АЙДЫН, АЙДЫНДЫ, АЙДЫНДЫҚ, КӨЗАЙЫМ.
Жырларда айдынды туған деген эпитет бар. Ол көбінесе батырға,
сұлу қызға (әйелге), жалпы жағымды образға қатысты айтылады:
21
Айдынды туған Қыз Жібек..,.
Айдынды туған Ораққа..,.
Орақ батырдың айдынды туған, айдынды деген эпитеті өзге жыр-
ларда да бар. «Қобыланды батыр» жырында Орақтың есімі аталған
жерде:
Айдынды Орақ, айлы Орақ,
Айбалтасы қанды Орақ, – деп келеді.
Айдын сөзінің қазіргі тіліміздегі негізгі мағыналары: 1) «айбын,
күш-қуат», 2) «көлдің, тұнық судың жарқыраған беті», ауыспалы
мағынасы – «айқын, ашық, даңғыл» деп көрсетілген (ҚТТС, 1974, I,
18). Ал айдынды сөзі бұл күнде тек қана «айбынды, айбатты, айбар-
лы» дегенді білдіреді деп танытады (сонда, 18). Бұл сөздің ескі жыр-
ларда беретін мағынасы бұл көрсетілгеңдердей емес.
Көне түркі тілінде айдың – «айдың сәулесі». Бұл сөздің орта ғасыр
ескерткіштерінде осы көрсетілген мағынамен қатар, «жарқыраған,
анық, ашық, айқын» мағынасы бары көрінеді. Әрі ол сөз айдын
тұлғасында да келеді (айдуң ~ айдын) (Құрышжанов, 80, Фазылов, I,
36). Қазіргі түркі тілдерінің бірқатарында (түрік, әзірбайжан т.б.) ай-
дын, айдынлық сөздері «жарық, жылтырауық, айқын» деген мағына
береді. Түрік тілінде бұл түбірден жасалған айдынламақ, айдынлан-
мақ етістіктері бар: айдынламақ «жарық түсіру», айдынланмақ
«1) жарқырау, жалтырау, анықталу, айқындалу, 2) жарық бола бастау,
таң ата бастау. Айдың сөзі қазіргі түрікмен тілінде «дұрыс, анық,
ұнамды» және «белгілі, мәлім» деген мағыналарға да ие. Қазіргі
қырғыз тілінде бұл сөздің «сәулеттілік, ұлылық» деген мағынасы
көрсетілген де оған ауыз әдебиеті үлгісінен мысал келтірілген
(Юдахин, 30).
Осылардың барлығына қарағанда, айдын/айдың/айдун сөзінде
«жарық, нұр» мағынасы барлығы көрінеді. Зерттеуші Ә. Қайдаров
бұл сөздің о бастағы құрамын ай + түн деген сөздердің бірігуінен
шығарады (Этимол. сөздік, 23-24). Осыдан «нұрлы, нұр шашқан,
сәулетті», одан барып «ұлы» деген ауыспалы мағынасы пайда болған
тәрізді. Бұл мағына тек қырғыз тілі емес, қазақ тілінде де орын алған.
Айдынды туған батыр немесе айдынды туған сұлу қыз деген-
де, біздіңше, айдын сөзі «қаһарлы, айбатты, күшті» мағынасында
емес, «нұрлы, сәулетті, маңғаз» мағынасында жұмсалған. Мұны
бұл эпитеттің тек батыр емес, қызға да айтылатындығынан көреміз.
Сәулеттілік, нұрлылық – жақсы адамның қасиеті, яғни айналасына
жақсылық нұрын шашқан адамдар ғана «айдынды болып туады».
Демек, ескі жырларда кездесетін айдынды туған деген образ-
ды тіркестегі айдын сөзінің мағынасы осы күнгі айдын көл, айдын
22
шалқар деген тіркестердегі мағынасынан да, «айбатты, айбынды,
күш-қуатты» деген мағынасынан да бөлек, басқаша. Айдынды Орақ,
айдынды туған Қыз Жібек дегендерде айдынды «нұрлы, сәулетті»
мағынасын білдіреді.
Айдын сөзінің «нұр, жарық» мағынасынан «ақ, жарқыраған» де-
ген ауыспалы мағынасы туғанын айдындық сөзінен көреміз. Бұл да –
қазірде сирек кездесетін, бірақ ертеректегі тілімізде қолданылған сөз.
XVI ғасырда жасаған Доспамбет жыраудың бір толғауында:
Қосақай, Қосай, Ер Досайдың анасы
Хан қызындай Сұлтанның
Айдындықтай ақ білегін жастанып...–
деген өлең тармақтарын оқимыз. Айдындық сөзі орта ғасыр
ескерткіштерінде «жарық, сәуле» деген мағынада келсе, қазіргі кейбір
түркі тілдерінде, мысалы, түрік тілінде «жарық сәуле, жарық түскен
жер» деген ұғымда қолданылады. Жарық сәуле, жарық (жарқын)
болу күн сәулесіне қатысты. Сондықтан «жарық» ұғымы «ақ» де-
ген ұғымға оңай алмасады (түрік тілінде айдынлық сөзінің екінші
сындық мағынасы «ақ» – светлый). Қазақтың халық өлеңінде айты-
латын ақ жүзің аппақ екен атқан таңдай деген жолда аппақтық пен
атқан таң теңестіріледі. Демек, айдындық (жарық, сәуле) сөзі аппақ
сөзімен мағыналас.
Айдын, айдындық сөздерінің «жарық сәуле, нұр» мағынасы бер-
тінгі дәуірлерде қазақ тілінде көмескілене түскендіктен, біздің топ-
шылаумызша, білек сөзімен бірден тіркеспей, -дай жұрнағын жалғап
қолданылған, яғни айдындық білек емес, айдындықтай білек. Тіпті
бұл тіркестің қақ ортасында келген ақ сөзі айдындық сөзін түсіндіре
түсуге келген «жәрдемші» болып тұр. Сөйтіп, айдындықтай ақ білек
– «аппақ білек», яғни ап-ақ білек деген тіркес, мұнда айдындықтай
деген сөз ақ сөзінің синонимі ретінде жұмсалған.
Айдын, айдындық сөздерінің түркі тілдеріндегі мән-мағынасын
іздестіру үстінде өте бір қызық фактіні кездестірдік. Қазақ тілінде
сағынып күттірген біреуі келгенде: «Балаң (інің, апаң т.т.) келіп,
көзайым болып жатырмысың!» – деген құттықтау сөзі бар. Осындағы
көзайым түсініксіз, қандай түбірлерден жасалғанын айту да бірден
қиын. Түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілі сияқты қыпшақ то-
бына жататын қарайым (караим) тілінде көз айдындық деген тіркес
бар екен, ол қуанышты оқиға дегенді білдірсе керек, ал көзің айдын
болсын деген тіркестің мағынасы «өзіңе жақсы хабар келсін!»,
сөзбе-сөз аударғанда, «көзің жарқырасын!» дегенді білдіреді
екен (Караимско-русс.-польский сл., 52). Түрік тілінде де гөзуңүз
23
айдын! «сізді құттықтаймын! немесе «кұтты болсын» дегенді
білдіреді. Осыған қарап, қазақ тілінде немесе қазақ халқын құраған
тайпалардың бірінің тілінде көз айдындық тіркесі «қуанышты оқиға,
жақсы хабар» деген мәнде қолданылып, одан көз айдындық болдың
ба, яғни «қуанышты оқиғаға кездестің бе, құтты болсын!» деген
сияқты тұрақты тіркес жасалған болар деп топшылауға болады. Келе-
келе қазақ тілінде көз айдындық тіркесінің мағынасы күңгірт тартып,
сыртқы тұлғасы жағынан да өзгергені, яғни көз айдындық-тан көз
айымдық, одан көз айым (көзайым) болғаны байқалады.
АЙЛАНУ. «Едіге» жырының 1934 жылы жарияланған нұсқа-
сында:
Ноғайлының ауыр жұрт
Абдырады, айланды, –
деген жолдар бар. Мұндағы айланды сөзінің мағынасы бұл күнде
күңгірт. Бұл «жәбірлеу, қорлау, кемсіту» мағынасындағы көне айығла-
(ДС, 29) сөзінің кейінгі тұлғасы болуы мүмкін. Бұл жерде сусыма-
лы ғ(ығ) дыбысы түсіп қалған деуге болады: айығланды>айланды.
Бұл тұлға айығла>айла- етістігінің өздік етіс формасы ретінде
«жәбірленді, қорланды» мағынасын білдіреді деп түсіну керек. Бірақ
бұл пікіріміз – үзілді-кесілді ұсынылған тұжырым емес. Айлану
сөзінің өзге де мағыналары болуы мүмкін. Мысалы, түрікмен
тілінде айла- етістігі «айнала қоршау» деген мағынада жұмсалады.
Жоғарғы контекске қарағанда, айланды сөзіне бұл мағына да келетін
сияқты: жаудың шабуылына душар болған ноғайлының ауыр жұрты
сол дұшпанның айнала қоршауында қалды деп түсінуге де бола-
ды. Дегенмен қазақ тілінде сирек жұмсалатын бұл тұлға не көненің
көзі (айығланды дегеннен), не өзге түркі тілдерінің (мысалы, оғыз
тілдерінің) элементі болуы ықтимал.
АЙЛАСУ. Шортанбай (XIX ғ.) ақында:
Ақын, шешен көрсем деп,
Айласпаңдар мендейге, –
деген өлең жолдары бар. Мұндағы айласу етістігі – жалпы қолданыс-
та, яғни әдеби тілімізде жоқ, мағынасы көпшілікке түсініксіз сөз.
Оны диалектолог мамандар Қостанай облысының Жанкелді ауда-
нында «үйлесу, ұқсау» деген мағынада жұмсалатын жергілікті сөз
деп табады. Шортанбай – өмірінің саналы жылдарында Арқада,
Қарағанды, Кереку өңірлерінде жасап өткен ақын. Демек, айласу сөзі
тек Қостанайдың бірер ауданына емес, ілгеріректе бүкіл солтүстік,
24
орталық Қазақстан өлкесі тұрғындарының тіліне тән болған сөз
деп тануға болады. Айласу «ұқсау» деген мағынада бұрын жалпы
қазақ тіліне тән сөз болуы да мүмкін. Дегенмен сөз мағынасы мен
түптөркінін әлі де іздестіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |