Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет23/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   161
киік аулау, еч ал-, йурек йыртылур, йағы отын өчурген (дұшпан 
отын өшірген), есуз ажун қалдыму (дүние иесіз қалды ма), йузі 
62
Сонда, 92-б.
63
Дербісалиев Ә. Өшпес ескерткіш //Қазақ әдебиеті. - 1981, 24 июль.


55
сарғарыб (жүзі сарғайып) сияқты тұрақты тіркестердің беретін 
мағынасы, жасалу моделі, компоненттік құрамы жағынан 
қазіргі қазақ тіліндегі фразеологизмдерге келіп ұласатынын 
көрсетуге болады. Тіпті «Алп Ер Тоңа өлді му» деп бастала-
тын өлең жолындағы Ер Тоңа жалқы есімінің құрылымы қазақ 
әдеби үлгілерінде күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқанын 
көреміз: ер, батыр, қыз, сұлу, есіл, сері, бай сияқты атрибуттар 
жалқы есімнің тұрақты компоненті болып, оның алдынан да 
(Ер Тарғын, Ер Сайын, Қыз Құртқа, Қыз Жібек, Сал Біржан), 
соңынанда (Маман бай, Баян сұлу, Қамбар батыр, Ақан сері) 
келе беретінін білеміз.
XII ғасырдың орта кезі мен XIII ғасырдың бас кезінде өмір 
сүрген Ахмед Иүгнекидің «һибат ул-хақайик» («Ақиқат 
сыйы») атты дидактикалык толғаулары сол кездегі түркі тіл- 
дес тайпалардың көбіне түсінікті болған Қараханид түркі- 
лерінің тілінде жазылған. Ал Қараханидтер дәуірі – түркі тай- 
паларының тарихында әдебиет өркендеп, мәдениет жанданған 
кезең болды. Осы кезеңде ғалымдар, жазушылар меп ақындар 
өсіп-жетілді. Бұл кезеңдегі жазба әдеби тіл түркі тайпалары- 
ның барлығына ортақ болды, ол тіл талайдан келе жатқан тари-
хи дәстүрлік нормаға бағынды
64
.
Зерттеушілердің пайымдауынша, дастанның авторы теңеу, 
антитеза, метафора сияқты көркемдеуіш құралдарды кеңінен 
және шебер пайдаланған. Мысалы, әскер басы болған заман-
дасы Ыспаһсаларды теңізге, өзін тамшыға, білімді адам-
ды таза алтынға, надан адамды құны жоқ жалған ақшаға, 
шын сөзді балғаға теңеулері немесе білімді – надан, жомарт 
– сараң, тәкаппар – момын, адал – арам сияқты антитезала-
ры, дүниені керуен сарай деп, сараңдықты ем қонбайтын дерт 
деп ауыстырып атауы – осылардың баршасы, сөз жоқ, Ахмед 
Иүгнекидің шебер ізденістерінің жемісі
65
. Әмір Нәжіп «Хи-
бат ул-хақайиктің» тілі «Құтадғу біліг» пен кейінгі дәуірлерде 
өріс алған шағатай тілін өзара жалғастырып тұрған өтпелі 
көпір деп санайды. Қазақ тіл мамандары – Ә.Құрышжанов пен 
Б.Сағындықов қазақ тілінде бұл шығарманың аудармасын жа-
сап, қазіргі қазақ жазуына көшірілген транскрипциясын және 
64
Құрышжанов Ә. Ахмед Иүгінеки. - Алматы, 1985. - 8 -б .
65
Келімбетов Н. Аталған кітап. 185-186-б. 


56
арабша жазылған түпнұсқаның фотокөшірмесін ұсынды (қара: 
Ахмед Иүгінеки Ақиқат сыйы. - Алматы: Ғылым, 1985). Деген-
мен бұл ескерткіш тілінің нақты материалдарын қазақ әдеби 
тіліне қатыстыра қарап, түбегейлі зерттеу жұмысын жүргізу – 
алдағы міндеттеріміздің бірі болмақ.
Ерте орта ғасырлардағы (XII ғ.) түркі жазба ескерткіште- 
рінің бірі – атақты Қожа Ахмет Ясауидің «Хикмет» («Пара- 
саттылық» немесе «Даналық») атты өлеңдер жинағы. Ясауиді 
кейінгі ғасырларда «Хазрат Султан арафин», ал қазақтар ара-
сында «Әзіреті Сұлтан» деп атаған.
Қожа Ахмет – билеуші топтардың идеологиялық құралы 
– дәстүрлі (ортодоксалды) исламға қарсы шыққан халықтық 
қозғалыстың идеологиясы ретінде қызмет еткен, діни-мис- 
тикалық сипаттағы, антихалифаттық суфизм (сопылық) ағым- 
ның ірі өкілі және ұраншысы, осы ағымның түркі тілдес 
тармағының негізін қалаушы діни қайраткер әрі ақын. Суфизм 
қаналушы қалың бұқараның идеологиясы болды. Сондықтан 
осы идеологияны үгіттеуде Қожа Ахмет көпшілікке беделді 
поэзияны құрал етті және оның түсінікті болуын көздеді. 
Сондықтан кейінгі сан ғасыр бойы Ясауи хикметтері халық 
арасына қолжазба түрінде кеңінен тарап, өмір сүріп келді.
Қожа Ахметтің туып-өскен әрі сопылық құрған ортасы 
қазақ ру-тайпалары жайлаған жер – қазіргі Түркістан аймағы 
болғандықтан, ол ру-тайпалар да хикметтерді жақсы біліп
жазбаша да, ауызша да ұрпақтан ұрпаққа таратып келген. Орта 
ғасырларда Сыр бойын, Түркістан өңірін жайлаған ру-тайпалар 
бүгінгі тек қазақ халқының емес, түркінің өзге де оғұз-қыпшақ, 
қарлұқ топтарын да құрағандықтан, бұл күнде бірнеше түркі 
халықтары Ясауи мұрасын өздерінің мәдени жәдігерлігі деп 
санап, өзбектер «Хикметті» «өзбек әдеби тілінің бастауы» деп, 
түрікмендер «қазіргі түрікмен әдеби тілінің атасы» деп санай-
ды. 
Ясауи мұрасының тілін зерттеген А.К.Боровков оны Қара- 
ханид әдеби тілінің дәстүріндегі оғұз-қыпшақ тілінде жазылған 
деп санайды және мұнда «Құтадғу білікке» қарағанда көне 
ұйғыр тілінің әсері аз дегенді айтады
66
.
66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет