Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет32/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   284
БАЙСАЛДЫ. БАЙСАЛ ТАБУБайсал сөзі қазіргі әдеби тілімізде 

жеке тұрып көп қолданылмайды. Ол не байсалды деген туынды сөз 

түрінде,  не  байсал  табу,  бойы  байсал  тарту  деген  тіркес  түрінде 

келеді. Байсалды сөзі «сабырлы, ұстамды, байыпты» деген сын есім 

мағынасында көбінесе адамға байланысты айтылады. Ал бұл сөздің 

қазақ  тіліндегі  ертеректегі  мағынасы  адамға  қатысты  «сабыр»  де-

геннен  гөрі,  жалпы  мәндегі  «тыным-тыныштық»  деген  екендігі 

байқалады.  Байсал  табу  деген  тіркестің  «тынышталу,  тыным  табу, 

тыну» деген мағынасы осыған саяды. Қазақ тілінде «Көш байсалды 

болсын!» деген тілек сөз бар. Мұнда байсалды сөзі осы күнгідей «са-

бырлы, ұстамды» деген мәнде емес, «тыныш, тыныштықты» деген 

мағынада келген.

Байтөбеті маңқылдап,



Байсал тауып үрген жер...

Көштің байсал тапқаны – 

Көкорайға қонғаны.

Даудың байсал тапқаны – 

Төрешіге барғаны (С. Сейфуллин VI, 53), – 

деген  ескі  нақыл  сөздерде  байсал  табу  фразасы  «тыным  табу, 

орналасу,  шешілу»  дегенді  аңғартады.  Бұхар  жыраудың:  Байсалды 

үйге түсіңіз дегеніндегі байсал сөзі де – «тыныш, ұрыс-керіссіз» деген 

мәнде. Демек, байсалды, байсал табу сөздері бұрынырақ қазіргіден 

өзгешелеу мәнде де жұмсалған.



БАЙТАҚ.  Өткен  дәуірлердегі  қазақ  тілінде  байтақ  сөзі  актив 

қолданылған. Шалкиіздің бір толғауында:

Алаштан байтақ озбаса,

Сыпайшылық сүрмен-ді, – 

деп  келеді.  Байтақ  сөзі  батырлар  жырында  тіпті  жиі  кездеседі. 

Бұларда:


Байтағымның ішінде

Он сан елім ноғайлы...

Менен қалған байтақ ел, – 

деген жолдарды, «Едіге» жырында:




55

Хан Тоқтамыс қарланып



Байтағым деп зарланып, – 

дегенді оқимыз. Бұл сөз Махамбет ақынның аузына да жиі оралған:

Біздің Ер Исатай өлген күн,

Он сан байтақ бүлген күн. 

Бұхар жырауда:

Байтағың байып, мал беріп,

Байрақты жерге қыстатқан, – деп келеді. 



Байтақ  сөзі  бұл  күндегі  әдеби  тілімізде  «ұшы-қиыры  жоқ  кең» 

деген  сындық-мағынада  қолданылады  (ҚТТС,  II,  41).  Ал  жоғарғы 

мысалдарда  бұл  сөз  осы  көрсетілген  ұғымда  емес.  Байтақ  сөзі 

бұрын қазақ тілінде зат есім мағынасында қолданылып, «белгілі бір 

этникалық-территориялық тұтастық (мысалы, хандық), ел, жұрт» де-

ген мағынаны білдірген. «Едіге» жырында ханға ренжіп, қайырылмай 

кеткен батырға кері қайт деп өтіне келген Жанбай:

Байтақ бөліп береді, 

Патсалықты құр сәна, – 

деп  уәде  береді.  Мұндағы  байтақ  деп  отырғаны  –  белгілі  бір 

мекендегі  (территориядағы)  белгілі  бір  құрамды  ел,  яғни  кішігірім 

хандық. Өйткені осы идея «Ер Тарғын» жырында:

Бес жүз ауыл береді, 

Өз алдыңа сұлтан боп

Сүйген жерің жайлашы

Неғыласың бір қызды!?– 

деп, байтақ сөзінің орнына бес жүз ауыл деген әбден нақты мағы- 

надағы сөз тіркесі ұсынылған.

Ертеректегі  үлгілерде  кездесетін  байтақ  ел,  байтақ  жұрт  де-

гендер  қазіргідей  «барлық  ел,  барлық  жұрт»  дегенді  емес,  «жеке 

бір  хандық  сияқты  тұтастық,  ел-жұрт»  деген  ұғымда  жұмсалған, 

яғни ел және жұрт деген жеке сөздердің баламасы ретінде келген, 

сонда байтақ та – «ел», ел де – «ел». Бұл тіркесте мағынасы бірдей 

екі  сөздің  қатар  айтылып,  плеонастық  құбылыс  жасап  тұрғанын 

көреміз. Мағыналары бірдей немесе өте жақын сөздердің қатар келіп 

қолданылуы,  яғни  плеоназм  дегендер  тілімізде  аз  кездеспейді  (мы-

салы,  телегей-теңіз,  бекер  босқа,  құр  текке,  ел-жұрт,  бала-шаға 

дегендердің сыңарлары мағыналас дербес сөздер екені мәлім).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет