Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



Pdf көрінісі
бет77/284
Дата21.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#31814
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   284
Байланысты:
Сөздер сөйлейді

ҚАЙРАҚАН/ҚАЙРАҒАН. Сәкен Сейфуллин өзі зерттеген ауыз 

әдебиеті  үлгілерінің  ішінде  қазақ,  халқының  салттық  мейрамының 

бірі – ұлыстың ұлы күні айтылатын тілектен:

Көш, қайраған көш десіп, 

Көз көрместей өш десіп, – 

деген  жолдарды  келтіреді.  Мұндағы  қайраған  –  бұл  күнде  бейта-

ныс  сөз.  Ол  тіпті  батырлар  жырлары  мен  ертедегі  ақын-жыраулар 

тілінде  де  кездеспейді.  Бұл  сөзді  Мұхтар  Әуезов  «Қарақыпшақ 

Қобыланды» пьесасында Тоқтарбай мен Қараманның аузына салады. 



120

Әдейі қолданады. Пьесадағы оқиғаның өте ертеде, ислам діні қазақ 

халқына әлі еніп үлгермеген дәуірде өткендігін суреттеу үшін тіл сы-

рын тамаша білген ұлы жазушы мұнда ондаған көне сөзді немесе осы 

күнгі бар сөздің ертедегі қолданысын (мағынасын) келтіреді. Соның 

бірі – қайрақан.

Тоқсандағы  Тоқтарбай  баласы  Қобыланды  мен  Құртқаның 

қосылған  тойында  От  ананың  құрметіне  арналған  сыйыну  ырым 

үстінде (демек, ислам дініне дейінгі салт бойынша):

Қарғысы қатты қайрақан 

Қарғысынан сен сақта, – 

дейді. Жазушы бұл сөзді Қараманның аузына да салады. Қайрақан 

сөзін  В.Радлов  Сібір  түркілерінде  (алтайлықтарда,  тувалықтарда, 

телеуіттерде т.б.) «Жаратқан иенің қастерлі аты, жебеуші періште» де-

ген мағынаны білдіреді дейді (Радлов, т. II, ч. I, 22). Осы анықтаманы 

Л.  Будагов  те  береді.  Ол  бұл  сөздің  монғол  тілінде  келіп,  «тау,  су 

сияқтылардың иесі» дегенді білдіретіндігін көрсетеді (Будагов, т. II,  

32).  Қазіргі  монғол  тілі  сөздіктері  де  хайрхан  дегеннің  көне  сөз 

екендігін  және  «керемет,  құдіретті»  (таудың  қастерлі  аты)  деген 

мағынаны беретіндігін көрсетеді (Монг.-русск. сл., 500).

Сөйтіп,  тау-тас  сияқты  табиғат  күштерінің  «иесінің»  атауы 

ретінде,  яғни  табынатын,  сыйынатын,  қорқатын  «Тәңірлердің»  аты 

қатарында қайрақан/қайраған сөзі ертедегі қазақтардың да, дәлірек 

айтсақ, қазақтарды құраған кейбір ру-тайпалардың да тілінде жұм- 

салған деген тұжырымға келуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   284




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет