Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша


§ 5. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексикалық



Pdf көрінісі
бет70/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   161
§ 5. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексикалық 
сипаты
Бұл кезеңдегі сөздік құрам екі қабаттан тұрады: қазақтың 
төл сөздері және кірме сөздер. Кірме қабаттың дені – араб, 
парсы сөздері. Орыс сөздері немесе орыс тілі арқылы енген 
шет тіл сөздері XVIII ғасырдағы қазақ көркем әдебиеті тілінде 
жоққа тән. Тіпті ауыз әдебиеті нұсқаларында жиі кездесетін 
шай, самаурын, пәуеске, тарантас сөздері мен орыс саудасы-
мен бірге келген киім-кешек, үй мүлкі, әртүрлі бұйым атаула-
ры, мүмкін сөйлеу тіліне енгенмен, сол тұстағы поэзия тілінен 
орын алмаған. Бұған, бір жағынан, тұрмыс-салт лексикасын 
сараң пайдаланатын поэзия жанры себепкер болса, екінші 
жағынан бұл бұйым-заттардың қазақ тіршілігінде әлі молынан 
орын ала қоймағандығы есер еткен болу керек.
Қазақтың төл сөздері. Өткен ғасырлардағыдай, бұл 
дәуірдегі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамының негізі 
және дені – қазақтың төл (байырғы) сөздері. Бірақ бұл кезеңде 


158
де әдеби тілді танытатын көркем әдебиет қана, оның ішінде по-
эзия жанры болғандықтан, жалпы халық тілінің сөз байлығы 
түгелімен әдеби айналымға түспеген. Бұл жерде де әдебиет 
мазмұны мен оған қызмет ететін тіл элементтерінің, соның 
ішінде лексикасының арасында берік байланыс бар.
Жоғарыда айттық, XVIII ғасыр өзінің ұзын-ырғасында қазақ 
қоғамы үшін соғыстар мен жорықтардың, шұбыра көшу мен 
жөңкіле қоныс аударудың заманы болды. Соған орай көркем 
әдебиеттің тақырыбы да – негізінен ел қорғау, батырларды 
мадақтау немесе өлімін жоқтау болып келді. Осы себептен 
мұнда да жаугершілікке қатысты лексика тобы басты орын 
алды. Бұрынғы элементтер сақталып, тұрақтала түсті. Мы-
салы, кіреуке, сауыт, найза, оқ, дабыл, дулыға, берен, жебе, 
қылыш тәрізді қару-жарақ аттары, жаулық, елдік, бүлу, біту 
(«ел болу») сияқты етістіктер әлі де жиі қолданылады. Олар – 
әлі де архаизмдер емес, актив қордың элементтері.
Жаугершілік лексикаға қатысты көптеген сөздердің тұрақ- 
ты эпитеттері әбден қалыптасып, әдеби штампқа айналған. 
Мысалы, кіреуке тон, күдері бау, қоңыраулы найза, болат 
найза, көң дабыл тәрізді тіркестер мен ту байлау, шепті 
бұзу, жұрт қорғау сияқты етістіктер – ХVIII ғасырдың ақын- 
жырауларының тілінде актив қолданылатын көркемдеу құрал- 
дары. Бұлармен қатар жер тұлдану («жау әскері қаптау»), 
даңқынан батыр шығу, найзасының үстіне жау мінгізу сияқты, 
сірә, жеке авторлығы бар тіркестер де қолданыла бастайды.
Жалғыз қару-жарақ, сауыт-сайман атаулары емес, жалпы 
жаугершілік мотивтегі өзге де іс-әрекетке, айнала-болмысқа 
қатысты жеке сөздер мен тіркестер молынан ұшырасады. Бұл 
кезеңдегі әдеби тілде жиі кездесетін жау сөзі де (оның синонимі 
– дұшпан сөзі де), сондай-ақ ер, ер жігіт, жігіттік, ерлік, қол 
(«әскер»), қосын, жортуыл, ту, олжа (соғыста түсетін), жа-
уласу, шұбыру, бүлу («ойрандалу») тәрізді семантикасында 
«ұрыс, соғыс» ұғымы бар сөздер де жалаң қалыптарында да, 
тіркес түрінде де дәстүрлі әдеби құралдарға айналған. Мыса-
лы, бір ғана жау сөзі жауға аттану, жау қашыру, жауды ая-
мау, жау қысу, жау жағадан алғанда, жауды шаншу тәрізді 
тіркестер құрайды да бұлар образды элементтер ретінде актив 
қолданылады.


159
Жаугершілік мазмұнды лексика мен фразеология тек жеке 
ақын-жыраулар үлгілерінде емес, ертеден келе жатқан ауыз 
әдебиеті нұсқаларында, әсіресе батырлар жырларында кеңінен 
орын алғанын білеміз. Қоңыраулы найза қолға алу, найзаны 
жауға тіреу, күдеріден бау тағу, қол қайыру, темір құрсап, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет