Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша


ден емес) және оның қатаң дауыстыдан басталатын -



Pdf көрінісі
бет26/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   161
ден емес) және оның қатаң дауыстыдан басталатын -тын/-тін 
қатарының жоқтығы. Шығыс септіктегі сөзбен келетін біраз 
тұрақты тіркестер қазіргі қазақ тілінен де табылады: күндін 
күн(ге), жандым кеч йолдын аз- т.б.
Есімдіктің ілік септіктегі тұлғасы да қазақ тіліне жақын: 
көпше I жақтың -ім/-үм көрсеткіші мұнда жоқ: мәнім емес, 
мәнің, бізум емес, бізуң, бұл көрсеткіштің батыс түркі тілдеріне 
тән екенін білеміз.
Қазақ тіліндегі үстеулердің жасалуы да Ясауи тілімен 
іліктеседі: көптік жалғауы арқылы есімнің үстеуге айналуы 
(кечәләрі «түнде», сахарлары «таңертең») қазақ тілінде де 
бар, тек бұл тәсіл үстеуден үстеу тудырады: кешелері, биыл-
дары. Тәуелдік жалғаудың III жағының көрсеткішімен (-ы/-і) 
үстеудің жасалуы (ахиры «ақыры», бір йолы, түні-күні), жатыс 


63
септіктің тұлғасымен жасалуы (һәр ләхзада «бір сәтте», һәр 
күнде, һәр кезде), көсемшенің көне -у/-ү, -ы/-і жұрнақтарымен 
жасалған үстеулердің жоқтығы (өтрү «содан соң», ашну 
«бұрын», екіләйу «екі рет» дегендер сияқты), шағатай тілі мен 
Шығыс Түркістан ескерткіштері тіліне тән көмектес септіктің 
-ын/-ін, -ун/-үн жалғаулары арқылы жасалған үстеулердің 
жоқтығы (күндүзін, йалғузун) – осылардың баршасы морфоло-
гия саласында Ясауи тілінің қыпшақ тілдеріне, оның ішінде де 
қазақ тіліне жақын екендігін көрсетеді.
Етістік тұлғаларының, оның есімше, көсемше категория- 
ларының берілуінде де Ясауи тілі, Әмір Нәжіп айтқандай
қазақ тіліне келіп ұласады: мұнда есімшенің өткен шақ тұлғасы 
негізінен -ған/-ген жұрнағымен келеді, -мыш жұрнақты түрі 
өте сирек, есімшенің шығыс түркістандық жәдігерліктер тіліне 
тән -ғлы/-қлы, -дағы/-тағы, ығчақ /-ігсек жұрнақты түрлері 
мұнда жоқ. Бұйрық райдың II жақтағы -ғыл/-ғын аффиксті 
түрлері негізінен Алтын Орда ескерткіштері тіліне тән екені 
белгілі, ал бұл тұлға «Хикметтер» тексінде де кездеседі, бұл 
тұлғалар кейін қазақтың ауызша тараған әдеби тілінде де, ескі 
жазба тілінде де жалғасын тапқан. Әрине, морфологиялық 
категориялардың берілу амалдарында Ясауи тілі мен қазақ 
әдеби тілінің арасында өзгешеліктер жоқ емес, едәуір бар 
(олар жөнінде Ясауи мұрасының қолжазба нұсқалары мен 
басылымдарының тілін нақты талдап зерттегеннен кейін сана-
малап көрсетіп беруге болады).
Сөйтіп, лексика-грамматикалық сипатына қарап, Ясауи 
«Хикметтерінің» тілін қазақ әдеби тілдерінің бастау көздері- 
нің бірі, тіпті бірегейі деп түюге болады. Күні кешеге дейін, ер-
теректе қолжазбалар арқылы, кейінгі ғасырларда (XIX-XX ғ.) 
кітап болып басылу арқылы әрі ислам дінінің халық идеоло- 
гиясына жақын суфизм ағымын насихаттау үшін, әрі мұсыл- 
манша оқу-ағарту ісінде оқу құралы ретінде жиі пайдалан- 
ғандықтан, Ясауидің өз шығармалары да, оның көп шәкірттері- 
нің бірі – Сүлеймен Бақырғанидың (оны «Хакім ата» деп те 
атаған) өлеңдері де әуелі қазақ халқын құраған ру-тайпалар 
арасында, кейін қазақ қауымында, өзге түркі ескерткіштеріне 
қарағанда, кеңірек тараған. Сондықтан мұндағы дінге қатысты 


64
немесе абстракт ұғым атауы болып келетін араб, парсы сөздері 
қазақ тілінен орын алып, орныға түскен. Мысалы, тариқат 
(«жол» – Алланы танудың үш дәрежесінің бірінің атауы), 
хақиқат (танымның жоғарғы дәрежесінің атауы), шари’ат 
(мұсылмандардың заң кодексі), зикр, пір, мүнажат т.с. жеке 
сөздер мен Хақ нұры, хас үмметі, екі’алам, бір Хұда, йалғуз 
Хақ, он секіз мың’алам, қийамат тауы, сахар уақты, йаруқ 
дунийа, Субхан игә тәрізді тіркестер қазақ тіліне Ясауи мен 
Бақырғанидың хикметтерінің таралуымен енген.
Қазақ әдеби тілінің бастау көздерін сөз еткенде, XIII-XIV 
ғасырлардағы Алтын Орда дәуірінің ескерткіштері – «Хос-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет