әкімшілік қызметіндегі өкілі. Көбінесе жалқы есімдермен келеді.
Қийас улан, Таш Темур улан.
УЛУҒ – ұлық, бастық. Анларны ләшкәр улуғы етіб йүргүзді.
УЛУҒ ОҒЫЛ – тұңғыш, үлкен ұлы. Жочи хан Чингиз ханның
улуғ оғлы ерді. Бу Орда Жочи ханның улуғ оғлы ерди.
УЛУҒ XАТУН – бәйбіше, ең үлкен әйел. Чингиз ханның улуғ ха-
туны Бөртә Фужин аларның қарындашы ерді.
УЛУС – 1) мемлекет, хандық. Барча улус ічінде Мәскеу атлық
шаһарың душманларға көп дүр. Ойда орыс, қырда татар – барча улус-
ны бақтурған хан. 2) халық. Бу Қонқыран Ордадын соң улусны ол
биледі.
УЛУС/ОРДА/ЙУРТ – термин: 1) мемлекет, хандық. [Қасым хан]
нечә уақтлар атасы улусында падшаһлық қылды. [Чингиз хан] анлар-
ны (оғланларын) қайтарды, өз улус мамлакатлеріне йіберді.
УРУҒ – ұрпақ. ...төрт йүз йыл заман кечкендін соқ анларны уруғы
бисйар көб болды. Жочи ханның онынчы оғлы Чимбайның уруғы та-
мам болды.
ХАНЛАУ – хан ету, хан тағына отырғызу. Едіге айды [Хажы
Мухаммед уланға]: сен менім бірлә болғыл. Тәңрі ішімні оңарса, мен
сені ханлайын теді.
ХАН – 1) ең жоғарғы билеуші, монарх; 2) ру-тайпалардың
билеушісі. 1) Шыңғыс хан, Жошы хан, Борис хан (Годунов), 2) Мөңкү
хан, Боданчар хан.
ХАЛҚ/ХАЛАЙҚ – 1) әміршінің қол астындағы адамдар; 2)
Достарыңызбен бөлісу: |