3. Тіл-тілде төл сөздер, интернационалдық сөздер, кірме сөздер
қабаттарынан өзге бөгде тілдік деп аталатын қабат та бар. Әр алу-
ан ғылым саласында, өндіріс пен шаруашылық орындарында, ме-
дицинада көбінесе мамандар арасында ғана қолданылатын, қалың
көпшілікке бейтаныс сөздер болады. Мысалы, тіл білімінде бич-
ламар (қоспа тілдің бір түрі), инкорпорация (сөзжасамның түрі),
әдебиеттануда гекзаметр (алты тармақты өлең құрылымы), глосса
(жазба мұралардың түсініксіз тұстарының түсіндірмесі, аудармасы)
деген терминдер бар, олардың қолданыс өрісі өте тар. Сол сияқты
қазақ тілінде реалийлері жоқ, аббат, астахари, камер-юнкер тәрізді
сөздер және әр халықтың тұрмыс-салт атаулары, ұлттық киім-кешек,
тағам аттары да қолданыста кездесіп қалады. Бұларды не кірме
сөздер, не интертерминдер деп емес, бөгде тілдік немесе жат сөздер
деп таныған жөн.
4. Неологиялық қозғалыс, яғни тілге жаңа бірліктердін келуінің
қарқыны да әр кезеңде әртүрлі болады. Қазақ тілі тарихында жаңа төл
сөздерді жасау, өзге тілдерден сөз қабылдау, оларды игеру процестері
біркелкі, бір жүйемен жүріп отырған жоқ. Бүл процестердің ең
қарқынды және біршама сәтті орын алған кезеңдері болды, солардың
бірі – XX ғасырдың алғашқы онжылдықтары, XX ғасырдың 90-жыл-
дарынан бастап қазіргі дейінгі кезеңдер деп шартты түрде (жалпылай)
атауға болады. Әсіресе неологиялық қозғалыстың ең бір интенсивті
дамыған тұсы – 1991-2005 жылдар деп қарастыруға болады.
5. Бұл жұмыс соңғы 10-15 жылдар үзігінде лексика-семантика-
лық жаңалықтардың қарқынды қозғалысының уәждері, келген (жа-
салған) көздері, жасалу жолдарындағы амал-тәсілдердің өзгерген,
күшейген, жүйеленген тұстары, қолданыс әлеуеті талданды. Кірме
сөз категориясын тануда жаңа көзқарас ұсынылды.
6. Тілдегі жаңалықтарды тек кезеңдерге қарай әңгіме ету қажет-
тігі бұл тақырыпты жалғастыра беруді, айқындай түсуді, иллюс-
тративтік материалды жүйелі түрде жинай беру, жалғастыру қажет-
тігін баса айтып, дәлелдеуді жөн көрдік.
МАЗМҰНЫ
Достарыңызбен бөлісу: |