Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет219/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

атағы; 2) ақсүйек, бекзада. Бірі хан, бірі бек болуб йүрүр ерді... Чин-

гиз ханда бу төрт бек мағлум турур.

БЕК – титул: әмірші. Андын [соң] Хоразми бек болды. Андын Ха-

сан бек болды. Андын Шейх Мамай мырза улусны биледі, әмма өзі 



бек болмады. Мұса бекнің оғлы Шейдақ бек болды.

БЕК  –  жалқы  есіммен  келеді.  Қадырберді  хан  білән  Едіге  бек 

тоқуш қылдылар.

БӘНДӘ – басыбайлы адам. Ораз Мухаммед бәндәләрні туснақдын 

алыб азад қылды.

БИ – ру, тайпа басшысы, билеуші, бек. Тасуқа би, Сейдой би

Қадырғали би, Қосум би. Синонимі: бек.

БОҚАУЛ/БАУРЧИ  –  хан  сарайында  ас-суды  басқарушы. 

Шыңғыс хан енгізген 10 түрлі қызмет иесінің бірінің атауы. Толағай 

бек баурчы ерді, Онгур нойан уа боқаул баурчы ерді.

БӨЛӘК  –  сыйлық.  Ол  елчілер  өзләрі  білән  ақ  саңқурлар, 

бөләклер келтүрді.

БӨРТЕ – жылға, өзен тарамы. Жайыкдан чықған Елек суы ту-

рур. Андын [йоқары] үч бөрте чықар.

БҰЛҒАҚ  –  аласапыран  (қарсылық  әрекет  кезіндегі).  Арикан 

Йеке... Ариц Букенің бұлғақында өлді.

БҰЛҒАҚЛЫҚ – аласапыран кезең. Ол уақтыда кім Ариқ Букенің 



бұлғақлығында йығылып ерді.

БІТІЛУ – жазылу, баяндалу. Ол хикайатны бітіділәр. Бу мың асл 

насхада бітілген йоқ ерді.

БІТІЛДІ  –  жазылды,  баяндалды.  Нух  ғалайассаламдын  беру 

Оғузға дегәч... Чингиз хандын бұ заманға дегәч – тамамысы бітілді.

ЕКЕ/АҚА – қара: ақа.

ЕКЕЧІ – көне. Титул – дәреже атауы. Хатун титулы қызметтес, 

көбінесе қумаларға берілген. [һулагу ханның оғлы Йушмут] қумадын 

туғуб ерді, [қуманың] аты Нуқачин екечі атлығ ерді.

БІТУ – жазу, баяндау. Жочи ханның он төрт оғлының атларыны 



бітүдүк.


323

ЕЛ – 1) ру-тайпалар одағы, мемлекет; 2) күшпен не еркімен 



бағындырылған  тайпа.  Ел  болды  –  бағынды,  Ел  қылды  – 

бағындырды.  Ол  уақтда  да  уйғурның  падшаһы  Иди  Қут  ел  болып 

Чингиз ханға қуллуқға келді.

ЕЛ БОЛУ – татуласу, бірлесу. Аның білән ел болур ердім.

ЕМЕЛДЕШ – емшектес (бір әйелдің сүтін емгендер), гинонимі: 

көкілдеш, емшектес. Уақарачулары, аталық(лары), емелдешлері хан 

хазратларының үстіне нисарлар қылдылар.

ЖҰДА  БОЛДЫ  –  айрылып  қалды,  айрылды,  жетім  қалды

Ораз Мұхаммед... секіз йашында улуғ бабасы Шығай хандын жұда 

болдылар  (жетім  қалды).  Уа  Чингиз  хан  ол  қыш  Оң  хандын  жұда 

ерді.

ЙАҒЫЛАШУ  –  жауласу.  Екінчі  оғлы  Алтан  ерді.  Чингиз  чин 

білән йағылашты, бір йарашты.

ЙАЗҒЫСЫН  –  жазда,  жазғысын.  Чингиз  хан  бу  йылларда 



йазғысын өз үйінде ерді.

ЙАЗЫ – дала, жазық дала. Күнлерде бір күн Оғуз йазыға аңла 

чықды.

ЙАЙЛАҚ,  ҚЫШЛАҚ  –  жайлау,  қыстау.  Мауази  йайлақы



қышлақы берілді.

ЙАРАШМАҚ  –  келісімге  келу.  Таңкут  падшаһы  ел  болды. 



Иарашмақға тіледі.

ЙАРАШМАҚЛЫҚ  –  жарасу,  жараспақтық.  Йарашмақлықны 

охшатыб елчі йіберді.

ЙАРЛЫҚ – бұйрық (әскери). Йарлығына ерміш йа қайталы му?

ЙАСАҚ – тәртіп, жосық. Сізлер кім мен дін соң мен буйурған 

йасақны бузманыз.

ЙЕҢГӘЛАТА АЛУ – жеңгелей алу. Чарақа Бай соңқурның хату-

нын йеңгәлата алды.

ЙЕСІР – тұтқын. Келіңіз, бізнің малымызны, йесірімізні алыңыз 

теп. [Чингиз хан] уилайат Таңқутны чапыб, бисйар йесір келтүрді.

ЙЕСІР – тұтқын. Аны һәм йесір етіб алыб келген ерді.

ЙОСУН ЙАСАҚ – жөн-жосық, заң. Уа йосун йасақ йолунда ғақл 

уа кифайат тапмасалар.

ЙҮЗ БЕГІ, МЫҢ БЕГІ, ОН БЕГІ – Түркі-моңғон қауымдарының 

әскери бөлім (ондық, жүздік, мындық) басшылары. Соң улуғ болды. 



Йуз бегі, мың бегі болды.

ЙҮЗ  ҰРУ  –  бет  алу,  бет  алып  жүру.  Менің  сүңгәгімні  турған 

сандуқны алыб, өз уилайытыңызға йүз уруңуз.

ЙУРТ  –  жұрт,  ел,  халық,  ұлыс.  Моғолстаннын  йурты  кім  бу 

тәнрәде бір біріне би уста ерді.



324

ЙІГІТЛІК – жас кез. Атасы Қачиун йігітлік де өлді.

КАЗИК – әміршінің жеке күзетшісі. Синонимі – чора. Бурғучы 

нойан Чингиз ханның чора ағасы ерді.

КЕЧӘ – түнКечәні күндүз қылыб айтмай атланған. Чингиз хан 

бір кечә уйқусында түш көрді.

КЕЧӘ КҮНДҮЗ – күні-түні. Дайим кечә күндүз бір кесә мәй ишсе, 

оны йад қылмады. Ол оғұл үч кечә күндүз анасынын сүтін еммәді.

КИТАБСЫЗ  ҚАУМ,  КИТАБСЫЗ  ХАЛЫҚ  –  термин:  жабайы 

қауым (мәдениетсіз, яғни Құран, Інжіл, Тәурат сияқты кітаптары 

жоқ жұрт). Ол замандын соң атрак алам китабсыз қаумда тарих йоқ 

ерді. Китабсыз күн туғушындағы халық оның нәслі турур.

КӨПӘЛУ – көбею. Өсе өсе бурунғы хадинге келдікөпәлді.

КӨШЕ/КӨШӘ – тұрған орын, мекен, жер. Нечүк ұлуғлар дын 

йырақ болуб бір көшеде екі оғлы білән біргә олтуруб көп насихатлар 

айды. Һәрбір көшеде озғун болған ләшкәрні өзіне йығды. Андын ба-

рыб бір көшеде йықылды.

КҮН ТУҒУШ – күншығыс. Йафесні күн туғуш таба йіберді.

КҮРЕН – мың үйлі ауыл. һәр бір күренде мың үйлүк халқ [бар] 

ерді.


КҮЧ БЕРУ – жақтасу. Шул қаум... раст көңлі білән Чингиз ханға 

күч берділер.

ҚАЛ’А  –  елді  мекен,  кішігірім  қалашық.  ...анларның  нечә 

һазар қал’асын алыб... Қырым білә түркнің һәр бір суын, йайлағын, 

қонушын алыб.

ҚАРА ХАЛҚ – қара халық, бұқара. Кермен шаһарының беклері, 

мырзалары, қара халқы – екі йүз кіші анда хазр ерді.

ҚАРАУЛ – ұрыс-соғыста жау жолын бақылайтын топ. Тоқучар 

нойанны екі мың атлығ білән қараул қойды.

ҚАРАЧУ – термин: ханның кеңесшісі, сановник (ал соңғы бір-

екі  ғасырда  қазақ  тілінде  қарашы  сөзі  «тәуелді,  бағынышты,  қара 

халық  өкілі»  деген  мағынада  жұмсалған).  Барча  қарачу,  беклердін 

улуғрағы ол ерді. Аның оғланлары бисйар бар ерді. Тамамы қарачу 

улуғ ерді, чора ағасы.

ҚАРАЧУ УЛУҒЛАР – қарашы ұлықтар. Андағ кім әгәр қарачу 



улуғлары Чингиз хан заманында бар ерді.

ҚАРЫНДАШ  –  1)  туыс,  рулас.  Бағзи  қарындашлары  білән  бір 

еділәр. Нурин ақтачы шуның қарындашлары турур. Чингиз ханның 

улуғ хатуны Бөртә Фужин аларның қарындашы ерді.

ҚАРЫНДАШЛАР  –  туысқандар,  руластар.  Харан  баурчы... 

Меңгү ханның хизматында ерді, анларның қарындашлары ерді.

ҚОНАҚЛАУ – қонақ ету ...меһманны йахшы қонақлағай.



325

ҚАУМ – тайпа, ел, тайпалар одағы. Чингиз хан заманында бар-

ча қыйат қаумын Чаңшиут башлар ерді. ...қаумлары бисйар үкүш көб 

турур.


ҚОРУҚ-И  БУЗУРГ  –  үлкен  қорық.  Өз  йерінде  бурун  уақтда 

жаһат қоруқ-и бузург та’ин буиуруб ерді.

ҚОРЧЫ/ҚУРЧЫ  –  әміршінің  садағын  алып  жүруші,  құршы, 

оққағар  (телохранитель).  (Шыңғыс  хан  енгізген  он  түрлі  қызмет 

иесінің бірінің аты) Қорчыларға буйурды.

ҚУМА/ҚҰМА  –  әміршінің  өзге,  көбінесе  жеңілген  елдерден 

алған  әйелі.  Құмалар  көбінесе  ханның,  бектің  т.б.  әміршілердің 

қатын-қыздары  болған,  құмалар  некелі  әйелдерге  жатпайды.  Аның 

беш оғлы бар ерді. Аууал Қичан, қумадан болды. Чингиз ханның қаум 

наймандын бір қумасы бар ерді.

ҚЫЗ  АТАУ/ҚЫЗ  ТІЛЕУ  –  құда  түсу,  айттыру.  Чингиз  хан  Оң 

ханның оғлы Сәнгүннің қызын өз оғлыға тілеб ерді. Аңа бу қызны 



атады.

ҚЫЗ ҚАРЫНДАШ – жасы кіші әйел туысы. Бір анадын екі қыз 



қарындашы бар ерді.

[ДАРИА] ҚЫРЫҒЫ – [дария] жағасы. Ор ханның қызын... дариа 



қырығында тамашаға чығып йүрүрлерін көрді.

ҚЫШҚЫСЫН  –  қыста.  Қышқысын  меркитнің  падшаһы  Тоқба 

бекиге атланды.

ЛӘШКӘР – әскер. Екі ләшкәр бірі бірі білән токуш қылды.

ЛӘШКӘР БАШЛЫҒЫ – әскербасыЛәгикәр башлығы болуб ол 

тарафға кетті.

МАЙСАРА – сол қол, жуанқар, әскердің сол қанаты.

МАҚАМ  –  жұрт,  жер,  мекен.  Атасының  мақамы/ата  жұрты. 

Ошбу төрт оғзудың бірісіні тіледі, бу мақамдын өзгә мақамға барғай 

теб.


МАМЛАКЕТ – ел, патшалық, ұлыс. Бату мамлакатларны би-

сйар алды. Иесуге баһадур аның ағасыдын мамлакатын алыб муңа 

беріб ерді.

МЫҢ АҒАСЫ – қара: мың бегі. Уа Мүләту мың кішінің бегі ерді, 

яғни мың ағасы.

МЫҢ  БЕГІ  –  мың  адамнан  құралатын  топтың  (көбінесе 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет