32
жеке хандық құрған тұсы – ХV ғасырға дейінгі ауызекі сөйлеу
тілінің жалпы грамматикалық сипаты мен сөздік қазынасы-
ның, дыбыстық жүйесінің қандай болғанын көз алдымызға
келтіре
аламыз
39
.
Зерттеушілердің ізденістеріне қарағанда, қыпшақтардың
нағыз дәуірлеп тұрған кезі – ХII-ХIV ғасырларда хатқа түскен
«Кодекс Куманикус» (ХІІІ ғ.) «Терджуман турки уа араби»
(XIII ғ.) «Китаб ал-идрак ли-лисан ал-атрак» (XIV ғ.), «Китаб
ат-туһба аз-закйа фил лүғат ат-туркийа (XIV ғ.) т.б. сияқты
сөздіктер сол дәуірлердегі сөйлеу тілінің ескерткіштері бо-
лып саналады
40
. Қыпшақтардың ауызекі сөйлеу тілінің заттық
(сөздік) көрінісі мен грамматикалық, фонетикалық сипа-
тын Махмуд Қашғари (ХІ ғ.) сөздігі де танытады. Бұлардағы
түркі сөздеріне, олардың тақырыптық топтарына зер салсақ,
ерте дәуірлердің өзінде-ақ қыпшақ тілдерінің, оның ішінде
қазақ тілінің ауызекі сөйлеу тәжірибесінде деректі, дерексіз
ұғымдарды беретін бай лексика қоры болғанын аңғарамыз.
Достарыңызбен бөлісу: