Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша


§ 7. ХV-ХVІІ ғасырлардағы ауызша әдеби тілдің



Pdf көрінісі
бет43/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   161
§ 7. ХV-ХVІІ ғасырлардағы ауызша әдеби тілдің 
грамматикалық сипаты
Ең алдымен, бұдан үш-төрт ғасыр бұрын жасалған көр- 
кемсөз үлгілері тілінің негізгі грамматикалық категорияла-
ры: септік, жіктік, тәуелдік жалғауларының мағыналары мен 
қызметтері, етістіктің рай, етіс, есімше, көсемше тұлғаларында 
жұмсалу тәртібі, сөздердің байланысу амалдары (қиысу, 
меңгеру, жанасу) қазіргі кездегімен бірдей түсетіңдігін айту 
керек. Бұл бірдейліктің басты себептері, біздіңше, мынада. 
XV-ХVI ғасырлар – осы күнгі бірқатар ұлттық түркі тілдері- 
нің жеке-жеке халық тілдері болып қалыптаса бастаған дәуі- 
рі. Әрине, бұл қалыптасу көрсетілген кезден көп бұрын бас- 
талған, әр халық тілінің фонетикалық-грамматикалық бел- 
гілері XV-ХVI ғасырларда бір- бірінен едәуір ажыраты-
лып, бірсыпыра орныққан деуге болады. Ол белгілер кейінгі 
ғасырларда әрі қарай бекітіле түскен, жалпыхалықтық тіл нор-
масына айнала бастаған. Бірдейліктің екінші себебі – түркі 
тілдерінің фонетикалық-грамматикалық жүйесінің өте баяу 
өзгеретіндігінде. Үшіншісі – біз әңгіме етіп отырған әдеби 
нұсқалардың ауызша таралып, ауызша жеткендігінде, яғни 
ұрпақтан ұрпаққа өткенде ескі элементтердің заманға сай 
жаңасымен ішінара алмастырылып отырғандығында.
Дегенмен бұл кезеңдегі қазақ тілінде бүгінгі нормалардан 
өзгеше келетін азды-көпті грамматикалық тұлға-тәсілдердің 
болғаны сөзсіз.


101
Сөз өзгерту саласында. Септеу тәртібі (парадигмасы) 
негізінен қазіргімен бірдей, тек есімдіктердің септелуінде 
өзгешелік бар. Ілік жалғауы мен, біз деген есімдіктерге жал- 
ғанғанда -ің, -ім түрінде де келеді: менім, бізің. Әсіресе 
менім варианты қазіргі қазақ тіліне жат, ол – ноғайлық тұлға. 
Бірақ XV-ХVI ғасырлардағы қазақ тілі үшін де бұлайша 
қолданыстың тән болуы ықтимал. Жіктеу есімдіктерінің сеп- 
телу жүйесінде күні бүгінге дейін жеткен ерекшеліктердің 
(мен-ің, ма-ған, о-ның, о-ған, о-ны) бар екендігін ескерсек,
қазақ тіліндегі қазіргі норманың бірден қалыптаса қойма- 
ғандығын мойындауға болады.
Шығыс септіктің екі-үш жерде -дын /-дін варианты 
кездеседі: Ер өзіндін соңратын... Бұ кеткендін қайтпасаң 
(Шалкиіз). Бұл осы күнгі басылымдарда -дан /-ден түрінде 
берілген. Егер сірә да қазақшалау керек болса, өзіңнен, кеткен-
нен деп, -нан /-нен түріне көшіру керек еді. Біздіңше, шығыс 
септіктің көне ұйғыр жазба әдеби дәстүрінен келе жатқан -дын 
/-дін варианты негізінен ортағасырлық түркі жазба тілдеріне 
тән болғанымен, ертерек дәуірлердегі ауызша жырланған 
үлгілердің де тілінен орын алуы мүмкін.
Етістіктің тұйық түрі (немесе қимыл атауы) екі түрлі тәсіл- 
мен жасалған: бірі – қазіргіше  жұрнағы арқылы, екіншісі – 
-мақ жұрнағы арқылы. Алғашқысы өте сирек ұшырасады, 
негізінен бұл кезде қимыл атауы -мақ тұлғалы болып келеді: 
мақтанбақ, батыр болмақ, кешу кешмек. Мақсат (супин) 
реңкімен келетін тұстарда -уға қосымшаларымен берілетін 
етістік біз талдап отырған дәуірлерде -арға тұлғасымен кезде- 
седі: «Ал дегенде аларға, Алып жерге саларға», «Сырғаласқан 
жауды сықтарға. Сырт бергенді зорларға Сырттанның ұлы 
Қара Қосай мырза бар» (Шобан). «Жарақшылар жоқ па екен, 
Жармай білте соларға» (Доспамбет). Бұл көрсетілген ерекше- 
ліктер ауыз әдебиеті тіліне де тән.
Есімшенің өткен шағы -ған жұрнағымен беріледі, оғұздық 
-мыш жұрнақты тұлға мүлде жоқ. Есімшенің ауыспалы шағын 
жасайтын формант (тұлға) негізінен -тұғын түрінде келеді: 
«Өлетұғын тай үшін, Көшетұғын сай үшін» (Асанқайғы).
Етістіктің бұйрық рай тұлғасы (II жағы) қазіргі қазақ әдеби 
тілі нормасымен сай түседі: анайы түрінде жұрнақсыз (нөлдік) 


102
тұлға (бар, кел, сынаспа, сақын), көпше түрі -ңыз жұрнағын 
жалғайды: барыңыз, болыңыз. Сірә, соңғылар сыпайылық 
реңктен гөрі көпшелік мағынаны білдіретін тәрізді, өйткені 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет