз»  деп  көп  ойла-

нып  жатпайды.  Дегенмен  бүгінгі  сауатты,  әр  нәрсені  дұрыс  біліп-

танығысы  келетін  адамдар  оқып  отырған  дүниесіндегі  бірен-саран 

болса да түсініксіз сөздерді кездестірсе, бұл сөздің мағынасы қандай 

деп ойланып қалулары әбден мүмкін.

2.  Сондықтан  бейтаныс  бірліктерді  түр-түрге  бөліп  алып,  әрбі- 

реуін  жеке-жеке  талдап,  түсіндіріп  беру  –  ғылымның  тілтаным 

саласының міндеті.

3.  Бұл  міндетті  орындаудың  нәтижесінде  қазіргі  қазақ  тілінің 

тарихын  зерттеуге,  оның  ішінде  лексика,  семасиология,  фонетика, 

морфология  тарамдарының  тарихына  қажет  жиналған  материалдар 

үлкен үлес қосады.

4.  Тілдің,  оның  сөздік  қазынасының  өткен  кезеңдердегі  жай-

күйін  білу  оның  қазіргі  болмысын  дұрыс  тануға  септігін  тигізеді, 

ол сөздердің әрі қарай даму, сұрыпталу, толығу процестерін байқап 

отыруға мүмкіндік береді.

5. Ескіліктерді зерделеу нәтижесі бүгінгі сөз мәдениетін көтеруге 

атсалысады,  яғни  әрбір  сөзді,  оның  ішінде  бейтаныс  көне,  ескі 

сөздерді  өз  орнында  дұрыс  қолдануға,  қажет  деп  табылғандарын 

қазіргі  қажеттікке  жарату,  яғни  әдеби  нормаға  айналдыру  істеріне 

жәрдемдеседі. Мысалы, бұл күнде өте жиі қолданысқа түскен алаш, 

азамат, астана, аламан, алқа, ханым, төре (қаратпа сөздер ретінде), 

зымыран сөздері бір кездерде қазіргіден өзгеше мағынада жұмсалып 

келіп, қазірде жаңа семантикалық бірліктер қатарын түзіп тұр.

6. Көптеген бөгде тілдік атаулардың қазақша баламасын жасауда 

кейбір көне және ескірген сөздерді пайдалану мүмкіндігі арта түсті. 

Мысалы, диадема деп жүрген император, патша, хан сияқты жоғары 



318

лауазымдықты  көрсететін  зат  атауын  бір  кездерге  қолданылған 



тәтті сөзін, сол сияқты бәйгеге қосатын жүйрік аттарды бәйге ат-

тары  демей,  бедеу  аттар  немесе  ақта  аттар,  одан  да  ықшамдап 



бедеу,  ақта  деп  атасақ,  маңызы  мен  аумағы,  көлемі,  бағасы  үлкен 

сыйлықтарды сұйырғал деп атасақ, жөн болар еді.

7. Көне, ескі сөздердің бір кездердегі мағынасын немесе өзгеше 

болып  кеткен  түпкі  тұлғасын,  «төркін  жұртын»,  яғни  қай  тілдік 

сөз  екенін,  оның  қазақ  тіліне  қалай  жанасып,  сақталып  жүргенін 

әңгімелеу  бүгінгі  адамдардың,  әсіресе  жастардың  ана  тілі  –  қазақ 

тіліне  назарын  аударып  қызығушылықтарын  тудыру,  сол  арқылы 

тілдің  беделіп  арттыру,  биікке  көтеру  сияқты  мемлекеттік  тілдің 

өміршеңдігі мен болашағы үшін күрестің бір ұшы болып табылады 

деп санаймыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет