ҚАЙНАҒАН ХАЛЬІҚ, ҚАРА ҚҰРТТАЙ немесе ҚҰЖ-ҚҰЖ
ҚАЙНАУ. Қайна- етістігінің ауыспалы бір мағынасы «қаптап кету,
құжынап жату» деп көрсетіледі. Қайна-/қайын-/қадна- етістігінің
көне түркі тілдерінде де «бейберекет, ерсілі-қарсылы сапырылысу,
құжынап жату» деген ауыспалы мағынасы болған. Сонда қайнаған
халық «әрлі-берлі сапырылысқан адамдар» дегенді білдірсе, қара
құрттай қайнау, құж-құж қайнау деген тіркестер «құжынап, са-
пырылысып жату» деген мағынаны береді, демек, бұларда қайна-
етістігінің көне замандардан келе жатқан бір мағынасы сақталғаны
байқалады. Көне кездегіден айырмасы – бұрын бұл етістік осы
мағынада жеке тұрып, еркін тіркесте қолданылған болса, қазіргі
қазақ тілінде тек тұрақты тіркес құрамында ғана тұрғанда сақталған
(адамдар қайнады деп айтылмайды) немесе «сапырылысу» мәніндегі
қайна- етістігіне бұл күндегі қазақ тілінде бұл етістіктен кейін
анықталғыш сөз келген (қайнаған халық дегендегі халық сөзі сияқты)
құрамда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |