Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет242/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

1941-1945  жылдардағы  екінші  дүниежүзілік  соғыс  кезеңі,  өзге 

тілдер  сияқты,  қазақ  тілінің  де  сөздік  қазынасына  ұрыс-соғысқа, 

тылдағы  ел  тіршілігіне  қатысты  көптеген  жаңа  бірліктерді  қосты. 

Олардың  бірқатары  таза  неологизмдер  (төл  және  кірме)  болса, 

енді  бірсыпырасы  аэлогизмдер,  яғни  қолданыста  «қайта  тірілген» 

байырғы сөздер болды (тіл – жаудан тіл ұстап әкелу, аран – танкіге 

қарсы аран орнату). Қазақ халқының санғасырлық тарихында ұрыс-

соғыспен  өткен  замандары  аз  болған  жоқ,  сондықтан  әскери  лек-

сика  қоры  айтарлықтай  мол  болды.  Ал  40-жылдардың  және  одан 

кейінгі кезеңдерде қолданысқа түскен әскери сөздер мен тіркестердің 

едәуір  бөлігі  жаңа  бірліктер,  оның  дабасым  көпшілігі  шеттілдік 

бөгде  сөздер  болды.  Бұл  жаңалықтар  –  XX  ғасырдың  техникалық 

дамуына  орай  пайда  болған  жаңа  қару-жарақ  атаулары,  соғыс-

ұрысқа  қатысты  қимыл,  іс-қарекеттердің,  амал-тәсілдердің  атаула-

ры  болғаны  түсінікті.  Бұл  соңғы  лексикалық  топ  –  негізінен,  орыс 

тілінде қолданылған сөздер (орыс тілінің өзінің және шеттілдік кірме 

сөздер) болды. Дивизия, полк, генерал, офицер, ефрейтор, солдат, ав-

томат, пулемет, миномет, истребитель, самолет, танк дегендер-

ден бастап, жүздеген әскери лексика қазақ тілінде күні бүгінге дейін 

қолданылып,  «кірме»  (қабылданған,  енген)  сөздер  тобын  құрайды. 

1940  жылдардан  1970  жылдарға  дейінгі  аралықта  да  қазақ  тілінің 

лексикалық құрамына сыртқы факторлардың ықпалы аз болған жоқ.

XX  ғасырдың  40-50  жылдарында  қазақ  лексикасының  сөздері 

толығуынан  гөрі  орыс  тілінен  сөз  қабылдау  немесе  сөз  алып 

қолдану  арқылы  молайғаны  байқалады,  бұл  кезеңде  тек  ғылыми-

техникалық  терминдер  ғана  емес,  саяси-әлеуметтік,  мәдени-рухани 

дүниелік  сөздердің  де  басымы  орыс  тілінен  алынып,  сол  күйінде 

қолданылғандар болып шықты: осы кезеңдерден бастап қазақ тілінің 

«орыстану» сипаты күшейді. 

Өмірдегі барлық құбылыстар сияқты, қазақ тілінің дамуында да 

«толқынды толқын қуалап» дегендей, 60-70-жылдарда лексикамызды 

«қазақыландыру» әрекеті де қосамжарлана жүре бастады: балмұздақ, 

аялдама, оқулық, оқырман, көрермен, үшсайыс, бессайыстар – 60-70- 

жылдардың туындылары.

Ал  1970  жылдардан  бастап  қазақ  тіліне  жаңа  сөздер  қосу 

әрекеті  тіпті  айқын  көріне  бастады.  Бұл  кезеңдегі  ғылымда,  өнер- 

кәсіп  пен  шаруашылықта  болып  жатқан  жаңалықтардың  атау-



355

лары  қазақ  тілінде  де  орын  алып  келгені  даусыз.  Бұл  кезде  1950 

жылдардағы тың игеру, космосқа шығу, космонавтика мен ғылыми-

техникалық  жаңалықтардың  дүниежүзілік  осы  аумақта  жандануы 

қазақ тілінде де көрінісін тапты. Тың игеру деген атауыш сөзден ба-

стап,  космонавтикаға  қатысты  жаңа  қолданыстар,  жалпы  ғылыми-

техникалық жетістіктерді танытатын жаңа сөздер жүздеп саналады.

Тіл  дамуының  бұл  кезеңінде  аталып  өткен  сыртқы  факторлар-

мен  қоса,  жаңа  атаулардың  тууына  қазақ  халқының  санасындағы 

өзгерістер де себепкер болды дей аламыз. Адамдардың сана-сезімінің 

жаңғыруы деп отырғанымыз – ұлттық тәуелсіздіктің, мәдени-рухани 

дербестіктің қажеттігін сезіну (бұлар да – сыртқы факторлар), тіпті 

бұл үшін идеологиялық күрес бастау. Бұл күресте көп нәрсеге жаңаша 

қарап, өткендегі мәдени-рухани, оқу-ағарту салаларындағы бұрынғы 

біраз  іс-қарекеттерімізге  қайта  үңіліп,  оң-терісін  салмақтай  түсу 

кезеңі басталды. Соның ішінде қазақ тіліне келгенде де халықтың ой-

санасы жаңаша қалыпқа түсе бастады.

«КСРО-ны  құрайтын  барлық  халықтардың  мәдениеті  қосылып 

кетуге тиіс», әр адамды жеке ұлт өкілі деп емес, «советтік тұтастық» 

дегеннің  өкілі  етіп  тәрбиелейтін  идеологияны  басшылыққа  алып, 

қазақ  тілін  де  «ортақ  мәдениетке»  апаратын  құрал  –  орыс  тілімен 

біртіндеп  алмастыра  бастаған  коммунистік  саясат  қазақ  тілінің  тек 

әлеуметтік тағдырына ғана емес, оның құрылым-бітіміне де, әсіресе 

сөздік қазынасына үлкен әсер етті, ұлт тілдері дамуында теріс бағыт 

сілтеді. Енді ұлт тілдерін дамытудың орнына «коммунизмге тезірек 

жеткізетін» (Н.С.Хрущевтің сөзі) орыс тіліне жақындата түсетін амал-

тәсілдерге бой ұрдырды. Көптеген сөздерге балама іздеп әуре болмай-

ақ, орыс тілінен дайынын ала салу нормаға айналды. Бұл – 1950-1970 

жылдарда мықтап қолға алынып, күштеп жүргізіле бастаған саясат 

болса, сол күндердің өзінде де қазақ халқының санасында «осыны-

мыз жөн емес-ау» дегенді әлсіз болса да сезіну қалыспай отырды. Со-

дан келіп 1950 жылдардың соңынан бастап, әсіресе 1970 жылдардың 

ішінде ең болмаса тұрмыстық заттарды қазақша атасақ деген пікірлер 

айтылып, ол біртіндеп жүзеге асырыла бастады. Бұл заттар, әрине, 

қазақ  тіршілігінде  бұрын  болмаған-ды.  Мысалы,  остановка  (қала 

транспортына қатысты), дача, мороженое, овощ сияқты нақты зат-

тарды ұзақ уақыт осылай орысша атап келсек, енді оларға аялдама, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет