Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет28/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   284
АСТАНА ЖҰРТ. Батырлар жырларында, Махамбетте, Шернияз, 

Нұрым  сияқты  өткен  ғасырларда  жасаған  ақын-жыраулар  тілінде 



астана  жұрт,  астана  халық  деген  тіркестер  кездеседі.  Мысалы, 

Махамбетте:

Айғайда белдік байланған,

Астана жұртын айналған.

Нұрым жырауда:

Азын көпке теңгерген, 

Астана жұртын меңгерген.

1878  жылғы  А.Старчевский  құрастырған  екі  тілдік  сөздікте, 

1897 жылы Орынборда шыққан «Қазақша-орысша сөздікте» астана 

жұрт, астана халық дегендерді «көп, сансыз көп халық» деп ауда-

рыпты. Л. Будагов бұл сөз түркі тілдеріне парсының астан, астана 

(табалдырық,  есік,  сарай)  деген  сөзінен  ауысқандығын  айта  келіп, 

қазақ  тілінде  астана  жұрт  тіркесі  бар  екенін  көрсетеді  де,  оны 

«сансыз көп, зор халық» деп аударады (Будагов, I, 40). В. Радлов бұл 

сөздің  әзірбайжан  тілінде  «табалдырық,  сарай,  сарай  қызметіндегі 

адамдар» деген мағыналары барын көрсетеді (Радлов, т. I, ч. I).

Сірә,  қазіргі  қазақ  тіліндегі  астана  сөзінің  «белгілі  бір 

мемлекеттің, елдің орталық қаласы» деген ұғымы бұл сөздің парсы 

тіліндегі «сарай, әміршінің сарайы» мағынасынан алынған болу керек, 

яғни  «үкіметтің  резиденциясы  орналасқан  қала»  дегенді  білдіреді. 

Ал өткен ғасырларда қолданылған астана жұрт тіркесінде, біздің 

байқауымызша, В. Радлов көрсеткендей, «сарай қызметіндегі адам-

дар (орысша: придворный штат)» деген мән бар тәрізді, яғни белгілі 




49

бір «сарайға (хан ордасына) қараған жұрт» деген мағынада айтылса 

керек.

Жоғарғы  текстерде  бұл  тіркес  «қол  астындағы,  өзіне  қараған, 



соңына  ерген  халық,  жұрт»  деген  мәнде  қолданылғанға  ұқсайды. 

Сонда астана жұрт тіркесі «көп, ұлы халық» дегеннен гөрі, «біреудің 

(ханның, батырдың) қол астындағы («табалдырығындағы») ел-жұрт» 

деген  мағынаны  білдіретін  тәрізді.  Астана  сөзінің  «табалдырық» 

мағынасы  қазақ  тілінің  жергілікті  сөйлеу  дағдыларында  (говорла-

рында)  сақталған.  Ж.  Досқараевтың  көрсетуі  бойынша,  Жамбыл 

облысының  тұрғындары  үйдің  табалдырығын  астана  деп  атайды 

(Досқараев, 11, 13).



АТ-ҰЛАҚ  –  бұл  күнгі  ат-көлік  деген  тіркестің  (қос  сөздің) 

синонимі. Бұл тіркес ХVІ ғасырдағы қазақ жазба ескерткіші тілінде 

де бар: «Қачан ләшкәр ач уа сусақлығ етселер, туар қара, ат улағы 

һарығай…»  (Қадырғали  би…  194-бет).  Бұл  тіркес  (қос  сөз)  «Қазақ 

тілінің  түсіндірме  сөздіктерінде»  тіркелмеген,  синонимі  ат-көлік 

бар, оны «ат немесе көлік» деп түсіндірген. Ат сөзі түсінікті, ұлақ 

немене? Көне түркі тілдерінде улағ сөзінің бір мағынасы – «жүк ар-

татын жануар (ат, мүмкін, түйе, есек болар)» (ДС, 608-бет). Демек, 



ат-улағ − «жүк артатын ат, көлік ретінде пайдаланатын ат» Заман өте 

келе улағ/ұлақ сөзі ұмытылып, оның мағынасын (қызметін) көлік сөзі 

беріп кеткенге ұқсайды. Бірақ ескі (ертеректегі) жазба дүниеміз бен 

өлең-жырларымыздың тілінде сақталып қалған қолданыс. Мұны ат-



ұлақ тұлғасында сөздіктерге қосу қажет.

Бұл сөз ұлаа тұлғасында көне сөз ретінде (көнерген деген белгімен) 

монғол  тілінде  де  тіркелген  (Монг.-русск.  сл.,  450),  мағынасы  – 

«көлік». Демек, бұл – монғол-түркі тілдеріне ортақ, өте көне «тілдік 

жәдігерліктің» бірі болып саналады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет